Алматы облысы Алакөл ауданы Бибақан негізгі орта мектебі



Дата26.11.2023
өлшемі21,88 Kb.
#193559
түріСабақ
Байланысты:
Тәрбие сағаты Әлем мойындағын тұлға


Алматы облысы
Алакөл ауданы
Бибақан негізгі орта мектебі
Жетымбекова С.Е
Тақырыбы: Әлем мойындаған тұлға
Сабақтың мақсаты: оқушыларды Елбасы өмірімен таныстыру, Отанға, елге, ата –анаға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, егемен мемлекетіміздің патриоттары болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: конференция сабақ.
Сабақ барысы
Мұғалім: Әр адамның жүрегінде, мейлі қай ұлт болсын, қандай дінге сыйынса да, Отан деген ұлы сөз. Отан белгілі бір аумақпен, шекарамен не қандай да заңмен сипатталмайды. Отан- рухтың бірлігі, елдің биік тұғыры, Отан «елжандылық» деген сөзбен мәндес. Осыдан 22 жыл бұрын, яғни 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің ғасырлар бойы армандаған мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Сол кездегі Тәуелсіз еліміздің алғаш қадамын басуға, жетелеуге бүкіл ел болып, Н.Ә.Назарбаевты Президентіміз деп сайладық. Тәуелсіз Қазақстанды Н.Ә.Назарбаевтың басқарып отырғанына – біз қазақстан халқы мақтаныш етеміз. Еліміздің жарқын болашағын жасауға бірден-бір жол көрсеткен – Елбасымыз. Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бұгін сіздер «Әлем мойындаған тұлға» атты Тұңғыш Президент күніне арналған конференция сабағына қатысып отырсыздар
Жүргізуші: • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты. 
Гүлнұр: 1991жылы желтоқсанның 1 - де Қазақстан халқы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.
Азамат: Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті.
Гүлнұр: «Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, 
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп, 
Жас Отанның өмірін де түсініп, 
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, 
Бір керемет жасады-ау кісілік!

Диана Бәрі


Елбасымыз саған мәңгі разымыз, 
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан, 
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Ел басқаратын азаматтардың, хандар мен бектердің қандай болмағы жайында ел тарихында шежірелер әр тарап, тараулармен шертілген. Қарахан дәуірінің өзінде Шу өңірінде өмір сүрген Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанында жақсы жазылған: «Ел басқаратын елбасы әділ, ақыл – парасатты, ой - танымы кемел, өнер - білімге жетік, сөзі майда, мінезі жұмсақ, кісі алдында кішік, сабырлы, жаудан қайтпайтын қайсар, қолы ашық жомарт, көзі мен көңілі тоқ, пендеге кек сақтамайтын, кешірімшіл, пейілі кең, дарқан мінезді болуы керек, оның міндеті халыққа құт - бақыт, дәулет әкелу, әділ заң орнату, кедей халықты бай ету, халық санын көбейту» - дейді ұлы ғұлама Баласағұн.
Балалар Елбасымыз қандай адам және қандай қасиеттері бар? Кәне,балалар, өз ойларымызды тындайық.
Сөз кезегі Кутовых Дианаға беріледі Баяндама /Елбасы/
Жүргізуші: Қай заманда, қай мемлекетте өмір сүрсек те оның тарихын сараламай болашақты болжай алмақ емеспіз. Тарихымыздың жалғасы, өміршең істеріміздің арнасы бұдан былай да жаңа астанада жалғасын таппақ.Сөз кезегі Нәбиева Аяулымға беріледі /Баяндама/ Астана
Жүргізуші: Әлия өзі шығарған өлеңін оқиды.
Келесі кезек Айтжанов Азамат /Өлеңді мәнерлеп оқу/
Буклет: Гүлнұр таныстырады
Жүргізуші: Ұлылардың мұрасы да, мұраты да, атақ даңқы да, мерейтойы да кейінгіге үлгі. «Үлгіге қарап ұрпақ өседі» деп тегін айтпаған.
Республикам азат болған құтты күн
Ғайып ерен сыйға тартқан ғажап күн
Төбем көкте, келем міне төріңде
Мен азатпын, азаматтар азатпын.
Хор:
Ән: « Қазақ елі»
Жүргізуші: Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды. Үш ғасырға жуық уақыт бойы отаршылдықтың тауқыметін тартып, этнос ретінде шалажансар халге түскен қазақ халқын ел етіп, ТМД елдерінің аясындағы ең көп тілді, көп конфессиялы Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына жазылған. Президент болу арине онай емес, ол үшін адамның бойында үлкен тіпті дара ойлар мен мақсаттар. табандылық пен шыдамдылық. сарқылмас білім. таусылмас жігер де намыста керек.- деп біздің оқушыларымыз «Президент болсам» деген тақырыпта өз ойларын эссе ретінде жазған еді. Эссе «Президент болсам...»
Қорытынды:

  1. Қазақстан Республикасының президенті кім?

  2. Елбасымыздың туған жері? (Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)

  3. Қай елде елбасымызға ескерткіш орнатылды? (Түркия қаласы, Анкара

  4. Неліктен Тұңғыш Президент күні мерекесі 1 желтоқсанда аталып отыр?
    1991 жылы 1желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет

  5. Елбасының әкесінің аты кім? Әбіш Назарбаев /1898-1971ж/

  6. Елбасының анасының аты кім? Альжан Назарбаева /1904-1977/

  7. Елбасының әжесінің аты кім? Тетебала

  8. Елбасының атын Нұрсұлтан деп кім қойды? Әжесі Тетебала

  9. Нұрсұлтан есімі қандай мағына береді ? Нұр /арабтың сәуле, тазалық. Нұр Пайғамбардың 99 есімінің бірі. Сұлтан араб тілінен аударғанда башшы деген мағынаны береді/

  10. Нұрсұлтанның қанша бауыры бар? 2-і інісі Сатыбалды 1947ж Болат 1953ж, қарындасы Анипа 1950ж

ДАТАЛАР
1997 ж. 20 қазанда Н. Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды (қ. Астана).


1962 жылы 25 тамызда отбасын құрды.
1984 жылы 22 наурызда Н.Ә.Назарбаев ең жас премьер-министр болып тағайындалды.
1989ж 22 маусымда ЦК-ның бірінші хатшысы болып тағайындалды.
1999ж 10 қаңтарда Қазақстанда алғашқы рет президент сайлауы өтті
1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Жүргізуші: Адамға ең алдымен еңбегінің жемісін көретін бейбіт күн, беймарал тіршілік, тәуелсіз ашық күн керек, осы елдің түп – тамыры мен тыныштығын қалайтын «Президент – ғасыр адамы» - Елбасымыз керек. Ауылға - жанашыр, іскер әкім керек, ал мектепке - кемеңгер, ойшыл, оқушының да ұстаздың жанын түсінетін басшы керек, дейді.
: Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар,
: Әлемде егемен Қазақстан бар,
: Оның көн ұлтты, тату ынтымақты халқы бар,
: Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар,
: Ең бастысы – бүгіннен нұрлы кемел болашағы бар,
Барлығы: Ел сенер Елбасы Президентіміз бар.
Ән «Елім менің»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет