Маңыздылық деңгейі мен аудиторлық тәуекелдік арасындағы өзара байланыс Маңыздылық пен аудиторлық тәуекелдік деңгейі арасында кері өзара байланыс бар. Маңыздылық деңгейі жоғары болған сайын, аудиторлық тәуекелдік төмен болады және керісінше. Егер, мысалы, маңыздылық деңгейі төмен болса, аудиторлық тәуекелдік өседі және аудитор, бақылау тәуекелдігі деңгейін төмендету мақсатында (бақылау рәсімдерінің жеткіліксіздігі тәуекелі) не қосымша бақылау тестерін жүргізу, не мән бойынша тексеру рәсімін өсіру арқылы бұның орнын толтыра алады. Бизнес тәуекелі осы клиентке ұсынылған аудиторлық қорытынды әділ болғанына қарамастан аудитордың клиентпен ара қатынасы сәтсіз болуы мүмкіндігінде болып отыр. Аудит практикасында аудиторлық тәуекелдігі бағалаудың екі негізгі әдісі қолданылады:
- сезгіштік;
- сандық.
Сезгіштік әдіс аудиторлар тәжірибе мен клиент бизнесін білу негізінде қаржылық есеп беру немесе шаруашылық операциялар бойынша жалпы аудиторлық тәуекелдікті жоғары, орташа, төмен деп анықтауда болады.
- төмен тәуекелдік - ішкі бақылау жүйесін аудиторлық фирма тиімді ретінде бағалаған, бірақ аудитор мүмкін қателерді табуға қажетті сәйкес процедураларды жоспарлай отырып, оған толық сенбеген жағдайда болады;
- орта тәуекелдік — ішкі бақылау жүйесін аудиторлық фирма тиімсіз деп бағалаған кезде болады және аудитор жан-жақты рәсімді жоспарлайды;
- жоғары тәуекелдік - клиенттің ішкі бақылау жүйесі жоқ кезде негізінен біртұтас тексеру жоспарланады.
Сандық әдіс аудиторлық тәуекелдік моделі негізінде есеп айырысуды көздейді. Халықаралық тәжірибеде пайдаланылатын ең кең тараған модель келесі формуламен есептеледі:
АТ=БТхБТх АТ
Мұндағы АТ - аудиторлық тәуекелдік;
БТ - бөлінбейтін тәуекелдік;
БТ - бақылау тәуекелдігі;
АТ - айқындамау тәуекелдігі.
Мысалы, аудитор бөлінбейтін тәуекелдікті 80%, бақылау тәуекелдігін 50%, айқындамау тәсілін 10% деп бағалайды. Осы шамалар негізінде аудитор аудиторлық тәуекелдіктің 4%-дық шамасын ала алады.
Айқындамау тәуекелдігі көп дәрежеде аудитор кәсіпқойлығын сипаттайтындықтан, оған аудиторлық тәуекелдік моделінен осы тәуекелдікті анықтау дұрыс болады:
АТ=АТ /БТхБТ
Аудитор аудиторлық тәуекелдікті 5%5 бөлінбес тәуекелдікті 80%, бақылау тәуекелдігін 50% деңгейлерінде қойды делік. Сонымен айқындамау тәуекелдігі 12,5%-ды құрайды.
Аудиторлық дәлелдемелердің қажетті саны айқындамау тәуекелдігі деңгейіне кері пропорционалды болады. Айқындамау тәуекелдігі төмен болған сайын, тексеру барысында аудиторлық дәлелдердің көп санын алу қажет.
Аудиторлық тәуекелдік моделін зерттеудің ең жалпы тәсілі аудиторлық тәуекелдік компоненттері мен аудиторлық тәуекелдік деңгей, қажетті аудиторлық дәлелдемелердің саны мен сапасы арасындағы өзара байланысты бақылауда болып табылады. Аудиторлық тәуекелді моделін қолдану аудитордан осы өзара байланыстар мен аудит жүргізілетін субъектіге тән қасиеттерді ескере отырып, тәуекелдік компоненттерінің әрқайсысының мазмұнын терең түсінуді талап етеді.