Алтын орданың ыдырауы. Оның Қазақ жыраулар поэзиясындағы көрінісі



бет9/10
Дата08.05.2024
өлшемі90,98 Kb.
#201871
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
АЛТЫН ОРДАНЫҢ ЫДЫРАУЫ

 

  • “Қарғабойлы Қазтуған”, “Көрұғлыны” Қашағаннан үйрендім деген. Бұлар Сыпыра жырау мектебін жалғастырушылар еді.
  • Ал Қобдадағы Қобыланды қонысы Байтақ қаласына бір табан жақын Кете жырау­лар мектебі Үкі жыраудан басталып, Жаскілең, Бітегенмен жалғасып, Нұрпейіс Байғанинге жетеді. “Қобыланды батыр” жырының Нұрпейіс жырлаған ғажап нұс­қасын тудырушылар осылар. Орал айма­ғын­дағы Жиенбай жырау мектебінің өкіл­дері Сүгір, Қубала, Марабай, Көше­лектер де “Ер Тарғын”, “Қыз Жібек”, Ноғайлы жырауларының мұраларын жеткізді. Мұ­ның сыртында Есет Қараұлы, Махамбет, Шынияз, Мұрат, Ығылман жыраулардың ноғайлы жырларының таралуына қосқан үлестері ұшан-теңіз.
  • Асан Қайғының Ноғайлыға жайлы қоныс іздеп, желмаямен жер

    • Асан Қайғының Ноғайлыға жайлы қоныс іздеп, желмаямен жер
    • шолып, өз көзімен көрген қоныс-мекендерге маңызы әлі күнге дейін өшпеген баға бергені, сол сөздері арқылы дала философы атанғаны көпшілікке мәлім.
    • Мұрын жыраудың хикаялауынша: Асан Қайғы балықшылардың ауына ілінген сандықша ішінен шыққан перінің қызына үйленеді. Ол үш талап қояды: “жатқанда етімді сипама”, “жолға шығып тұрып, қайтып келіп үйдің жабығынан сығалама”, “үш жылға дейін сөйлемеймін, сөйлемей­тінімді ешкімге тісіңнен шығарма”. Асан Қайғы ол талаптарды орындамайды, перінің қызы “ішімде бес айлық балаң бар, Мысырға туып кетермін” дейді де ұшып жөнеледі. Бұл әңгімелер Едігенің түпкі атасы Баба түкті Шашты Әзиздің бастан кешкен ғажайыбына айна қатесіз ұқсас.
    • Әлгі қатынының күйігінен Асан Қай­ғы желмаяға мініп, жеті жыл жер шолады. Асан Қайғының Ноғайлыға жайлы қоныс іздеуін Мұрын жырау осылай түсіндіреді. Ғалым М.Жармұхамедов Асан Қайғының әкесі Сәбит саятшы туралы деректер келті­реді. Сәбит құстың сұңқарын, иттің сырт­танын, аттың жүйрігін, мылтықтың түзуін ұстап, өмірін Бұлғар тауында аңшылықпен өткізген сері адам екен.

    НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІНІҢ БАСТАУ АЛУЫ

    • НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІНІҢ БАСТАУ АЛУЫ
    • Шоқан Уәлиханов Ноғайлы дәуірін “қазақтың алтын ғасыры” деп бағалаған. Ескілікті ақын-жыраулардың ноғайлыға соқпай өткені жоқ. Оны барынша ұлықтап, көтере дәріптеп жырлаған. Алайда, қазақ ұлысының бір бөлігі Ноғайлы Ордасы туралы түсінігіміз шектеулі боп келді. Осы ақтаңдақты игеру ниетімен “Ноғайлы” атты көлемді еңбек жазып бітірдім.
    • Ноғайлы Алтын Орда ыдыраған кезде оның өзекті жұрты, ұйытқы тобы, орта­лық астанасы төңірегінде ірге көтерген жаңа мемлекеттік құрылым ретіне оның саяси мұрагері болмағанмен, рухани мұрагері болғанының басы ашық.
    • Алтын Орда империясында тәңірлік, шамандық, будда, мани, христиан, мұ­сылман діндері бірге қатар тұтылып, ми­дай араласты. Қазіргі көкжиек кеңейген өркениетті заманда осынау діни үрдіс­тердің айдай әлемде басын біріктіре алмай жүргенде, оның бір ғана мемлекет көле­мінде қайшылыққа келмей, төзімділікпен ауызбіршілікте қоян-қолтық өмір сүру феноменін терең зерттеген ешкім жоқ. Алтын Орда бір адамның ғана аузына қараған деспоттық мемлекет болғанымен, онда ұлтына, дініне қарай бөлу болмады, жекебастық қабілет, тұлғалық қасиет басты өлшемдердің бірі болды.
    • Алтын Орданың мұсылмандыққа бет бұруы елеулі уақиға еді. Бұл қадамды алғаш жүзеге асырған Берке (1257-1266). Ол 1263 жылы исламды қабылдап, туыс­қаны ирандық Хулагуге қарсы Мысыр сұл­таны Бейбарыспен бітім жасады. Алтын Орда исламды мемлекеттің ресми діні деп жариялағанмен, ол бірден бел алып, біржола орныға қоймаған сияқты. Өзбек хан кезінде (1312-1340) мұсылман діні әлі де әрі-сәрі халде еді. Осы жағдайды Өтеміс қажы жазбалары айқын суреттейді.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет