Алматы энергетика


дәріс. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану экономикасы және



Pdf көрінісі
бет6/26
Дата13.09.2024
өлшемі0,77 Mb.
#204231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
eoiup 1

 
2 дәріс. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану экономикасы және
экономикалық бағалау теориясы 
 
Дәрістің мақсаты:
 
табиғатты пайдалануда қолданылатын көрсеткіштерге 
сипаттама беру. Табиғат ресурстарын экономикалық бағалаудың шығындық 
және ренталық әдістерімен таныстыру.

Дәрістің мазмұны:


1) Табиғатты пайдалану көрсеткіштері.
2) Табиғи ресурстарды экономикалық бағалау түрлері.
3) Табиғи ресурстарды бағалау әдістері.
2.1
Табиғатты пайдалану көрсеткіштері
Табиғатты 
пайдалану 
экономикасында 
жалпы 
және 
арнайы 
экономикалық көрсеткіштер қолданылады. Олардың негізгілері табиғатты 
қорғауға және пайдалануға жұмсалатын бір мезгілдік және ағымдағы 
шығындар, 
өндіріс 
шығындары 
мен 
тиімдері, 
абсолютті 
және 
дифференциалды рента, қоғамдық қажетті ең жоғарғы (шеткі) шығындар, 
табыс, пайда, дисконтталған таза табыс, өнімнің (қызметтің) өзіндік құны, 
бағасы және пайдасы ресурсты қалпына келтіру құны, балама құндылықтар, 
табиғи ортаға, адамдардың денсаулығына, шаруашылық салаларына 
келтірілген экономикалық, экологиялық және әлеуметтік зияндар, оларды 
болдырмауға, алдын-ала алуға жұмсалатын шығындар, өндірісті экологиялау 
шығындары, экстерналийлер, табиғатты қорғау шараларының экономикалық 
тиімділігі, т.б. 
Ағымдағы шығындар – тауар өндіруге, қызмет көрсетуге, табиғатты 
қорғауға қажетті күнделікті шығындар. 
Келтірілген шығындар – күрделі және ағымдағы шығындардың бір 
мезгілге (өлшемге) келтірілген шамасы. 
Күрделі қаржы (шығындар) бір мезгілдік шығындар өндіріске қажетті 
негізгі қорды құруға жұмсалады, ал қор ұзақ мерзімде – тозғанша жұмыс 
істейді. Ағымдағы шығындар өнімнің, жұмыстың шамасына байланысты 
қайталанып отырады. Сондықтан оларды тікелей тура қосуға болмайды. Ол 
үшін ерекше тәсіл – келтіру коэффициенті Е
н
қолданылады. Коэффициенттің 
шамасы негізгі қордың қызметі істейтін мерзіміне байланысты. Өндірісте 
әртүрлі мерзімде қызмет істейтін негізгі қорлар құрылады. Сондықтан 
келтірілген шығындар есептелгенде орташа салалық немес шартты келтіру 
коэффициенттері қолданылады. Қолданылатын келтіру коэффициентінің 
шамасы негізгі қорды жаңарту саясатына да байланысты. 
Келтірілген шығындарды анықтау формуласы: 
S = U + E
н
K,
(2.1) 


10 
мұнда S – келтірілген шығын; 
U – ағымдағы бір жылдық шығындар;
K – күрделі қаржы (өндіріске қажетті);
E
н
–келтіру коэффициентінің нормалы шамасы. 
Өнімнің (қызметтің) бір өлшеміне келтірілген шығындар: 
S
үл 
= C + E
н
K
үл
, (2.2) 
мұнда S
үл
– өнімнің бір өлшеміне келтірілген шығын;
С – өнімнің өзіндік құны (амортизация, есептелген); 
K
үл 
– өнімнің бір өлшеміне есептелген үлестік күрделі қаржы. 
Келтірілген шығындарды уақыт бойынша бір мезгілге (салыстыруға) 
келтіру үшін уақыт факторы ескеріледі (арнайы әдіспен). 
Шеткі шығындар – біраз уақытқа (жағдайға) белгіленген нақты өнімді 
өндіруге (қызмет көрсетуге) жол берілетін қоғамдық қажетті шығындар шегі. 
Дербес шығын – жеке табиғат пайдаланушылық нақты өнім өндіруге (қызмет 
көрсетуге) жұмсалатын табиғат пайдалану (қорғау) шығындары. 
Дифференциалдық рента – сапасы жақсы және орналасуы қолайлы 
табиғат ресурстарын (жағдайын) пайдаланғанда алынатын қосымша табыс, 
пайда. Рента нақты табиғат ресурсын пайдаланғанда алынатын олжа шамасын 
көрсетеді және осы ресурсты экономикалық бағалау негізі болады. 
Дифференциалдық рента шамасын бірнеше тәсілмен анықтауға болады: 
– белгіленген шеткі шығын мен дербес шығынды салыстырып: 
R = Z – S
i
,
(2.3) 
мұнда R – дифференциалдық рента; 
Z – шеткі шығын; 
S
i
– келтірілген дербес шығын. 

табиғат ресурсынан өндірілетін өнімнің бағасынан өнімнің өзіндік 
құнын нормалы пайдасымен қоса шегеріп: 
R = Ц – С + П
н
, (2.4) 
мұнда Ц – өнімнің кадастрлық, шеткі шығындар негізінде анықталған 
бағасы; 
С – өнімнің өзіндік құны; 
П
н
– нормалы пайда. 

кадастырлық баға мен өндірістік дербес бағаны салыстырып: 
R = Ц – Ц
i
, (2.5) 
мұнда Ц
i
– нақты дербес шығындармен анықталған өндірістік баға. 


11 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет