Балаларға (3-4 жас) арналған аз қимылды ойындардың әдістемелік куәлігі
№29."Көпіршік" аз қимылды ойыны
Білім беру саласы: "денсаулық"
Бөлімі: Денешынықтыру
Мақсаты: балаларды шеңберге тұруға жаттықтыру.
Міндеттері: тепе-теңдікті сақтай отырып, балаларды шеңберді кеңейтуге және тарылтуға үйрету; дәл қозғалу дағдысын дамыту, ұжымда тату ойнай білуге үйрету; мұқияттылыққа тәрбиелеу.
Жасы:3-4 жас
Өткізілетін орны: топ бөлмесі, зал, ауладағы спорт алаңқайы.
Ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
Мұғалім балаларға шеңберге тұруды, сосын қол ұстасып өзінежақындауды, шеңберді біртіндеп тарылтып, кеңейтуді ұсынады:
Үрлене бер, көпіршік,
Үлкейе бер көпіріп.
жарылмашы тек қана,
Қалмайыншы өкініп.
№30."Асықтар" аз қимылды ойыны
Білім беру саласы: "денсаулық"
Бөлімі: Денешынықтыру
Мақсаты: екі топқа бөліп, жаттығулар жасауға жаттықтыру.
Міндеттері: тепе-теңдікі сақтай отырып, нысанаға дәл тигізуді үйрету; балалардың меңгергендіктерін дамыту, ұжымда тату ойнай білуге тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |