Алматы экономика жєне статистика академиясы


Маңыздылықтың рұқсат берілген деңгейін анықтау



бет76/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   103
Байланысты:
Аудит

Маңыздылықтың рұқсат берілген деңгейін анықтау
Аудиттің халықаралық тәжірибесінде (АҚШ, Ұлыбритания және басқаларда) аудиторлық органдар маңыздылық деңгейін анықтайтын әдістемені реттеуші фирмаішілік стандартты (субъект қызметінің ерекшелігін ескере отырып) дайындайды. Бұл стандартты аудиторлық фирма басшылығы бекіте алады. Сондықтан, бұл — коммерциялық құпия.
Маңыздылық деңгейі орнатылтан базалық көрсеткіштер үлесі ретінде есептелуі мүмкін (бухгалтерлік есеп шоттары, қаржылық есептеме көрсеткіштері). Бірегей база қажеттілігі аудитті жоспарлаудың практикалық талаптары себебімен туындайды. Жоспарлау кезіндегі маңыздылықты пайдалану маңызын түсіну үшін, алдын ала пікірді аудит нәтижелерін бағалаумен салыстыру керек. Жоспарлау кезінде аудитор тексеру барысында анықталатын бұрмалаулар бухгалтерлік балансқа ғана немесе табыстар мен шығындар туралы есепке немесе оларға бірге әсер ететінін алдын ала білмейді.
Базалық көрсеткіштер белгілі бір уақыт бойында тұрақты және аз шығын жұмсалатын болуы керек. Аудиторлық тексеру материалдарын алу шығындары мен олардың пайдалылығы арасында рационалды байланыс қажет.
Казір аудиттің қазақстандық практикасында маңыздылық деңгейін анықтау әдістемесі жоқ. Аудиттің халықаралық іс-тәжірибесі практикасы бар аудиторларға маңыздылықтың нақты критерийін ұсынуға дайын емес. "Елеулілікке қатысты басшылық аудит стандартына енгізілген жалғыз ол Австралия болып табылады". Бірақ маңыздылык деңгейін анықтау әдістемесі бойынша басшылық пен жолдар бар. Мысалы, Ұлыбританияның жетекші аудиторлық фирмаларында маңыздылықтың жалпы деңгейін анықтау бойынша нұсқаулар бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет