12
негізделген. Соңғысы – ақша түсімінің қазіргі құны жұмсалатын қаржыға
теңестіретін дисконтау коэффициентін анықтау.
Ақшаның қазіргі құндылығы – уақыт өткен сайын ақшаның
құнсыздануын есептеу, жұмсалатын қаржының (инвестицияның) пайда
әкелетін аралыққа дейінгі уақыттың бағасы. Бұл түсінік бойынша ақша іске
жұмсалу керек, іске жұмсалмаған ақша құнсызданады.
Қазіргі таза құндылық (NPV) – инвестиция шамасын есептеу әдісі.
Мұнда болашақ ақшалай түсім (пайда), ақшалай шығын (күрделі қаржы)
капиталдық қайтарымын қамтамасыз ететін
дисконт коэффициентімен
есептеледі. Егер NPV оң мағынаға ие болса, қаржы жұмсауға болады деп
есептеледі.
Дисконт коэффициенті – болашақ ақша түсімінің (шығынның) қазіргі
құндылығын есептеу үшін қолданылатын коэффициент (пайыз), ақшаның
қазіргі құндылығын бағалау белгісі.
Пайданың ішкі нормасы (JRR) – болашақ ақша түсімінің қазіргі
құндылығы жұмсалатын қаржы тең болатын жағдайға сәйкес пайда нормасы
(пайызы). Соған сәйкес дисконт ставкасы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: