Зерттеудің практикалық құндылығы. Теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару әдістерінің дидактикалық -әдістемелік негіздерін айқындау негізінде болашақ математика мамандарын дәрежелік функциялары бар теңдеу мен теңсіздіктерді шешуге тереңдете оқыту әдістемесі жасалынып, ол әдістемелік жүйенің оқыту үрдісіндегі тиімділігі дәлелденді.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
болашақ математика мамандарын дәрежелік функциялары бар теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің дәстүрлі емес әдістерін және оларды оқу үрдісінде қолданудың әдістемелік негіздері;
жоғарғы ретті теңдеулер мен теңсіздіктерді «сығыстыра» оқыту әдістемесі;
болашақ математика мамандарын дәрежелік функциялары бар теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуге тереңдете оқыту жүйесінің әдістемелік негіздемелері;
болашақ математика мамандарын дәрежелік функциялары бар теңдеулер мен теңсіздіктерді дәстүрлі емес әдістермен шешу жолдарын игерту әдістемесінің тиімділігін көрсететін педагогикалық эксперименттің нәтижелері.