Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет107/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   144
АРҒАНАТЫ.  Арғанаты  атауының  бірінші  сыңарындағы  арған 
(арқан,  арға)  сөзі  «тау  қыраттары,  сілемі,  тізбегі»  деген  мағыналы  сөз 
болса,  ал  екінші  құрамындағы  -ат  қосымшасы – көне  түркі  дəуіріне 
тəн  көптік  жалғау  көрсеткіші.  Ал  атау  соңындағы  -ы  кейінгі  кездерде 
қосылған  қосымша.  Демек,  Арғанаты – «бір-бірімен  жалғасқан  тау 
тізбектері, қырат-жоталар, тау сілемдері» деген мағынаға жуық.


169
А.Əбдірахманов  атауды  былай  талдайды: “Қазақстандағы  Тар-
бағатай,  Ұлытау  жүйелеріндегі  жəне  Талдықорған  облысындағы  таулы 
шоқылардың  аты.  Атаудың  түбірі  арғана  сөзі  көне  алтай  заманындағы 
«арқар», «тау ешкі» ұғымын білдіріп, кейін монғол тілінде арғал, ал түр-
кі тілдеріне арқар түріне көшсе керек. Ал -ты жұрнағы осы заттың бар 
екенін  білдіретін  туынды  сын  есім  жасайтын  жұрнақ».  Ал  Т.Жанұзақ: 
«Бұл  тым  көне  атау,  оның  бірінші  сыңары  көне  орал-алтай,  түркі-
монғол  тілдеріне  тəн  ар  «өзен»  болса,  екінші  сыңарындағы  ған  да  сол 
көне  тіл  бірлестігіне  тəн  хан//кан//кен  «өзен», «су»  сөзінің  тіліміздегі 
фонетикалық нұсқасы екені даусыз. Ал ол атаудың үшінші сыңарындағы 
ат сол тілдердің көне көптік жалғау көрсеткіші, ал сөз соңындағы жуан 
дауысты  ы  қазақ  тіліне  тəн  тəуелдік  жалғауының  көрсеткіші.  Демек, 
Арғанаты «өзен-өзен, көп өзендер, сулар» дегенді білдірсе керек. Соған 
қарағанда  Арғанаты  тауының  сай-салаларында  ерте  замандарда  бірне-
ше өзен аққаны байқалады» - деген пікір айтады [43].
АСА.  Түркі-монғол  тілдеріндегі  аша//ача//ақа//аир  немесе  айрық 
түрлерінде келетін атау. «Бұрынғы Əулие ата уезінде Аша болысы атты 
əкімшілік  бөлім  болғаны  бар.  Аша  формасы  қазақ  топонимиясында 
біріккен  тұлғада  Екіаша,  Үшаша  түрлерінде  келсе,  монғол  топони-
миясында ақа формасы біріккен тұлғада Зунақа (“Шығыс аша”), Бару-
нақа (“Батыс аша”) түрлерінде келеді» (Е.Қойшыбаев).
АСЫ. Атау мағынасына зер салсақ, көне түркі тілінде jazi – «дала», 
«жазық», «кең  алқап»  деген  мағына  береді.  Бұған  қарағанда,  Асы  ата-
уы əуел бастағы jazi сөзінің замандар бойы тілімізде дыбыстық өзгеріске 
ұшырап,  тұлғалық  жағынан  түрленген  қалпы  деп  қарауға  болады.  Осы 
Асы  өзені  ағып  жатқан  тау  етегінің  кең,  жазық  екені  жер-су  атының 
қойылу себебін дəлелдей түскендей.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет