Американдық менеджмент. -Жұмысшыларға олармен орындалған жұмыстардың саны мен сапасын бақылауға құқық беру. Бүкіл ұйыммен қатар оның жеке бөлімшелеріндегі қызметтерді жетілдіруге жұмысшылардың қатысуы. мүмкіндіктерді тиімдірек орындау мақсатында жұмысшыларға қызығушылықтары, мақсаттары және т.б. бойынша жұмысшылар топтарын құру құқықтарын беру. Менеджменттің қазіргі американдық моделі ХІХ ғ. басында-ақ пайда болған корпорациялар (акционерлік қоғамдар) сияқты жеке кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формасына бейімделген. Американдық менеджмент моделінде қазіргі уақытта да корпорация негізгі құрылымдық бірлік болып табылады.