Алматы экономика жєне статистика академиясы


Бақылау мақсаттары мен аудиттің ж



бет81/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   103
Байланысты:
Аудит

Бақылау мақсаттары мен аудиттің жалпы мақсаттарының өзара байланысы
Бақылау мақсаты - шаруашылық қызметі көрінісінің толықтығын, дәлдігі мен заңдылығын қамтамасыз ету және бұл аудиторлық тексеру мақсаттарымен өзара байланысты. Сонымен қатар аудитор ақпаратты тіркеу мен өндеу жүйесінің қызмет етуіне көз жеткізіп, қаржылық есеп беруді дұрыс құрудың негізі болатын бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкестігін бағалауы керек. Ол ІБЖ-н негізге ала отырып, бұл жүйені зерттеп, бағалауы, сонымен бірге оның тиімді әрекет етуіне тексеру жүргізу керек.
Ішкі бақылауды бағалауды талдау кезіндегі аудитор мақсаты оған деген сенім дәрежесін орнату болып табылады. Бұл өз кезегінде тексеру әдісінің сипатын, көлемі мен уақыт бойынша ұзақтығын анықтау кезінде пайдаланылады.
Ішкі бақылау жүйесін бағалау кезіндегі аудитордың алға қойған тағы бір мақсаты - оны жетілдіру жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындау. Ресми түрде аудиторлар бұл ұсыныстарды кеңес беру қызметіне кіргізбей, аудиторлық тексеру элементі ретінде анықтайды. Ұсынылған ұсыныстарға еру керектігін клиенттің өзі шешеді. Аудиторға жағымсыз фактілерді іздеудің кажеті жоқ. Ол басшылыққа ІБЖ-інің белгілі бір элементтерінің қызмет етуі ақпараттың елеулі қателері мен бұрмалауларының тексерілген қаржылық есеп беруде пайда болуы ықтималдылығын салыстырмалы төмен деңгейге дейін төмендетпейтіндігін және бұл қателерді субъект персоналы өзінің күнделікті міндеттерін орындау барысында қажетті мерзімде таба алмайтындығын хабарлауы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет