"Алтын кілт" бөбекжай бақшасы Қимылды ойындар жинағы "Шаңырақ" ортаңғы тобы



бет34/45
Дата07.02.2022
өлшемі53,48 Kb.
#83320
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45
Байланысты:
Қимылды ойындар ортаңғы тобы

Ойынның екінші нұсқасы
Балалар шеңбер бойымен жүріп, өлең жолдарын бірге айтады:
Айналамыз шеңберді,
Ойлантамыз сендерді.
Шешу үшін жұмбақты,
Ортамызға кел енді.
Балалар тоқтайды, ойын жүргізушісі көзін жұмады. Мұғалім балалардың біреуіне ойын жүргізушінің есімін айтуды ұсынады. Ойын жүргізушісі кім екенін тапса, келесі ойын жүргізуші сол болады.
№32."Сұр көжек" аз қимылды ойыны
Білім беру саласы: "денсаулық"
Бөлімі: Денешынықтыру
Мақсаты: балаларды ұжымда тату ойнай білуге тәрбиелеу.
Міндеттері: балаларды ұжымда тату ойнауға үйрету, еліктеу қимылдарын жасай білу дағдысын дамыту, бөлмеде немесе алаңқайда бағдарлауды үйрету.
Жасы:3-4 жас
Өткізілетін орны: топ бөлмесі, зал, ауладағы спорт алаңқайы.
Құрал-жабдықтар: Балалардың санына қарай қоян қалпақтары.
Ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
Мұғалім балаларға шеңберде тұрып, көжектерге айналуды ұсынады.

Отыр мында бір қоян,


Өзі қорқақ , сұр қоян.
Құлақтарын былайша,
Қимылдатып тұр қоян. (саусақтарымен қоянның құлақтарын келтіреді)

Құлақтарын былайша,


Қимылдатып тұр қоян. (саусақтарымен қоянның құлақтарын келтіреді)
Қоян біраз тынықты,
Сосын қайта шынықты.
Табандарын ысқылап,
Былай,былай жылытты. (алақандарын ысқылайды)

Табандарын ысқылап,
Былай,былай жылытты. (алақандарын ысқылайды)

Тоңбауға ол бекінді,


Былай, былай секірді.
Естіп әлсіз тықырды,
Тал артына тығылды. (орындарына отырады).
(Г.Абдрахимова).

Егер ойын ұнаса, қайталайды.


33."Маймылдар" аз қимылды ойыны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет