Алтын орданың ыдырауы. Оның Қазақ жыраулар поэзиясындағы көрінісі


АЛТЫН ОРДАНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ЫДЫРАУ ТАРИХЫ



бет2/10
Дата08.05.2024
өлшемі90,98 Kb.
#201871
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
АЛТЫН ОРДАНЫҢ ЫДЫРАУЫ
2- ЛЕКЦИЯ, 4-5-ТАҚЫРЫП роза, Қазақ әдебиеті тарихы 2-курс сессия, Балтабаева Альбина Алтын Орда ыдырауы

АЛТЫН ОРДАНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ЫДЫРАУ ТАРИХЫ

  • Алтын Орда дәуірінде бай әдебиет жасалды. Бұған Құтб, Хорезми, Сайф Сараи, Әли, Сиди Ахмед, Хұсам Хатиб сияқты ақын-жазушылар, Абу Хайан, Ибн Муханна сияқты ғалымдар ат салысқан. Алтын Орда дәуірінде пайда болған жазба мұралардың көпшілігі жоғалып кетті. Алтын Орда дәуірінен біздің заманымызға келіп жеткен жазба нұсқалардың бастылары мыналар: “Мұхаббатнама” дастаны, 1353 ж. жазылған “Мұхаббатнамада” мәснауи (әр екі жолы өзінше ұйқасатын өлең формасы), ғазел (алғашқы екі жолы ғана ұйқасып, әрі қарай ақсақ ұйқас болып кететін өлең) түрінде келіп отырады. Осы тәртіп аталмыш дастанда да сақталған. Кітаптың соңында мінажат (аллаға жалбарыну), қыта (филос.түйін), шағын әңгіме берілген.

АЛТЫН ОРДАНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ЫДЫРАУ ТАРИХЫ

  • Низамидің “Хұсрау мен Шырыны” 130 тараудан тұрса, Құтбтың аудармасы — 90 тарау. Осыған сәйкес Низамидегі 7000 бәйіт орнына Құтбта 4700 бәйіт болып шыққан. Құтб ақын Низамидің композициясы мен сюжетін сақтай отырып, өз халқының түсінігі мен дәстүріне лайықтап, еркін аударма жасаған. “Гүлистан би-түрки” (“Гүлстан”) — Шығыстың көрнекті ақыны Сағдидің қаламынан туған дастан. Мұны, Мысыр ғұламаларының өтініші бойынша Алтын Орда ақыны Сайф Сараи 1391 ж. парсы тілінен түркі тіліне аударады. Осы аударманың біздің заманымызға келіп жеткен жалғыз көшірмесінің көлемі 371 бет. Әр бетте 13 жолдан жазу бар.

АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИ МҰРАЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

  • Сөз өнерінің көрнекті туындылары халықтың мыңдаған жылдар кезеңдерінде қалыптасқан дүниетаным болмысын танытады. Рухани мәдениет қазынасы арқылы халықтың өркениеттер жүйесіндегі көрнекті тұлғасы айқындалады. Қазақстанның жаңа тарихындағы ұрпақтардың ұлттық және жалпы адамзаттық рухани құндылықтарды игеруі мемлекетіміздің басты мұраты болып отыр. Қазақ әдебиетінің қалыптасуы, даму тарихында түркі өркениеті және ислам діні мәдениеті ықпалдаса, тоғыса дамыған кезеңдер ұлттық сөз өнерінің кейінгі дамуына берік негіз болды. Ислам діні кең тараған Қарахан мемлекеті (X-XІІІ ғ.ғ.) және Алтын Орда-Қыпшақ (XІІІ-XІV ғ.ғ.) дәуірлеріндегі әдеби мұралар қазіргі заманғы көзқарастарға сай жаңаша бағалауды қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет