Басшылықгың ішкі бақылауды ұйымдастыруға жауапкершілігі Қазақстандық 24 "Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру" стандартының 6-тармағында былай делінген (өзгерістер және қосымшаларымен 11.09.2003 ж.): "Операциялар мен оқиғаларды орындау кезінде заңның орындалуы мен ұйымның бухгалтерлік есебін ұйымдастыруға басшылық жауапты болады". Ішкі бақылау жүйесінің субъект қызметі көлемі мен ерекшелігіне сай келуі, оның ретімен және тиімді жұмыс істеуі соған байланысты. Кәсіпорында басшы құрам бар, бірақ олардың мінез-құлық нормасы, жауапкершілігі мен құқығы белгіленбеген, бақылау әдістері анықталмаған жағдайда олардың қызметінің нәтижелерінде тиімділік пен әрекеттілік болмайды.
Объектіні басқару оның құрылтайшы құжаттары мен заңдарға сәйкес жүргізіледі. Субъект басқару құрылымы мен оның шығындарын өзі анықтайды. Субъектінің ұйымдық құрылымын толтыратын, өзара әрекет ететін және бір-біріне тәуелді адамдар арасында көлденең және тікелей байланыстарының кең желісі қалыптасады. Ол нақты үйлестіру мен реттеуді қажет етеді. Бұнымен алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған шешімдер қабылданылатын және орындалатын басқару жүйелі айналысады.
Мысалы, материалдық және ақша қаражаттарының біртұтастығына, олардың сақталуына, бастапқы құжаттарды жіберу, есепке алу және түгендеуге кім жауап беретінін білу үшін бүкіл кәсіпорын шеңберінде жауапкершілікті бөлуге қатысты толық анықтық қажет.
Тиімді бақылаудың алғы шарты ұйымдық құрылым болуында болып табылады. Осы құрылым қаншалықты, толық және бірлескен болса, бақылау тиімділігі соғұрлым жоғары болады. Экономикалық субъект қызметіне қатысушы әр қызметкердің жауапкершілігін орнатып, оның оқу мен аттестациясын ұйымдастыру қажет. Осының бәрі еңбек шарттарында (келісім шарттарында), персонал туралы ережелерде және т.б. көрсетілуі керек.