Алматы энергетика


дәріс. Табиғатты қорғаудың әлеуметтік-экономикалық



Pdf көрінісі
бет14/26
Дата13.09.2024
өлшемі0,77 Mb.
#204231
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Байланысты:
eoiup 1

 
5 дәріс. Табиғатты қорғаудың әлеуметтік-экономикалық 
мәселелері 
Дәрістің мақсаты: табиғатты қорғау ісінің барлық деңгейіндегі 
бағдарламамен және әдістемелік тәсілдерімен таныстыру
Дәрістің мазмұны:
1) Табиғатты қорғау жұмысының тиімділігі үшін жасалатын шаралар.
2) Атмосфераны ластаушы көздер және оларды жіктеу. 
3) Атмосфераның ластануынан болатын зиянды есептеу. 


24 
 
 
5.1 Табиғатты қорғау жұмысының тиімділігі үшін жасалатын шаралар 
 
Табиғатты қорғау ісінің барлық деңгейіндегі маңызды бағыттардың бірі 
- кешенді түрде мақсатты бағдарламаны жасау болып табылады. Кез келген 
кәсіпорынның шаруашылық қызметі экологиялық жағдайдың талаптарына сай 
жұмыс істеуі керек. Осыған байланысты қоршаған ортаны қорғау мен табиғи 
ресурстарды тиімді пайдаланудың кешені бойынша бағдарлама жасалуы тиіс.
Табиғатты қорғау қорының негізгі қаржысын қалыптастыратын көздер: 
табиғи ресурстар үшін төлемдер, кәсіпорын төлемдері, мөлшерден тыс 
тастаулар мен түрлі шығарындыларға айыппұл төлемдері, сот және әкімшілік 
жолымен өндіріліп алынатын айыппұлдар, лауазымды немесе жеке азаматтар 
табиғатты қорғау заңдарын бұзғандары үшін айыппұлдар және т.б. 
Табиғатты қорғау жұмысының тиімділігі үшін мына шаралар жасалды: 
«Табиғатты қорғау қорын құру туралы уақытша типтегі ереже». Осы ережеге 
байланысты жергілікті өкімет орындарына қаржыны үйлесімді пайдалануға 
кең өкілеттілік берілген. Бұл қаржылар табиғатты қорғаудың жаңа 
техникалары мен технологиясын құруға, мониторингтің автоматты жүйесіне, 
алдын - ала сақтандыратын шараларға пайдаланылады. Табиғатты қорғау 
заңдарын бұзу салдарынан алынатын әлеуметтік - экономикалық өтемдер, 
қоршаған ортаны қорғауға тигізетін әсері бойынша бағалау жүргізілетін 
жұмыстар 
мен 
шаруашылық 
қызметінің 
жобаларына 
мемлекеттік 
экологиялық сараптаманы жергілікті деңгейде атқарады; сол аймақтың 
құрушы аумағында өндіріс қалдықтарын қолдану үшін кәсіпорындар құру; 
табиғатты қорғау шараларына кәсіпорындар алған капиталдың сыйымды банк 
несиелерінің орнын толықтай немесе жартылай жабу істерімен жергілікті 
өкімет орындары айналысады.
Қоршаған ортаның ластануының болатын экономикалық зиянды 
анықтаудың негізгі принциптері.
 
Табиғатты пайдалануды ақылы етіп шешу 
кезінде 
ұтымды 
пайдаланбаудан 
болатын 
экономикалық 
зиян 
көрсеткіштерінің орнын және рөлін анықтау қажет. Нормативті құжаттарға 
байланысты барлық кәсіпорындар қоршаған ортаға тигізген жағымсыз 
әсерлері мен зияны үшін өтем төлеп, орнын толтыруы тиіс.
Ластанудан болған экономикалық зиян деп нені есептейміз және орын 
алған ысыраптың құны немесе олардың өтемақысына қосымша шығыстары 
қандай? Халық шаруашылығы тұрғысынан алып қарағанда оның құн 
формасындағы көрсеткішіндегі зиянның ысырабы болып көрінбейді. 
Шығыстардың орнын толтыратын қосымша шығындар ғана зиян әкеледі.
Экономикалық 
зиянның 
мәнін 
толықтай 
түсіну 
үшін 
халық 
шаруашылығындағы жекелеген ысыраптарды құрайтындарды қарастырған 
жөн. Ластанудың салдарынан халықтың денсаулығына тигізген зиян таза 
өнімнің жойылуы, емдеу мен еңбек өнімділігінің төмендеуі нәтижесінде 
болатын қосымша шығынмен анықталады. Халық шаруашылығы деңгейіндегі 


25 
зиянды - ұлттық табыстың ысырабы деп есептеуге, ал салалық деңгейдегіні - 
таза өнім ысырабы, кәсіпорынның шаруашылық есеп деңгейіндегі пайданың 
ысырабын экономиканың негізгі критерийі ретінде ұсынады.
Сонымен, экономикалық зиянды анықтау бойынша бірнеше бағыт бар, 
атап айтқанда: өнім құнының ысырабы бойынша бағалау, өтемақыға орташа 
және кадастрлік бағамен қосымша шығындар бойынша, таза өнімнің 
ысырабы, ұлттық табыс пен дифференциалды рента бойынша тиісінше 
қоршаған 
ортаны 
ластаудан 
экономикалық 
зиянды 
анықтау 
тұжырымдамасының ауылы алыстау. Соның өзінде жасалған әдістемеліктер 
жоқ емес. Онда халық шаруашылығын қалыптастырудағы ысырапқа негіз 
болатын қағидалар беріледі.
Ғылыми - техникалық үдеудің қазіргі деңгейіне байланысты қоршаған 
ортаның 
экологиялық 
тазалығын, 
өнеркәсіп 
шығарындылары 
мен 
қалдықтарынан құтылуды толықтай қамтамасыз ете алмайды. Табиғат 
ортасына түскен олар халық денсаулығына жағымсыз әсер етеді. Қоршаған 
ортаның ластануын болдырмауға арналған шығындар мен ластанудың 
салдарынан төленетін өтемақылар қажетті және өндіріс процесінде төленуге 
тиісті.
Сонымен, ластанудың шығыны екі бөлімнен тұрады: табиғатты қорғау 
шараларын жүзеге асыру шығыны мен экологиялық тепе-теңдіктің 
бұзылуынан экономикалық зияны. Қазіргі кезде табиғатты қорғау шығындары 
белгіленген дәрежеде экологиялық шығындардан есептелінеді. Ондағы 
шығарылатын өнімнің өзіндік құнынан белгіленіп, баға арқылы орны 
толтырылады.
Қоршаған ортаны ластағаны үшін белгіленген төлем нормативтері мен 
бағалау критерийін таңдау бойынша өрістеп отыр. Қосарланған 
құрылымдарды ластау шығынының нәтижесінде табиғатты қорғау 
шығындары мен экономикалық зияндар критерийі болды, экологиялық 
шығын орнын толтыру көзі – пайда. Төлемдердің мөлшерлері табиғатты 
қорғау шараларының және экономикалық зиянның орнын толтыруды 
қамтамасыз етеді. Қоршаған ортаның ластану салдарынан, яғни экономикалық 
зиянның шамасына қарай экономикалық есепте тіркеледі.
«Зиянды экономикалық нормативті бағалау» мен «Нормативті 
шығарынды 
мен 
тастандылар 
үшін 
төлем» 
түсініктерінің 
енуі 
куәләндырғандай, қоршаған ортаның ластануы салдарынан бір бөліктің 
келеңсіздігін қазіргі деңгейдегі өндіруші күні өте таза технологияның 
болмауынан қашып құтыла алмайды деп мойындалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет