Алматы энергетика


 Табиғат ресурстарын топқа бөлу



Pdf көрінісі
бет4/26
Дата13.09.2024
өлшемі0,77 Mb.
#204231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
eoiup 1

1.2 Табиғат ресурстарын топқа бөлу 
 
Табиғат ресурстары – адамдар пайдаланатын немесе пайдалануы мүмкін 
табиғи заттар мен күштер. Оларды адамдардың өндірістік-шаруашылық 
әрекеттерімен тікелей байланысты қарастырамыз. 
Табиғатты пайдалану экономикасында осы екі негізгі ұғым бір-бірінен 
физикалық және химиялық қасиеттерімен емес, пайдалану мүмкіншілігімен 
ерекшеленеді. 



Табиғат 
ресурстарын 
қорғауды 
және 
ұтымды 
пайдалануды
ұйымдастыру мақсатында оларды бірнеше белгілері бойынша жіктеулер 
қолданылады. 
Экономикалық қоры, өздігінен қалпына келуі тұрғысынан табиғат 
ресурстары сарқылматын және сарқылатын топтарға бөлінеді (1 сурет). 
1 сурет-Табиғат ресурстарын топқа бөлу 
Материалдық ресурстар ретінде: минералды шикізат (қазба байлық), 
жер, су, ауа, өсімдіктер, жануарлар ажыратылады. 
Пайдалану бағыттары, шаруашылық маңыздылығы бойынша: табиғат 
ресурстары жеке санаттарға, категорияларға, топтарға бөлінеді. Мысалы, 
егістік, жайылым, шабындық т.б. жерлер, орман топтары, пайдалы 
қазбалардың, геологиялық, өндірістік, баланстық қорлары, т.с.с. 
Құрамы бойынша: қарапайым және күрделі ресурстар ажыратылады. 
Бірін-біріне алмастыру мүмкіндігіне байланысты: алмастырылатын 
және алмастыруға болмайтындарға бөлінеді. 
Пайдалану уақыты бойынша: қазіргі кезде пайдаланылатын нақты қор 
және болашақта пайдаланылуы мүмкін потенциалды қор ажыратылады. 
Табиғат ресурстарын жүктеулер және сұрыптаулар оларды пайдалануды 
болжау, жоспарлау және ұйымдастыру мақсаттарында қолданылады.
Табиғат пайдаланудың негізгі ұстанымдары: 
1) Басымдылық. 
2) Әлеуметтік қажеттілікке бағыттау. 
3) Өндірісті экологиялау. 
4) Қоғамдық пайдалылығын арттыру. 
5) Ғылыми негізде пайдалану. 
6) Оңтайлылық (оптималдық). 
7) Аймақтық. 
8) Кешенділік. 
9) Төлемділік. 
Табиғат ресурстары 
Сарқылмайтын 
Сарқылатын 
Күннің қуаты, теңіз тол-
қыны, 
толысуы 
және 
қайтуы қуаты, желдің 
қуаты, жер қойнауының 
қуаты, атмос-фера ауасы, 
мұхит сулары 
Қалпына келеді 
Қалпына келмейді 
Өсімдіктер 
мен 
жан-уарлар 
дүниесі, то-пырақ 
құнарлығы
Пайдалы 
қазбалар, 
жер ауданы (тіршілік 
орта-сы ретінде) 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет