АҢЫРАҚАЙ. Ел ішінде бұған байланысты мынадай аңыз бар:
«1723 жылы қалмақтар қазақтарды жеңіп, бұл жыл «ақтабан шұ-
бырынды, Алқакөл сұлама» атанғанымен, кейін қазақтар бірігіп, осы
жерде қалмақтарды қирата жеңген екен, «аңыратқан» екен, содан
Аңырақай аталыпты-мыс». Аңырақай топонимі түркі-монғол тілдеріне
ортақ аң//оң//онг «ашылу», «таралу» мағыналы түбіріне ыр+а (т.т.
ет. жұр.) жұрнақтары мен түркі-монғол тілдеріне ортақ -қай (с.е., з.е.
жұр.) жұрнағы қосылу арқылы жасалып, «ашық, аңырайған» деген
мағынада қолданылған. Демек, қазақ тілінде бұл түбірдің жалаң күйін-
де кездеспейтінін, тек сөзжасамдық қатардағы ортақ семантикалық
арқауын байқап, ортақ *аң түбірін жорамалдай аламыз: аңғал, аңғал-
саңғал, аңқа: аңқасы кебу, аңқай, аңқы, аңырай, аңырақай, «желі көп,
құмайт, ашық жер» т.б. [42, 126].
Достарыңызбен бөлісу: |