- ҚОРЫТЫНДЫ
- Қорыта айтқанда, Қазақ хандығы дәуірінде жыраулар поэзиясының басты тақырыбы – халықтың топтасқандығы мен бірлігі және әскери күш-қуатын нығайту мәселелері болды. Сондай-ақ, жыраулар шығармаларында әміршіге тікелей арнау да, мадақ өлеңдер де, болмыс туралы философиялық толғаныстар да, ізгілік пен зұлымдық, жақсы мен жаман, достық пен дұшпандық туралы толғаулар молынан.
- Ноғайлы дәуірінде шырқау шыңға жеткен жыршылық мектеп түркі-қыпшақ нәсілінің бұған дейін де мыңдаған жылдық тарихы бар төл өнері болса керек. Қазақ ертегілеріне көз салсақ, қанатты, жеті басты айдаһарлар, жалғыз көзді дәу, жылан адамдар кезеңін сөз ететін, динозавр дәуіріне меңзейтін
- туындылар көп. Мысалға Ертөстікті алалық, “Жылан Бапы патшалығы” дегеніміз – б.д.д. VІІІ-VІІ ғасырлардағы Қара теңіз скифтерінің сенім-наным, тарихи аңыздарының жыр жолдарына көшірілген жаңғырығы емес пе? Ал “Керқұла атты Кендебайдағы” жеті басты аждаһа қай, ұранқай, кердері тайпалары, болмаса аждаһаны кие тұтқан қытайлармен шайқастың сәулеленуі емес пе? Ежелгі эпостарымыздың бірі – “Оғыз-наме”. Жыл санауымызға дейінгі XІІ-ІX ғасыр аралығында Қанғайдан Арапат тауы аралығында бұқаны тотем тұтқан қауым жасады. Тотем қағидасы бойынша кие есімі құпия сақталып, қосалқы атпен аталады. Өгіз, Оғыз атауы осылай пайда болса керек. Ал бізге жеткен “Оғыз-наме” X ғасырлар шамасында хатқа түскен.
- Жыраулар өз туындыларын, толғауларын кейінгі ұрпақтарына мәңгілік мұра етіп қалдыру жолында көркемдігі жоғары поэзия тілімен, таптырмас теңеулер, жарқын метафоралар, синтаксистік және психологиялық параллельдер арқылы баяндаған.
Достарыңызбен бөлісу: |