"Алтын кілт" бөбекжай бақшасы Қимылды ойындар жинағы "Шаңырақ" ортаңғы тобы



бет41/45
Дата07.02.2022
өлшемі53,48 Kb.
#83320
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Қимылды ойындар ортаңғы тобы

"Барды, барды, тауып алды"
-Балалар әтешті тауып алды.
Қолдарын сәл артқа ұстап (қанат секілді), "Ку-ка-ре-ку-у-у" деп, әтештің дыбысын салады.Ән айтып болған соң қолдарын жамбастарына шапалақтайды және тізелерін жоғары көтеріп, әр жаққа жүре бастайды. Қозғалыс кезінде "қоқ-қоқ-қоқ" деген дыбысьтар шығарады.
-Балалар үйректі тауып алды.
Қолдарын сәл артқа ұстап, қозғалып жүріп, "го-го-го" дейді. Үйректер шоқи алады.Балалар мойындарын алға созады да "ш-ш-ш" деп "шоқиды". Қалай "шоқитындарын" көрсетіп, енді бірін-бірі "шоқиды". Баладар итке барып ( кез келген ойыншыққа), "га-га-га"... дейді де, тоқтап "шоқи" бастайды, ит қорқып, олардан тығылып қалады.
16."Шар жарылды"
Жартылай жұмылған алақандарын бір-біріне жақындатып, еріндерінің тұсында ұстайды. Балалар оны кішкентай шар деп елестетіп, оған "ш-ш-ш" деп үрлеп, бір мезгілде қолдарын екі шетке жаяды. шарды үлкен етіп үрлейді, ол "тарс" етіп жарылады. Балалар алақандарын шапалақтайды.
17."Пойызбен келеміз"
Балалар бірінің артынан бірі тұрады, бір қолдарымен ұзын таяқтан ұстайды. Қолдарын алға , артқа кезектестіре бұлғап, "пш-пш-пш","ду-ду-ду-у-у..." деген дыбыс шығарады. Мұғалім таяқты ұстап, жаттығуды жасап көрсетіп, алда жүреді.
18."Масалар ұшып келді"
Құрсауға немесе таяқшаға байланған әртүрлі ұзындықтағы жіптің ұшына жұқа материалдан жасалған "масалар" бекітілген . БАлалар ұшып жүрген "масалардың" артынан жылдам жүріп немесе жүгіріп, "пи-и-и-и", "з-з-з" деген дыбыс шығарады.
19."Айналмаққа (вертушка) үрле"
Балалар қолдарына айналмақты ұстайды. Мұғалім ойыншықты айналатындай етіп үрлеуді ұсынады. Қатты үрлесе, ойыншықтың қатты айналатынына назарларын аудару керек.
20"Көпіршікті үрлейміз"
Әр балаға бір стакан су мен коктейлге арналған түтікше береді. Балаларға түтікшені стақандағы суға салып, суда көпіршіктер пайда болатындай етір қаьтты үрлеуді ұсынады. Балалардың түтікшемен суды сорып алмауын қадағалау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет