5
-
өндірісті ұтымды орналастыру мәселелерін экономикалық география
ғылымымен бірге шешеді;
-
табиғат ресурстарын өндіру және өңдеу
өндірістерін ұйымдастыру
техникалық және технология ғылымдарының жетістіктеріне сүйенеді;
-
экономика ғылымының бір саласы болғандықтан барлық экономика
ғылымдарымен тығыз байланысты дамиды;
-
табиғатты
қорғау
адамдардың
экологиялық
біліктілігіне,
мәдениетіне, сана-сезіміне тікелей байланысты. Сондықтан табиғатты
пайдалану экономикасы экология және гуманитарлық ғылымдармен
байланысты;
-
табиғат пайдаланудың түпкі мақсаты қоғамның әлеуметттік
қажеттілігін
қанағаттандыру, сондықтан бұл саламен тығыз байланыста
дамиды.
Табиғатты пайдалану экономикасы өзінің зерттеулерінде жалпы және
арнайы заңдылықтарды басшылыққа алады, жалпы және арнайы ғылыми
әдістерді пайдаланады. Олардың қатарында:
- диалектика;
- тарихи таным;
- индукция және дидукция;
- талдау және жинақтау;
- жүйелілік;
- нормалау мен мөлшерлеу;
- жіктеу және сараптау;
- экономикалық талдаулар;
- экономика-математикалық әдістер;
- статистикалық әдістер т.б.
Табиғатты пайдалану экономикасында
табиғи орта мен оның
ресурстарын қорғау және пайдалану біртұтас қарастырылады. Сөйтіп, оларды
бір табиғатты пайдалану ұғымына сыйдырамыз. Өйткені, нақты шараларды
ұйымдастыру кезінде бөліп қарастырған дұрыс.
Табиғи орта деп - өндіріске тікелей қатыстырылмайтын, бірақ оған және
тіршілікке қолайлы жағдайлар болып табылатын табиғи заттар мен табиғи
күштерді айтамыз. Мысалы, күннің сәулесі, қызуы, атмосфера ауасы,
гидросфера, литосфера, т.б. жердегі тіршілікке қажетті жағдайлар.
Достарыңызбен бөлісу: