Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі: - теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару әдістерін жетілдіру жолдары қарастырылды, яғни;
- жоғарғы ретті теңдеу мен теңсіздіктер құрылымы тұрақты функцияларды еңгізу арқылы дәрежелері төмен екі теңдеу жүйелеріне жіктеліп оқырманға белгілі квадрат теңдеулерді шешуге келтіретін әдіс еңгізілді;
- теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің әдістері ретінде кері амалдар әдісі мен теңдеулер мен теңсіздіктерді «сығыстыра» оқыту әдістемесі еңгізіліп, олардың тиімділігі дәлелденді;
- болашақ математика мамандарын дәрежелік функциялары бар теңдеу мен теңсіздіктерді шешуге тереңдете оқытудың әдістемелік негізі жасалды.