Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты – І.Есенберлиннің “Көшпенділер” романындағы жылқы түлігіне байланысты тіл деректерін жинақтап, бір жүйеге түсіру, жылқыға қатысты тілдік бірліктерді этнолингвистикалық тұрғыдан талдау. Осыған байланысты жұмыста төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:
- шығармадағы жылқы атауларының ұлт мәдениетіне қатысын белгілі бір мағыналық байланыстарға негізделген тұтас лексика-семантикалық топтарға жіктей отырып зерттеу;
- шығармадағы жылқы малына, шаруашылығы, кәсіптік атаулары т.б. байланысты этнолексиканы сараптап, жіктеп көрсету;
- шығармадағы жылқы атауларының этнолингвистикалық сипатын ономасиологиялық аспектіде (жылқының жасы, жынысы, түрі, түсі т.б.) түсіндіру;
- шығармадағы жылқы атауларының сөзжасамдық тұрғыдан құрылымдық моделін анықтау;
- жылқы малына байланысты фразеологиялық тіркестердің, мақал-мәтелдердің, топонимдердің, метронимдердің т.б. этномәдени мазмұнын ашу.
Зерттеу нысаны. І.Есенберлиннің “Көшпенділер” трилогиясындағы жылқы атауларын этномәдени тұрғыдан зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |