Алматы энергетика


 ҚР су ресурстарын қорғау шаралары және ұтымды пайдалану



Pdf көрінісі
бет13/26
Дата13.09.2024
өлшемі0,77 Mb.
#204231
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Байланысты:
eoiup 1

4.2 ҚР су ресурстарын қорғау шаралары және ұтымды пайдалану 
Су ресурстарын қорғаудың маңызды бағыттары: 
1) Су көздерін ластамау және сарқылтпай пайдалану; 
2) Суды үнемдеу шаралары; 
3) Ақба суларды тазартып қайта пайдалану; 
4) Су көздерінің экологиялық рекреациялық қасиеттерін қорғау. 
Су қорын және тазалығын сақтау шаралары құқықтық-әкімшілік, 
өндірістік-ұйымдастырушылық және экология-экономикалық шаралардан 
тұрады. Олардың қатарына су қорғау заңдарын қабылдау, әкімшілік басқару 
және бақылау, мониторинг, есептеу, су көздерін ластауды болдырмау, тазарту 
шараларын ұйымдастыру, судың экологиялық сауықтыру қызметтерін қорғау 
жатады. 
Су қорғау шараларын 4 топқа бөлуге болады: 
1) Өндіріс үрдістерін жетілдіру шаралары. 
2) Ласталған ақба суларды тазарту шаралары. 


22 
3) Су көздерінің санитарлық тазалығын қорғау, арнайы биологиялық 
өңдеулерден өткізу. 
4) Су көздеріне зиянды әсерлерді болдырмау. 
Су үнемдеу шаралары: 
1) Ауыл шаруашылығында – су ысырабын азайту, суландырудың 
жетілген технологиялары мен озық тәжірбиелерін пайдалану (жаңбырлайтын, 
түтікпен тамшылатып суғару т.б.), қайтарымды су ресурстарын пайдалану, 
ақаба және ілеспе суларды тазартып пайдалану, құрғақшылыққа төзімді 
өсімдіктер өсіру, т.б. 
2) Өнеркәсіпте – сумен жабдықтау жүйелерін жетілдіру, айналымды 
және тұйық су жүйелерін енгізу, «сусыз технологиялар» қолдану, ақба 
суларды тазартып пайдалану, т.б. 
3) Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықта су ысырабын, ластануын 
болдырмау, ауыз судан басқасын қайтарымды су ресурстарымен алмастыру, 
су шығынын қатаң есептеу және бақылау. 
Судың тазалығы оның құрамындағы ластаушы заттарға және 
органолептикалық көрсеткіштеріне (түсі, иісі, дәмі, мөлдірлігі) байланысты 
болады. Суды ластаушыларды: механикалық, физикалық, химиялық, 
биологиялық, бактериологиялық деп бөледі. 
Ластанған суларды тазартудың негізгі әдістері: механикалық, физика-
химиялық, биологиялық. Олар кешенді қолданылуы тиіс қазір тазартылған 
сулардың 2/3 механикалық, 30

биологиялық, қалғандары физика-химиялық 
әдістермен тазартылады. Бұлай болу тек шартты түрде ғана, өйткені бір судың 
өзі бірнеше әдіспен тазартылуы мүмкін. Жалпы су тазарту өте қымбатқа 
түсетін күрделі, кейбір өндіріс шығындарының 10-15

жетеді, талаптар 
күшейген сайын артып отырады. Сондықтан оңтайлы су тазарту дәрежесін 
жоспарлау керек. Ал ақба сулар келтіретін зияндар мен тазартуға жұмсалатын 
шығындар салыстырылып анықталады. 
У + З 

 min,
(4.1) 
мұнда У – келтірілетін зиян, З – жұмсалатын шығын. 
Екі шама қарама-қарсы бағытта. Тазарту дәрежесі артқан сайын шығын 
күрт артады, ал зиян кемиді, ал шығынды үнемдеу мақсатында тазарту 
дәрежесін кемітсек, зиян күрт артады. 
Су қорын қорғауды және ұтымды пайдалануды басқару үшін оның 
құндылығын анықтау қажет болады. Су ресурстары су рентасының 
шамасымен бағаланады және келесі ерекшеліктері ескеріледі: 
1) Су әмбебап пайдаланылатын ресурс, пайдалану бағыттары өте көп. 
Сондықтан су рентасы олардың негізгілері бойынша есептеледі. 
2) Су жергілікті ресурс, сондықтан әр аймақтың, әр су бассейінің 
ресурстары жеке дербес бағаланады. 
3) Су пайдаланудың ұтымды бағыттарын таңдағанда әлеуметтік, 
экологиялық, сауықтыру, рекреациялық қызметтері ескерілуі тиіс. 


23 
4) Су қорын бағалау көрсеткіштерінде тиімдер мен шығндардың (оның 
ішінде су 
қорғау шығындарының) потенциалды шамалары алынады. 
5) Көп жағдайда су рентасын нақты анықтау мүмкін болмайды, 
сондықтан шартты шамалар қолданылады. 
6) Су қорын бағалау су шаруашылық баланстарының негізінде 
жүргізіледі.Баланстар арқылы шеткі және дербес шығындар анықталады. Су 
балансында сумен қамтамасыз етудің экстенсивті және интенсивті жолдары 
толық қарастырылуы тиіс.
7) Жер бетіндегі сулар қалпына келетін ресурс деп есептеледі, бірақ 
пайдалану кезінде сапасы нашарлайды. Минералды, термалды және арасан 
сулары сарқылатын ресурсқа жатқызылады.
Соған сәйкес ұзақ мерзімдік бағалаулар болады. 
íï
t
j
E
R
P
=
немесе 
(
)

=
+
T
1
t
íï
t
E
1
R
, (4.2) 
мұнда P
j
– аймақтық (бассейн) экономикалық бағалануы; 
R
t
– жылдық су рентасы; 
E
нп
– дисконттау нормасы. 
Су пайдаланудың маңызды көрсеткштері «су көздеріндегі шығындар» 
және «қолда бар су ресурстары». 
Су көздеріндегі шығындарға су қорын зерттеуге, сапасын, көлемін 
анықтауға су қорғауға жұмсалатын, су алуға дейінгі шығындар жатады. 
Қолда бар су ресурстары бір жылда пайдалануы мүмкін барлық су 
ресурстары. 
Су 
көздеріндегі 
шығындарға 
сәйкес 
су 
тұтынушы 
кәсіпорындарды орналастыру жоспарланады. Ал су рентасымен қайсы су 
көзін пайдалану тиімді болатыны анықталады. Су көздеріндегі шығындарға 
сәйкес суға шеткі шығын анықталады. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1)
ҚР су ресурстарын айтыңыз. 
2)
Су қорғау шараларын сипаттаңыз. 
3)
Су ұтымды пайдалану шараларын айтыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет