Өзбек хан мәрт мiнездi, ақылды адам болды. Ол қарауындағы халықты әдiлеттi басқарды. Оның кезiнде мемлекет «Өзбек елi» деген атпен даңқын асырды. Мауренахр халқы, Ферғана, Бұқара, жалпы Дештi Қыпшақ түрiктерi Өзбек хан есiмiне байланысты кейiн өзбек аталатын қауымға айналды.