17
нәтижесінде көрініс табады. Жер – тұтыну құны, оның құны шексіз
(құндылығы жоғары) әрі жаңа тұтыну құнын – бұрыннан құны бар
материалдық өнімнің құнын жасауға
қажетті шарт болып табылады, өйткені
өнімде қоғамдық еңбектің белгілі бір мөлшері заттандырылған. Осылайша,
жер бағасы өндіріс пен тауар алмасу процесіне
қарамастан табиғи дене
ретіндегі жердің өз атрибуты емес. Сондықтан да жердің бағасы тауар
өндірісінің қажетті құралы ретінде жекелеген жер учаскілерінің тұтыну құны
шамасын экономикалық тұрғыдан бейнелейді. Ол қажетті жерде - нашар
учаскелерде өндірілген тауарлардың
санымен салыстырғанда, жақсы
учаскелерде қосымша өндірілген тауарлардың санымен салыстырғанда жақсы
учаскелерде қосымша өндірілген тауалар құнының шамасымен тұлғаланады.
Жекелеген жер учаскелері сапаларының әртүрлі болуларына қарай өндірілген
өнімдердің жеке құны біркелкі болмайды. Ауыл шаруашылығына пайдалы
жердің ең жоғары өнім беретін аудандарының саны шектеулі.
Меншік
түрлеріне қарамастан табиғи ресурстардың монополиясы, оның ішінде
шаруашылық жүргізудің объектісі ретіндегі әртүрлі
сападағы жер
монополиясы да объективті тұрғыда болмақ.
Жер - өндіріске мәңгілік қажетті жағдай әрі ол дұрыс пайдаланылатын
болса, оның құнарлығы түсірілмейді. Тек бір мәрте пайдаланылуы ықтимал
минералдық және орман ресурстарынан айырмашылығы жер жыл сайын өнім
бере алады. Басқаша айтқанда, ауыл шаруашылығы үшін пайдаланылатын жер
сансыз жылдар ішінде жыл сайын ренте (пайда) әкеледі, ал
орман ресурсы
араға ұзақ уақыт салып барып қана, яғни ағаш көктеп, көкке бой түзеп, үлкен
ағаш болып өскенше кем дегенде жарты ғасыр уақыт керек - ағаштарды кесіп
алған соң ғана рента (пайда) әкеледі.
Жерді пайдаланудан түсетін табыс бір емес, бірнеше мәрте
түсетіндіктен экономикалық бағалауда бұл табыс пайдаланылған уақыт ішінде
осы учаскіден түскен табыстың жалпы шамасын анықтау үшін
жиынтықталуы қажет деп саналады.
Жыл сайын алынатын аз табыс
сомасының өзі қалағаныңша көп болады, яғни кез келген жер учаскесінің
бағасын шексіздікке дейін созуға болады деген мағынаны білдірмек.
Достарыңызбен бөлісу: