Алтын Орда хандары



бет2/14
Дата24.08.2020
өлшемі52,21 Kb.
#76698
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Алтын Орда


Пайдаланылған әдебиеттер



1. Д.Кiшiбеков «Алтын Орданы құрған Бату едi»

«Егемен Қазақстан» 26 ақпан 2003ж.

2. Қ.Салғараұлы «Хандар кестесi» А-1992, 35-бет.

3. Әбiлғазы «Түрiк шежiресi» А-1992, 120-бет.

4. Осы тiзiмдегi 1-шi жазылған материал

5. М.Абсеметов «Таможенное дело Казахстана»

А-2001, стр 26-33

6. Н.Қазыбеков «Алтын Орданыңқұрылуынан құлауына

дейiн» А-1998ж 15-22 беттер

7. Г.А. Федоров – Давыдов «Общественный строй Золотой

Орды» Москва-1973г. Стр 70.



Берке хан

(1257-1266)
Қ.Салғараұлы жазуында Берке Алтын Орда тағында 1257-1267 жылдарда отырды делiнедi. Ол–Жошыныңүшiншi ұлы,Алтын Орда мемлекетi тарихында үлкен орны бар хан.

Берке ханның Береке, Бөрге оғлан деп те аталғаны туралы Шәкәрімнің шежiресiнде жазылған.

Салих Закиров Бартольдтiң, ТизенгаузеннiңӘбiлғазының еңбектерiне сiлтеме жасай отырып, Берке хан туралы төмендегi мәлiметтердi келтiредi:

Жошы ұлысы Беркенiң тұсында Ұлы монғол хағандығынан тәуелсiз өз алдына сыртқы саясат жүргiзетiн мемлекетке айналды. Бату өз заманында Ұлы моңғол хағандығында қанша беделдi болды десек те, Алтын Орда ұлы империяның бiр бөлiгi ретiнде есептелетiн. Шетелдiң елшi өкiлдерiн Бату мiндеттi түрде Ұлы хағанға аттандырып отыратын. Берке жас кезiнiңөзiнде билiк алдында белгiлi беделге ие болған едi. Менгу ханды Ұлы монғол хағандығы тағына отырғызар кезде Бату таңдаулы әскер тобын осы Берке iнiсiне басқартқан.

ХУII ғасырдағы тарихшы Әбiлғазы жазбасында Берке хан мұсылмандықты Жiбек Жолы керуенiмен келген дiндар адамдардан Сарайшыққаласында қабылдаған делiнедi. Ал Ибн-Халдунның мәлiметiнде Берке Құран кiтабымен Ходжент қаласы имамдары арқылы танысып, Бұхарадағы мұсылман ғалымдарымен сан рет пiкiрлескеннен кейiн исламды қабылдаған делiнедi.

Беркенiң 30 мың мұсылманнан тұратын армиясы болғандығы, олардың барлығы шариғат талаптарын толықтай орындағандығы, жұма намазына үзбей қатысып, жайнамаздарын үнемi өздерiмен бiрге алып жүргендiгi, сарбаздарының шарапты татпағандығы айтылады тарихи деректерде.

Беркенiң хан сарайында бай кiтапхана болғандығы, онда мұсылман ғалымдары жиi-жиi бас қосып, құран қадистерi, шариғат мәселелерiмен пiкiрталастар өткiзiлiп тұратындығы туралы хабар сонау түстiкте жатқан Үндi елiндегi тарихшы Джүзджаниге дейiн жеткен.

Ан-Нувайри Беркенiң Шыңғысхан ұрпағы iшiнен алғашқы болып исламды қабылдағанын, мұсылмандық сенiмнiң шамшырағындай боп, өз елiнде мешiттер мен медреселер салдырып, дiндар адамдарға үлкен құрмет көрсеткенiн жазады. Берке ханның исламды қабылдауы (ол исламды хан тағына отырмастан бұрын қабылдаған) Алтын Орда мемлекетiнiң сыртқы саясаты тарихында үлкен маңыз алады. Алтын Орда мемлекетi оңтүстiктегi мұсылман елдерi, Орта және таяу Шығыс елдерi алдында үлкен беделге ие болды.

Мұсылман елдерi үшiн Алтын Орда сияқты iрi мемлекет басшысының ислам дiнiн қабылдауы қуатты одақтастың пайда болуы ретiнде қабылданды.

Сол кезеңде Мекке, Мәдина, Каир және Иерусалим қалаларындағы оқылған жұма намаздарында өз елдерiнiң сұлтандары аттарынан кейiн Берке хан есiмi аталып, халық атынан алғыс айтылып, Жаратушыдан оларға имандылық, ұзақ ғұмыр, терең ақыл-парасат тiлеп отырылған.

Ал-Муфаддал суреттеуiнде «Берке – сирек сақалды, жалпақ беттi сары адам. Шашы екi құлақтың артына тарап қойылған, бiр құлағында сегiз қырлы қымбат таспен әшекейленген алтын сырға. Үстiнде жiбек шекпен, басында қалпақ, бұлғарлық жасыл былғарыдан жасалған алтындаған белбеуi қымбат тастармен әшекейленген. Аяғында қызыл шегiрен былғарыдан тiгiлген кебiс…» 1*

Иран мен Иракты жаулап алу кезiнде Хұлағу әскерiнiң iшiнде Берке жiберген Алтын Орда әскерлерi де болған-ды. Алайда соғыста қолға түскен олжаға Хұлағудың сараңдық жасауы, Әзiрбайжан территориясы жөнiндегi келiспеушiлiк, оның үстiне орта ғасырлық мәдениеттiң ошағы саналған Бағдат қаласын әскерiне аяусыз ойрандатып, оның халифы ал-Мустағасимды өлтiруi (бұның өзi Хұлағуға сол кезгi мұсылман әлемiнiң өшпендiлiгiн туғызған) әрекеттерi үшiн, туысқандығына қарамастан Берке оны дұшпаны санады.

Алтын Орданың Египет елiмен дипломатиялық қатынасы ХIII ғасырдың 60 жылдарының басынан басталады.

Египет сұлтаны ал-Малик аз-Захир Байбарыс (бұл моңғолдар шапқыншылығы кезiнде қыпшақ даласынан Мысыр елiне құл ретiнде сатылып кетiп, онда хан тағына көтерiлетiн Бейбарыс)

Берке ханға алғашқы хатын 1260-1261 жылдар шамасында Алтын Орда арқылы өтетiн керуендегi алан купецтерi құрамындағы сенiмдi адамынан берiп жiберген. Осыдан бастап Алтын Орданың Мысыр елiмен дипломатиялық достық қатынасы ұзақ уақыт бойы үзiлмеген.

Мемлекеттердiң бейбiт қатар өмiр сүруiнiң, достықтың, айнымас одақтастықтың кепiлi ретiнде хандар өзара қыз алысып, қыз берiскен. Осы дәстүр бойынша Алтын Орда ханы Берке Египет сұлтаны Бейбарысқа қызын бергенi көпшiлiкке тарихтан белгiлi. Бұл некеден Бейбарыстың мирасқоры Саид-хан Мұхаммед туады. Бұл ұлды оның нағашысы құрметiне Насираддин Берке хан деп те атаған. 2*

Хұлағу бастаған құмырсқадай қаптаған моңғол әскерiнiң бетiн қайтаруда Бейбарыс бастаған мамлюк әскерiнiң жанқиярлық ерлiгi, кең көлемдi ұйымдастырушылық қызметiмен қоса (ол моңғолдар жақындағанда Сирияның терiстiк аудандарындағы әйелдер мен балаларды елдiң iшiне көшiртiп, босаған аудандардағы мал жеуге жарарлық шөптердi түгелдей өртету арқылы Хұлағу атты әскерiнiң көлiктерiн бiрнеше күндер бойына жемшөпсiз қалуына мәжiбүрледi) қажет кезiнде Беркенiң көмек қолын созуының үлкен маңызы болды. 3*

Берке мен Хұлағу арасындағы (туысқандар арасындағы) бiтiспес араздықты Н.Қазыбек өзiнiң «Алтын Орданың құрылуынан құлауына дейiн» кiтабында төмендегiше түсiндiредi:

Оңтүстiкте мұсылман елдерiнде ойран салған Хұлағудың және Беркенiң әкелерi бiр туған. Хұлағу Төленiң ұлы да, Берке Жошының ұлы. Ал Жошы мен Төленiң Шыңғыс хан балалары екенiн бiлемiз.

Шыңғыс хан балалары iшiнде исламды алғаш қабылдаған Берке болатын.

Мұсылмандықты Беркеге iлесiп әйелi Шешек, бiрге туған iнiсi Тоқайтемiр, өзге де ұлықтары мен қарауындағылар қабылдаған. Тарихшы Әбiлғазының жазбаларындағы мәлiметтерде Берке мұсылман болғаннан кейiн, Бағдадтағы Ғабаси Мұстағасiм халифаға достық келiсiмiн бердi және әрқашан хат жазысып тұрды делiнедi.

Мiне осы тұста Хұлағу Бағдадқа шабуыл жасап, Ирак елiн, қаланы талқандап, халифты өлтiрiп, жазықсыз қан төктi. Жазықсыз қан төгiлмеу жөнiндегi Беркенiң мұсылмандық ұстанымына өз туысқаны тарапынан нұқсан келдi, шаһит кеткен Бағдад халифы Ғабаси Мұстағасiм алдында өзiн күнәлi сезiндi.

Ендi ол Хұлағудан кек алудың жолын iздейдi.

Мысырға жорыққа дайындалып жатқан Хұлағудың, Мөңке хағанның қайтыс болғанын есiтiп, Қарақорымға кетуiне тура келедi.

Мөңке хаған қайтыс болған соң, Ұлы хаған тағына Құбылай мен Арық-Бұға арасында талас басталды. Осы кездi пайдаланған Берке, Хұлағудың Қарақорымда жүрген кезiнде, оның оңтүстiкте қалған қолын Мысыр әскерiнiң түгел қырып салуына жағдай жасайды.

Хұлағу мен Берке арасы одан әрi шиеленiсе түстi. 1261 жылы Берке мен Хұлағу әскерлерi Кавказда Ширван жанында кескiлескен ұрысқа кiрiстi. Қосымша күшпен Берке ханның өзiнiң келуi ұзаққа созылған ұрыс тағдырын шешедi. Хұлағу хан әскерi осы соғыста түгелге жуық жойылады.

Жоғарғы баяндалған кедергiлер болмағанда, Хұлағу хан Мысыр мемлекетiн, бүкiл ислам әлемiн бағындыруы шүбәсiз едi. Сөйтiп, ислам әлемi Берке ханның көмегiмен моңғол шапқыншылығынан аман қалды.

Бiрнеше жылдарға созылған бұл соғыста Алтын Орданың атақты әскери қолбасшысы Ноғайдың ерекше орны болғандығы өзалдына бөлек әңгiме.

Берке орыс княздерiмен өзiнен бұрынғы Бату хан саясатын одан әрi жалғастырды. Өзге орыс княздiктерi сияқты Новгород княздiгi де 1259 жылы бейбiт жолмен Алтын Ордаға бағыныштылығын мойындады.

Берке хан ислам дiнiне әрқашан көңiл бөлiп отырды. Ол шешiмдi, ақылды да әдiл хан болды. Адамдардың қанын жазықсыз төгуге қарсы болды. Құран кәрiмдi, шариғатты барымен қорғады. Ғалымдарды, ақындарды, өнер адамдарын құрметтеп, оларға ерекше қамқорлық жасады. Насыралдин, Әбуғали сияқты дiни ғұламаларды жоғары бағалады.

Ислам ғалымдары даңқтыларының бiрiнен саналатын Әбу әл-Иржаһ ибн-Махмуд әз-Заһд ислам дiнiнiң құқықтарын дәлелдейтiн кiтабын 1260 жылы бiтiрiп, Берке ханға сыйға тартады. 4*

Беркенiң туған жылы туралы Н.Қазыбектiң 1209 жыл дегенiнен өзге дерек жоқ:

Оның қайтыс болған 1266 жыл жөнiнде Н.Қазыбек пен С.Закировтың деректерi сәйкескенмен Қ.Салғара ұлы «Хандар кестесiнде» 1267 жыл деп көрсетедi. 5*

Ол Алтын Орда хандары туралы деректердi Манчестер университетiнiң профессоры, «Мұсылмандар әулетi» кiтабының авторы К.Э. Босворттан алғандығын жазыпты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет