Есім Байболов Сыпыраның Кавказ жұрты арасында сақталған біраз өлеңін жиып-теріп жария етті. Сыпыра Қобыландыны біліп қана қоймай, өлгенін де көрген. Ел бүлініп, ат тұяғынан шаң бораған жаугершілікте Қобыландының жоғынан “жауды жайпай алмайтынына” өкініш білдіреді. Ал - Есім Байболов Сыпыраның Кавказ жұрты арасында сақталған біраз өлеңін жиып-теріп жария етті. Сыпыра Қобыландыны біліп қана қоймай, өлгенін де көрген. Ел бүлініп, ат тұяғынан шаң бораған жаугершілікте Қобыландының жоғынан “жауды жайпай алмайтынына” өкініш білдіреді. Ал
- бұл толғау 1391 жылы Дешті Қыпшақ арқылы Ақсақ Темір жорыққа шыққанда, Тоқтамыс Сарайды тастап, Дон даласына қашпақ болған, сонда ел жақсылары Сыпыраны алып келіп, тоқтау айтқызып, Тоқтамысты сабасына түсіріп, Ақсақ Темірге қарсы шығуға көндірген.
- Өлең жолдарында Саназар батырдың жаудан жаралы боп келгені ауызға алынады. Кетіктен 35 шақырым жерде Саназар әулиенің моласы жатыр. Ыбырай ахун Құлбайұлы да білімімен Сырымды тоқтатқан атақты бай Саназарды еске алады .Өлкетанушылар бұл есім иелерін XVІІІ ғ. тумалары деп біледі. Ал Сыпыраның Саназары болса XІV ғасырдың ел қорғаны болған атақты батыр. Ол басқа емес, төртқара Айтұлы Саназар батыр болса керек. 2004 жылы “Жазушы” баспасынан Есенбай Дүйсенбайұлының құрастыруымен жарық көрген “Жеті ғасыр жырлайды” жасағанда “Тағай бидің аты аталады.Орыс хан Маңғыстау өлкесінің қожасы Тойқожаны өлтіріп, Тоқтамысты қуған соң, бұл иелікті Көгедай (Наравчатов билеушісі) тоқа-темір Тағайға сыйлаған еді. Орыс жылнамасынан кейін Тағай есімі Сыпыра шығармасында ұшырасады. Өзгелерге беймәлім Маңғыстау билеушісі Тағайды ауызға алуынан Сыпыраның өзі де Маңғыстау түлегі екенін аңдау қиын емес.
Енді “Қырық батыр” немесе “Ноғайлы жырларының” сақталып, бүгінге жету сырларына тоқталық. Ғажабы сол – “Қырық батыр” топтамасына енген Ноғайлы жырларын сақтаған негізінен адай жыршылары. Мұрын “Алатайлы Аңшыбай ұрпақтары”, “Қарадөң ұрпақтары” және “Құлыншақ”, “Ақжонасұлы Ер Кеңес”, “Жаңбыршы”, “Телағыс”, “Оғыз батырларды” Нұрым Шыршықұлынан, “Қыдырбай ұрпағы Қобыланды”, “Шынтасұлы Төрехан”, “Әмет батыр”, “Алау батыр”, “Ер Көкше”, “Ер Қосай”, “Асан Қайғы”, “Абат батыр”, “Тоған батыр”, “Манашы батыр”, “Тұяқбай батыр”, “Айсаұлы Ахмет”, - Енді “Қырық батыр” немесе “Ноғайлы жырларының” сақталып, бүгінге жету сырларына тоқталық. Ғажабы сол – “Қырық батыр” топтамасына енген Ноғайлы жырларын сақтаған негізінен адай жыршылары. Мұрын “Алатайлы Аңшыбай ұрпақтары”, “Қарадөң ұрпақтары” және “Құлыншақ”, “Ақжонасұлы Ер Кеңес”, “Жаңбыршы”, “Телағыс”, “Оғыз батырларды” Нұрым Шыршықұлынан, “Қыдырбай ұрпағы Қобыланды”, “Шынтасұлы Төрехан”, “Әмет батыр”, “Алау батыр”, “Ер Көкше”, “Ер Қосай”, “Асан Қайғы”, “Абат батыр”, “Тоған батыр”, “Манашы батыр”, “Тұяқбай батыр”, “Айсаұлы Ахмет”,
Достарыңызбен бөлісу: |