8
олардың ішінен көбін бүлінуге әкелетін бақылауға еш келмейтін тізбекті
реакцияларға жол ашады;
- ландшафтардың антропогендік тұрғыдағы қайта құрылуы мен
ортаның ластануы экологиялық апаттар мен экономикалық шығындарға,
экологиялық қауіп-қатері жоғары зоналардың пайда болуына әкелетін
бақылауға еш келмейтін салдары да жоқ емес. Табиғат жауаптарының адам
табиғатына тікелей қатысы бар.
3. Адам өзінің консервативті биологиялық мәнінің және табиғаттан күн
санап өсе түскен өгейсінудің арасындағы қайшылықтардың торында
шырмалғандай күй кешуде.
Ғылым ретінде экологияның міндеті: көптеген
нақты материалдардың
бірегей теориялық платформаға өзара қатынасын барлық қырынан көрсетіп,
осы мәліметтерді бір жүйеге келтіріп, біріктіруі керек.
Ғаламшардың экологиялық мәселесін түсіну үшін, экологияның жаңа
идеологиясы мен әдіснамасын жасау үшін табиғатты пайдаланудағы
тәжірибелік істерді, экологиялық білімді дұрыс ұйымдастыра білу қажет.
Экологияның міндеттерін ғылыми іс-тәжірибелік жоспарда ауқымды түсінік
бойынша төмендегідей қалыптастыруға болады:
1) Ғаламшар табиғаты жағдайының және оның ресурстарының жан-
жақты диагностикасы, ортаның ластануы мен адамзат әрекетінен биологиялық
қорлардың алынуына себеп адамның ісінен, антропогендік қысымға қатынасы
бойынша биосфераның шыдамдылық шамасын анықтау.
2) Биосферасы ең маңызды өнім әулетінің табиғатын кешенді түрде
толығымен қалыпты өзгеруінің, сонымен қатар қоршаған ортаның аймақтық
және ғаламдық жай-күйін, аймақтың және
адамзаттың толық әлеуметтік
дамуының әр түрлі елдердің түрлі сценарийі негізінде болжауын жасау.
3)
Табиғатты күштеп бағындыру идеологиясынан алшақтау,
эксцентризм әдіснамасы мен жаңа идеологияны қалыптастыру, өнеркәсіп
өркениетіне өтуге байланысты білімді, саясатты, техниканы,
өндірісті,
экономиканы экологияландыруға бағытталған шаралар.
4) Оңтайландыру критерийлерін орындау - экологиялық өктемдік пен
анағұрлым келісімді таңдау мен қоғамның әлеуметтік-экономикалық
дамуының экологияға қарай бет түзеуі.
5) Адамзат қоғамының стратегиялық әрекетінің экономикасы мен
технологиясы, табиғат шыдамдылығы шегінің экологиясына сәйкес
шаруашылық қызметінің сипаты мен көлемін қалыптастыру ғаламдық
экологиялық дағдарысты болдырмайды.
Бақылау сұрақтары:
1) Табиғатты пайдалану экономикасы пәніне анықтама берініз.
2) Табиғи орта дегеніміз?
3) Табиғат ресурстарына тоқталыңыз.
4) Табиғатты пайдалану экономикасының міндеттері мен мәселелері.