Қамиева Г. Б. Орта ғасырлар тарихы оқу құралы АҚтау 2019



Pdf көрінісі
бет20/35
Дата08.02.2023
өлшемі1,41 Mb.
#167869
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
Байланысты:
ҚАМИЕВА Г.Б.-ОҒТ-ОҚУ ҚҰРАЛЫ-2019

Бақылау сұрақтары: 
1.
Соңғы 
орта 
ғасырлардағы 
Германиядағы 
шаруашылық 
байланыстардың нашар дамуының оның экономикасына қандай әсері болды?
 
2.
ХVІ ғасырдың басындағы Германияның саяси бытыраңқылығының 
себептері неде?
 
3.
Неміс гуманизмінің негізін салушылар кімдер?
 
4.
Германиядағы реформацияның өзіне тән қандай сипаты болды?
 
5.
Германиядағы католик шіркеуінің ролі қандай?
 
 
§ 5. 
Нидерландиядағы ұлт-азаттық қозғалыс. ХVІІ ғасырдың бірінші 
жартысындағы Құрама провинциялар Республикасы 
 
ХVІ ғасырдағы Нидерландияның экономикалық дамуы және саяси 
құрылысы. ХV ғасырда Нидерландия Бургунд мемлекетінің құрамына кірді, ал 
1
477 жылы мемлекет ыдырағаннан кейін әулеттік уния нәтижесінде 
Габсбургтер билігіне өтті. 1516 жылдан бастап Нидерландия V Карл Габсбург 
127 


империясының құрамдас бөлігі болды. ХVІ ғасырда Нидерландия қазіргі 
аумағымен қоса, Бельгия, Люксембург, жартылай Францияның аумағын 
қамтыды. Ел 17 провинциядан тұрды. Ең ірілері: Эно (Гегенау), Артуа, 
Люксембург, Намор, Фландрия, Брабант, Голландия, Зеландия, Фрисландия, 
Утрехт, Хронинген. V Карл тақтан тайдырылғаннан кейін Нидерландия ІІ 
Филипп Испанский иелігінің қол астына өтті.

Карл және ІІ Филипп үкіметтері Нидерландияда абсолюттік тәртіптерді 
орнатуға жұмыстанып, тармақталған шенеуніктік аппарат құрды. Оны ІІ 
Филипп кезінде уәлиі Маргарита Пармская басқарды. Оның Брюссельде 
кеңесші органы – Мемлекеттік Кеңес жұмыс жасады. Ол Нидерландияның 
феодал ақсүйектерінің өкілдерінен құралды. Қаржы және құпия кеңестер 
(әкімшілік-сот істері бойынша) де болды. Ол заңгер-шенеуніктерден құралды. 
Сонымен қатар жоғарғы аппелляциялық сот та болды. Провинция мен 
қалаларда провинциялық уәлилер – статхаудер және әртүрлі қызмет адамдары 
қызмет етті. Қалалық цитательдер мен қамалдарда үкіметке адал берілген 
гарнизон орналасты. Алайда ХVІ ғасырда осы аппараттың барлығы да 
Нидерландияда тарихи қалыптасып болған сословиелік-өкілдік мекемелер мен 
жергілікті өзін-өзі басқару органдарын бағындыра алмады. Тек Бас Штаттар 
ғана салық жинауға жарлық беріп, маңызды заңдарды бекітті.
ХVІ ғасырдың басынан бастап Нидерландияда өндіріс пен айырбастың 
капиталистік нысандары дами бастады, ел дамып келе жатырған нарықтық 
қатынастарға оның өрлеуі және құлдырауымен бірге тартыла бастады. 1555 
жылы басталған құлдырау әлеуметтік-экономикалық қайшылықтардың күрт 
шиеленісуімен қатар жүрді. Елдің экономикалық қажеттіліктерімен санаспаған 

Карл Нидерландияны әскери плацдарм және таусылмайтын байлық көзі 
ретінде қарады. 1542 жылдан – 1555 жылға дейін елдегі салық 2,5-тен – 7 млн. 
гульденге дейін өсті. Елдің сыртқы саясаты толықтай Габсбургтердің мүддесіне 
сәйкес анықталды. Олардың үздіксіз соғыстары және әскери салықтары 
экономиканың әртүрлі салаларын тежеді, кейде толықтай жойды.
Негізінен солтүстік облыстарды қамтыған 1534 – 1535 жылдары 
революциялық анабаптистік қозғалыстар, 1539 – 1540 жылдары Гент көтерілісі, 
30 – 50-
жылдары көптеген салыққа және ашаршылыққа қарсы көтерілістер 
саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шегіне жеткенін баяндады. Осы жағдайда ІІ 
Филипп қатал саясат жүргізді. Католик дінінің фанаты болған ІІ Филипп кез-
келген қарама-қайшылықтан ересьтер мен бүлікшілерді көрді.
Сыртқы саясат саласында католиктік-әулеттік бағыт пен соғыстар 
жалғасып жатты: 1557 жылы Испания мемлекеттік банкрот жариялады. 
Құрбандардың арасында Антверпеннің көптеген қаржыгерлері және олармен 
байланысты Нидерландия экономикасының салалары да болды. 1563 жылы 
Англиямен қақтығыс коммерция мен өндірістің одан әрі тоқырауын тереңдетті. 
Өнімнің шықпай қалушылығы мен бидай әкелудің қиындығы 1556 – 1557 
жылары және 1565 – 1566 жылдары қымбатшылық пен ашаршылыққа әкелді. 
Өкімет қолданған шаралар жеңілдік әкелмеді. Қайта ІІ Филиптің өзі нан 
алыпсатарлығына қатысты болып шықты. Оған қарсы бекзада Вильгельм 
Оранский, граф Ламораль Эгмонт, т.б. оппозициясы құрылды. ІІ Филипп 
128 


инквизиция сотын нығайтты, епископтықты қайта құрды. Олардың басты 
міндеті ересьтерді жою болды. Қалаларда үкімет патрициаттың католиктік-
реакциялық топтарын қолдады, тек солардың өкілдері ғана муниципалдық 
қызметтерді иемдене алатын болды. Антииспандық оппозициямен байланысты 
кальвинизмді жақтаушы адамдар репрессияға ұшырады.
Революция қарсаңында тап күштерінің орналасуы. 1566 жылғы иконмен 
күрес қозғалысы. 50-жылдардан бастап Нидерландияда кальвинистер күшейді, 
әсіресе, феодалдық-католиктік реакция әлеуметтік-экономикалық және 
идеологиялық прогреске қарсы тұрған облыстар мен қалаларда ерекше болды: 
Батыс Фландрия, Валансьен, Турн, Лилл, Антверпен, Амстердам. Кальвинистік 
уағыздың басында бай қалалықтар тұрды. Олардың сенімінің ресми белгісі 
алғаш рет 1561 жылы халықтандырылды. 1562 жылдан бастап қала маңындағы 
аймақтарда кальвинистік уағыздардың тыңдаушыларының саны көбейе 
бастады. Үкімет уағыздаушылардың мүшелерін қуғындай бастаған кезде олар 
қарулануға көшті. 1562 жылы бірмезгілде бекзада Оранский, граф Эгмонт, 
адмирал Горн басшылық еткен ақсүйектер оппозиясы ашық қарсылыққа 
шықты. Олар үкіметтің іс-әрекеттерін айыптаумен қатар, испандық әскердің 
елден әкетілуін талап етті. Бас Штаттарды шақыру, ересьтерге қарсы заңды 
жою немесе жеңілдету талаптарын да қойды. Олар Құдай лигасына бірікті. 1563 
жылы Николе де Гам, Ян және Филипп фан Марниксалар бастаған 
дворяндардың Одағы құрылды. Дворяндық-ақсүйектік оппозициямен келісімге 
қол жеткізу үшін уәли бірқатар жеңілдіктерге барды: елден испандық әскерлер 
шығарылды, кардинал Гранвелл жұмыстан босатылды. Алайда негізгі 
мәселелер шешілмей қалды. 1566 жылы 5 сәуірде Дворяндар одағы кеңесінің 
депутаттары уәлиге өз петицияларын тапсырды. Дворяндар ересьтерге қарсы 
плакаттардың жойылуын, еркіндік пен артықшылықтардың сақталуын, тез 
арада Бас Штаттардың шақырылуын талап етті. Жауап ретінде уәли 
қуғындауды уақытша тоқтата тұруды және ІІ Филипптен бұйрық күтуге уәде 
береді. Испан билеп-төстеушілерінің қарсыластары өздерін гёздер (сарай маңы 
адамдарының селолық дворяндардың кедей киінген өкілін «гёз» – кедей деп 
келеке етуінен шыққан) деп атады. Елдегі тынышсыздық өрістеді, бұрын 
басталған эмиграция күшейді.
1566 жылы дворяндардың петициясына ұқсас «келісімді» көпес-
кальвинистер де жазды. Осы жылы шілдеде екі топтың өкілдері келісімге қол 
жеткізуге талпынды. Консисторийлардың қысымымен дворяндар кальвинистік 
шіркеуді және оның уағыздаушыларын қорғауға келісім берді. Бірақ 
дворяндардың жартысы қабылданған шешімдермен келіспей, кеңесті тастап 
кетеді. Консисторийлардың иконмен күрес бастау туралы ұсынысы 
қабылданбайды. Келіссөздің уақыты өтіп кеткендіктен 1566 жылы 10 тамызда 
Батыс Фландрияда стихиялы түрде, кейін консисторийлар және радикалды 
пиғылдағы дворяндар Одағы мүшелерінің ықпалымен иконға қарсы көтеріліс 
басталды. Икондар мен қасиеттілердің мүсіндері жойылды, қымбат заттар 
жергілікті өкіметке тапсырылды. Валансьен, Турне, т.б. көтеріліске шыққан 
қалалардағы тәркіленген бағалы заттардан кедейлерге көмек және әскери 
отрядтар жинақтау үшін арнайы қорлар құрылды. Көтерілген қала халқы 
129 


түрмелерден кальвинистерді босатты, өкіметтің ісіне араласты, салық 
тізімдерін жойып, қала магистраттарына қысым көрсетті. Бұл олардың іс-
әрекеттерінің әлеуметтік бағытын танытты. Шаруалар біресе иконмен 
күресушілерге, біресе өкіметтің әскери бөлімдеріне көмектесіп отырды. 
Консисторийлар иконмен күресушілерге ашық және жасырын бағыт беріп 
отырды. Елде шамамен 5 500 шіркеу қиратылды.
Мұндай қуатты қозғалыстар уәлиді жеңілдіктер жасауға итермеледі. 23 
тамызда ол төмендегідей манифест жариялады: инквизицияның іс-әрекеті 
тоқтатылды, ересьтер туралы жаңа заң дайындауға уәде етілді, егер 
көтерілісшілерді басуға көмектессе, оппозицияшыл дворяндарға кешірім 
жасауға келісті. Сол күні дворяндар Одағы өздерін тарату туралы мәлімдеді. 
Дворяндар Одағының бұрынғы мүшелерінің бірқатары иконмен күресушілер 
отрядын талқандауға қатысады. Консисторийлар көтеріліске қатысудан бөлініп 
қалды. Қазан айында уәли ІІ Филипптен ақшалай көмек алды, әскери күштерін 
жинап, көтерілісшілерді талқандауға кірісті.
Консисторийлар мен кальвинистік буржуазияның радикалдық топтары 
өздерінің әрекеттерін тоқтатпады.
1566 жылы 1 қазанда Гентте құпия шақырылған Синод көтерілісті 
жалғастыруды шешті. Фландрия мен Брабанттың бірқатар қалаларында 
кальвинистердің көтерілістері жалғасты. Қазанның аяғында бай көпес-
кальвинистер дінге сенудің еркіндігін енгізу үшін ІІ Филиппке 3 млн. гульден 
ұсынды. Келісім жасалмайды, бірақ аталған қорға ақша жинау жалғаса береді. 
Ақшаны Валансьен қоршауын бұзатын әскер жинау үшін пайдаланды. 
Сонымен қатар жиналған әскер Турненің қоршауына жол бермеуге, Фландрия 
мен Брабантта, Голландиядағы кальвинистік қозғалыстарды қолдауы тиісті 
болды. Отряд командирлері тәжірибесіз болды, сондықтан өкімет оларды тез 
таратып жіберіп отырды.
Көтерілістердің ең күшті болған жерлері Фландрия, Брабант, Голландия, 
Зеландия, Утрехт болды. 1567 жылы наурызда Турне, Валансьен құлады, 
кальвинистер әскері талқандалды. Батыс Фландрияда оларды Лиганың бұрынғы 
мүшесі граф Эгмонт талқандады. 1567 жылы 17 наурызда үкімет әскерлері 
Амстердамға басып кірді. Нидерландия буржуазиялық революциясының 
бірінші кезеңі – иконға қарсы көтерілістің жеңілісімен аяқталды. 
Революцияның барысы, қорытындысы. Көтерілісті талқандағаннан кейін 
үкімет бұрын жарияланған жеңілдіктерді жойды, ал, 1567 жылы тамызда 
Нидерландияға герцог Альба бастаған испандық әскер енгізілді. Альбаның 
жазалау экспедициясы қаталдықпен жүргізілді. Альба 1567 жылы 5 қыркүйекте 
бүлікшілердің ісі бойынша Кеңес құрды. Оған бүлік пен еретиктердің ісін қарау 
бойынша шектеусіз құқық берілді. Үкімдер соттық шешімдерсіз шығарыла 
берді. Мыңдаған адамдарды отқа жақты, дарға асты, мүлкін тәркіледі, сансыз 
адамдарды елден қуды. 1568 жылы 5 маусымда ақсүйектік оппозицияның 
басшылары граф Эдмонт пен адмирал Горн, т.б. танымал адамдарды жазалады. 
Альба мемлекеттік Кеңестің төрағасы болды.
Оппозицияның көптеген көсемдері, соның ішінде бекзада Оранский 
шетелге қашты. Бірақ испан басқыншылығына қарсы күреске шығуды 
130 


жақтаушылардың қатары да өсе берді. Фландрия мен Эноның қалың ормандары 
партизандардың жиналатын орындарына айналды. Олардың қатары 
кедейленген қолөнершілер, мануфактура жұмысшылары, шаруалардан 
құралды. Олардың басшысы жекелеген буржуа мен радикалды пиғылдағы 
дворяндар болды. Голландия мен Зеландияда матростар, балықшылар, т.б. 
кедей топтар испандықтарға қарсы теңізде батыл күрес жүргізді. Олардың 
жеңістері туралы хабар алған бекзада Оранский дворян эмигрант-
кальвинистердің арасынан әскери қолбасшылар жіберді. Бекзада Вильгельм 
Оранскийдің жақын серіктері ел ішінде өз жақтас дворяндарымен байланыс 
орната отырып, ерекше жоспар ойластырды. Олар Германияның лютерандық 
князьдары және француз дворян-гугеноттарының көмегімен жалдамалылар 
жинап, герцог Альбаға соққы беру және Нидерландияны еркін курфюрлік 
ретінде империя құрамына қосуға болады деп есептеді. Шіркеуді лютерандық 
рухта реформалауды, ал жерлерді дворяндарға беруді ойластырды. Бекзада да, 
оның қолдаушылары да ІІ Филиппен келісімге келуден үмітті болды. Дворян 
эмигранттарды пайдалана отыра, неміс протестанттық князьдары мен француз 
гугеноттарының көмегімен бекзада Оранский 1568 – 1572 жылдары бірнеше рет 
Нидерландияға басып кіруге әрекет жасады. Алайда орман гёздерімен байланыс 
жасаудан қашқақтайды.
Солтүстікте көптеген матростар, балықшылар, порт адамдары теңізге 
кетті. 1568 жылдан бастап бекзада Оранский теңіз гёздеріне испандықтарға 
қарсы соғысу құқығы үшін куәліктер бере бастады. 1572 жылдың көктеміне 
дейін теңіз гёздері І Елизаветаның қамқорлығында болды және ағылшын 
порттарында жиналды. Альбаның олармен күрес жүргізуі үшін арнайы флот 
құруына тура келді.
1569 жылы герцог Альба тұрақты салық – алькабаланы енгізуге 
талаптанды: жылжымалы және жылжымайтын мүлікке – 1 %; жылжымайтын 
мүліктерді сатудан түскенге – 5 %; барлық тауарларды және жылжымалы 
мүлікті сатудан түскенге – 10 %. Алайда, солтүстікте көтерілістің басталуы 
Альбаның жоспарын бұзды. Нидерландиядағы оқиғаларды құрлықтың ірі 
державалары мұқият қадағалап отырды. Оппозициялық нидерландық 
шонжарлар Франциядағы гугеноттармен байланыс орнатты, Англиядан көмек 
алды.
1563 жылы ағылшын агенті ІІ Филиппті талқандау үшін азамат 
соғысының өртін тұтату керек деген хабар жеткізеді. 1566 жылы гугеноттар 
Францияға оның вассалын қайтару үшін фландриялық қалаларды басып алу 
жоспарын дайындады. Ірі еуропалық мемлекеттердің мүдделерінің қарама-
қайшылығы мен торлануының күрделі жағдайында бекзада Оранскийдің 
алдында таңдау жасау міндеті тұрды. Нидерландияны тартып алғаннан кейін 
Францияға Артуа мен Фландрияны, Англияға – Голландия мен Зеландияны 
қайтару, Брабант пен бірқатар облыстарды Брабант курфюрлігіне біріктіру, оны 
империяның құрамына қосып, өзін билеуші етіп қою шараларын қарастырды. 
Алайда, 1568 жылы және 1572 жылы бекзаданың әскери операциялары 
сәтсіздікпен аяқталды: революциялық-демократиялық күштерді мойындамаған 
бекзада бай көпестер мен бюргерлердің, консисторийлардың көмегіне ғана 
131 


сүйенді. Нидерландияның мүддесі бұл кезде оның жоспарларында қосалқы 
орын алды.
Герцог Альбаға шешуші соққыны теңіз гёздері берді. Бірақ 1572 жылы 
ақпанда І Елизавета Испанияның қысымымен теңіз гёздерін ағылшын 
порттарын тастап кетуге мәжбүр етті. Бірқатар уақыт теңізде болып, олар 1572 
жылы 1 сәуірде Голландия жағалауындағы Брил портын иемденді. Бұған 
алғашында герцог Альба да, бекзада Оранский де айтарлықтай мән бермеді. 
Брилден кейін Флиссинген, Феер, Арнемейден, Энкхейзен, т.б. қалалар 
көтеріліске шықты. Қайта жанданған кальвинистік консисторийлар, теңіз 
гёздері, халықтық отрядтар және таратылған атқыштар гильдиясы уақытша 
жергілікті жерлердің билеушілеріне айналды.
1572 жылдың жазында Голландияның штаттары жиналды, оған 
көтерілістің жақтастары мен ірі қалалардан кальвинистер келді. Вильгельм 
Оранский заңды статхаудер болып танылды. Король жоқ кезде оның уәлиі 
болды. Жаңа әкімшілік пен армия құрылды. 1572 жылы қазанда бекзада 
Голландияға келді. Теңіз гёздері мен радикалдық топтардың революциялық 
қимылдарын үзіп тастауды көздейді. Олардың жетекшісі Люмэ елді тастап 
кетуге мәжбүр болды.
Көтеріліске шыққан солтүстік провинциялардың басқарушы көпестік-
патрициандық олигархиясы антииспандық пиғылдағы кальвинистік дворяндар 
және оранжистермен (бекзада Оранскийдің ішкі мақсаттарынан жақсы 
хабардар болған билеуші көпестік олигархия қалалық кеңестер мен Бас 
Штаттарды қатал қадағалап, қаржыны бақылауға алады; осылайша оранжистік 
партия мен саяси ағым ретінде оранжизм пайда болды) саяси одақты қолдап, 
бұқараның революциялық әрекеттерімен уақытша келісті және біртіндеп 
өкіметті өз қолдарына ала бастады. Оранскийдің шақырылуы осы бағыттағы 
қадамдардың бірі болды. Бекзада жеке дербестікке ұмтылса да, дворяндардың 
қолдауына ие бола бастады.
1572 жылдың күзінен бастап Альба провинцияларға қарсы кең көлемді 
басқыншылық жасайды: Наарденді жойқын шабуылмен алып, қиратты. 
Альмаар түбінде кедергіге кездесіп, испандық әскерлер 1573 жылдың 
желтоқсанынан 1574 жылдың шілдесіне дейін батыл қорғанған Хаарлемнің 
қоршауын жүргізді. Қала берілгеннен кейін оның гарнизоны және дүнияи 
адамдарына түгел өлім жазасын кесіп, қалаға ауыр соғыс шығынын салды. 
Бұдан да зор төзімділік танытқан Лейден қаласының тұрғындары мен 
гарнизоны болды, олар 1573 жылдың қазанынан – 1574 жылдың наурызына 
дейін және 1574 жылдың наурызынан – мамырына дейін созылған екі 
қоршауды бастарынан өткерді. Алайда, ІІ Филипп бұған дейін-ақ Альба 
саясатының күйрегенін түсініп үлгереді, сондықтан 1573 жылдың аяғында оны 
кері Испанияға шақырып алды.
Нидерландияның оңтүстігінде революциялық қозғалыстың таралуы. 
«Гент келісімі». 1576 жылдың көктемінде испандық жалдамалылар солтүстікті 
тастап, оңтүстіктегі қалалар мен селоларға тарады. Оның жауабы оңтүстіктегі 
көтеріліс болды. 1576 жылы 4 қыркүйекте Брюссель қалалық плебстерінің 
қолдауымен Мемлекеттік Кеңес мүшелерін тұтқынға алады. Халық испандық 
132 


шенеуніктер, монахтар, священниктерді қуғындады, қалалардағы реакциялық 
кеңестерді құлатты. Демократиялық тәртіп енгізілді. Альба жойған 
артықшылықтар қалпына келтірілді. Алайда олардың барлығы стихиялы, 
шашыраңқы жүргізілді. Мемлекеттік Кеңестегі адамдар ғана өзгерді, ал саяси 
билік бұрынғыша дворян, патрициат, консервативтік көпестер мен 
бюргерлердің қолында қалды.
1576 жылы қазанда Гентте бүкіл елдің Бас Штаттары жиналды. Алайда 
олар құрастырған келісімнің («Гент келісімі») мазмұны сол кездегі саяси 
талаптарға сай келмеді. ІІ Филипп пен католиктік дінге адалдық, елдің 
тұтастығын сақтап қалу, оның еркіндігі мен артықшылықтарын қалпына 
келтіру, герцог Альбаның заңдарын жою, испан әскерлерін Нидерландиядан 
әкету 
қарастырылды. 
Шіркеу 
жерлерін 
тәркілеу, 
басқаруды 
демократияландыру, жер реформасы туралы сөз қозғалмады. Кальвинистер дін 
бостандығын ала алмалды.
Тұтас алғанда, «Гент келісімі» дворяндардың консервативті бюргерлік 
және көпестермен ымыраласуы болды. Ол арқылы алдағы уақытта ІІ Филиппен 
оның тарапынан ұсақ жеңілдіктер алу арқылы келісімге келу көзделді. Осы 
бағыттағы тәжірибе жүзіндегі қадамдар 1577 жылы Бас Штаттардың жаңа 
испан уәлиі дон Хуан Австрийскиймен келісім шарт жасауы болды. Алайда 
уәли жасалған келісімді опасыздықпен бұзып, күшпен бұрынғы испандық 
тәртіптерді енгізуге әрекеттенді. Бас Штаттардың жоспарлары бұзылды, 
сонымен қатар «Гент келісімі» шеңберіндегі «ұлттық бірлік» қиялы да 
жойылды. Осылайша, революцияның екінші кезеңі аяқталды.
1578 жылы 31 қаңтарда Жамблу маңындағы шайқаста Бас Штаттардың 
армиясын дон Хуанның талқандауы дворяндардың испандықтарға қарсы 
соғыса алмайтынын көрсетті. Бастама буржуазияның революциялық бөлігіне 
өтті. Қалалық кеңестердің құрамының өзгеруімен қатар, Фландрия мен Брабант 
қалаларында революциялық өкіметтің жаңа органдары – «18-ң комитеті» 
құрылды. Оған қолөнершілер, буржуазия мен буржуазиялық зиялылардың 
өкілдері сайланды. Алғашында «18-ң комитеті» тек қаланың қорғанысымен 
айналысты, кейін консисторийлармен бірігіп, қала басқармасының істеріне 
араласа бастады: қоғамдық тәртіпті, азық-түлікпен қамтамасыз етуді, қару-
жарақты қадағалады, шіркеу мен сатқындардың жерлерін, мүліктерін тәркіледі. 
Брюссельдегі «18-ң комитеті» Бас Штаттар мен Мемлекеттік Кеңеске ықпал 
етті. 1577 жылдың күзінде ол халықтың жаппай қарулануын, дон Хуанға қарсы 
соғыс 
жүргізу, 
мемлекеттік 
аппаратты 
испан 
агенттері 
мен 
контрреволюционерлерден тазартуды талап етті. Неғұрлым шиеленіскен күрес 
Фландрияның астанасы – Гентте өтті. 1577 жылдың күзінде көтеріліске шыққан 
қала плебсі дворян-бүлікшілердің тобын тұтқынға алды. Ресми дін болып 
кальвинизм жарияланды. Шіркеудің мүліктері тәркіленді.
Тұтастай алғанда Генттегі қозғалыс қарапайым буржуазиялық қайта 
құрулардан аспады. Осындай күрестер Брюгг, Икр, Антверпен, Ауденаард, 
Аррас, Валансьен қалаларында болды. Дегенмен оңтүстіктегі саяси-әлеуметтік 
күрес ерекше өткірлігі және күрделілігімен ерекшеленді. Оны жергілікті 
оранжистер шебер пайдаланды. Олар бекзада Оранскийдің Брюссельге 
133 


шақырылуы үшін үгіттер жүргізді. Олар консерваторлар мен реакционерлерді 
халықтық жазалаулармен қорқытса, ал, халық арасында дворяндар мен қала 
байларының бүлігі туралы сыбыс таратты. Үгіттеулер нәтижелі болды. Бас 
Штаттар Вильгельм Оранскийді Брюссельге шақырды. Ол өзін Брабант 
билеушісі деп жариялауға қол жеткізді. Жақтастарын Мемлекеттік Кеңес пен 
Бас Штаттарға өткізді. Бірақ оранжистік партияның тұрақсыздығы бірден 
ашылды. Шаруалар, қала плебсі, буржуазия, консисторийлар, цехтар жеке 
талаптарымен бірге, барлығы бірігіп испандықтарға қарсы батыл соғыс 
жүргізуді талап етті. Дворяндар халық бұқарасының өз бетімен бас көтеруін 
талқандау, ІІ Филиппен келісімге қол жеткізуге және католик дінін сақтап 
қалуды талап етті. Бұндай жағдайда бекзада мен оның жақтастары 
қайшылықтар туғызу және компромисс саясатын таңдап алды. Оранжистер де 
осы желімен жүруді мақсат етті. Испаниямен соғысты бекзада қарулы 
халықтың қолымен емес, жатжерлік жалдамалылар және Франциск Анжуйский 
тәрізді титулданған авантюристер, неміс протестанттық князы пфальцграф 
Иоанн Казимирдің көмегімен жүргізуді мақсат етті. Олар 1578 жылы өз 
әскерімен Нидерландияға басып кірген болатын. Жатжерлік жалдамалылар 
соғысқаннан бұрын, елді тонап болды, село халқына қатал қанау жүргізді, ал, 
титулданған авантюристер испандықтармен келісімге келіп, оларға қалалар мен 
бекіністерді берді.
Дворяндардың бүлігі. Аррас және Утрехт униялары. Бекзаданың 
жартылай шараларына риза болмаған аграрлық валлондық провинциялар Эно 
мен Артуаның реакцияшыл дворяндары 1578 жылдың күзінде Бас Штаттар 
әскерінде бүлік ұйымдастырды. Валансьен мен Аррас қалаларында 
демократиялық күштерді талқандады. Бұдан кейін революциялық Фландрия 
қалаларына қарсы әскери қимылдар бастайды. Бірақ генттік әскер шаруа 
отрядтарымен бірігіп, бүлікшіл дворяндардың әрекетін тұншықтырды.
Арраста «15-ң комитеті» қайтадан батыл қимылдар көрсетті. Дворяндық-
католиктік партияға қарсы Артуа қалаларының одағы пайда болды. Гентпен 
байланыстар орнатылды. Одақтастық қарулы күштер құрылып, оған Амбруаз 
ле Дюк басшылық етті.
Магистраттың мүшелері мен католиктердің белсенді қайраткерлері 
тұтқындалды. Алайда дворяндық-католиктік партия Амбруаз ле Дюкті сатып 
алады. Контрреволюциялық төңкеріс ұйымдастырып, «15-ң комитетінің» 
мүшелерін дарға асты. Валлондық католиктік дворяндар Бас Штаттармен 
келісімге келудің мүмкін еместігін түсінді. 1579 жылы 6 қаңтарда ресми 
сеператистік одақ Аррас униясын ұйымдастырды. Мақсат католиктік 
корольмен келісімге келу болды. 1579 жылы мамырда ІІ Филипп «Гент 
келісімін», «Мәңгілік эдикті» мойындады, Артуа, Эно, Лилля және Ориидің 
артықшылықтарын қалпына келтірді. Испан әскерлерін католиктікті сақтаған 
жағдайда ғана шығаратынын мәлімдеді. Валлондық облыстардың тізе бүгуі 
«Діни бітімнің» өзін жоғалтқанын мәлімдеді.
Солтүстік провинциялар ІІ Филипптің жаңа уәлиі Александр Фарнез 
басшылығындағы испан әскерлерінің шабуылына қарсы батыл қадамдар жасай 
бастады. 1579 жылы 23 қаңтарда өздерінің одағын «Утрехт униясын» құрды. 
134 


Мақсаты революцияның жетістіктерін сақтап қалу, Испаниямен соғысты 
жеңіске жеткенге дейін жалғастыру болды.
Егер, 1572 жылы көтеріліс болашақ республикаға дайындық болса, 
Утрехт униясы оның негізін қалады. Ол өзінің ықпалын Солтүстік 
провинцияларға да тарата бастады. Солтүстік провинциялардың кей жерлерінде 
испандықтар әлі де бар еді. Қалаларда иконға қарсы көтерілістер қайта 
жанданды. Әлеуметтік-саяси күрестің орталығы Фландрия және Брабант 
қалалары, ең алдымен, Гент болды. 1579 жылы 4 ақпанда Гент Утрехт 
униясына қосылды. Осы жылы тамызда бекзада Оранский Гентке келіп, оқиға 
барысын өзіне тиімді жағдайға бұруға қол жеткізеді. Бас Штаттардың әскерлері 
Фландрия шаруаларының көтерілісін басты. Хамбизе Генттен жасырынып 
үлгерді. 1581 жылғы 23 наурыздағы заң демократиялық атқыштар 
гильдиясының саяси істерді шешуге қатысуына тиым салды. Тек осындай 
шаралардан кейін ғана ІІ Филипп 1581 жылы 16 шілдеде төмендетілді. Алайда 
орын бос қалды. Бұл герцог Анжуйскийді екінші рет шақыруға мүмкіндік берді. 
Ол 1582 жылы қаңтарда әскерімен келді. Англия Норрис басшылығындағы өз 
әскерін жіберді. Жатжерлік келімсектердің әскери табыстары қарапайым 
болды. Олар Антверпен халқының сенімсіздігі мен жек көрінішіне тап болды. 
Герцог 1583 жылы қаңтарда қаланы күшпен алуға әрекеттенді, алайда 
қарсылыққа тап болды. Осыдан кейін ол елдің оңтүстігінде Александр 
Фарнезбен келісімдер жасауға кірісті. Бірақ испандықтарға тұтқынға түсуден 
қауіптеніп, 1583 жылдың қазанында жеделдетіп Францияға шегінеді. 
Елдің оңтүстігіндегі жағдай қауіпті болды. Бекзаданың саяси беделі 
жоғалды. Бас Штаттардың қалғаны және өз сарайымен ол Голландияға кетіп, 
Делфтті өзінің резиденциясы етіп алды. 1583 жылдың наурызында бекзада 
өзінің арандатушылық саясатын ақтаған манифест жариялады, онда 
Испаниямен соғысты жалғастыру үшін жатжерлік одақтастар қажет деп 
мәлімдейді. 1585 жылы Антверпеннің құлауымен бірге барлық оңтүстік 
провинциялар қайтадан испандықтардың қолында қалды.
Оңтүстік провинциялардағы жағдайдың өзіндік себептері бар еді. Бүлікші 
дворяндар мен оранжистер тарапынан болған репрессиялар, жалдамалылардың 
тонауы мен қысымы халық бұқарасын әлсіретті. Оған экономиканың толық 
ыдырауы қосылды. Фландрия мен Брабанттың мануфактуралары Испаниямен 
соғыстың салдарынан шикізат көздерінен, ұсыныс базарларынан айырылды. 
Оңтүстіктің өнеркәсіптік қалалары әскери қимылдардан қатты зардап шекті. 
Оңтүстікте бюргерліктің реакциялық және консервативтік топтары мен 
қалаларда көпестер бекінді. Деревняда дворяндар өздерінің үстем жағдайын 
енгізді. Олар өздерінің мүдделерін католиктік және Испаниямен 
байланыстырды. Осындай жағдайларда Испанияның қысымының күшеюі 
реакцияның дәуірлеуіне және оңтүстік провинцияларда революция мен азаттық 
соғыстың жеңілуіне алып келді. Осылайша, революцияның үшінші кезеңі 
аяқталды.
Құрама провинциялар Республикасының құрылуы. Солтүстіктегі 
провинциялардың тарихи тағдырлары басқаша қалыптасты. Онда Утрехт 
униясы республиканың негізін қалады. Әскери қимылдар мен таяудағы істерге 
135 


Мемлекеттік Кеңес басшылық етті, меркантальдық жүйенің нәтижесінде 
Голландия мен Зеландия кеңесте берік көпшілік дауысты иемденіп, істерді өз 
қалауынша шешіп отырды. Жоғарғы атқарушы билік пен әскери қолбасшылық 
статхаудерлер арқылы жүзеге асырылды. Оған Оранский әулетінің бекзадалары 
қатарынан сайланды. ІІ Филипп төмендетілгеннен кейін республикалық 
құрылыс бұрынғыдан да күшейді, бірақ көпестік олигархия бір мезгілде 
консисторийлар мен атқыштар гильдиясының саяси істерге араласуына тиым 
салып үлгерді. Осы арқылы демократияға шешуші соққы берді.
1584 жылы Вильгельм Оранский испан агентінің қолынан өлтірілді. Оның 
кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де Бас Штаттар елді басқаруға келісетін 
жатжерлік бекзаданы іздестіруді жалғастыра берді. ІІІ Генрих пен І Елизавета 
бұл ұсыныстардан бас тартты. Бірақ Англиядан граф Лейстер жіберілді. Ол 
кейін Бас Штаттар арқылы губернатор болып сайланды. Алайда бұл жаңа 
апатқа соқтыра жаздады. Лейстер Испаниямен нашар соғысты, консисторийлар 
мен халық бұқарасының сенімін алдады. Ал, кешікпей билікті тартып алу 
мақсатымен бүлік ұйымдастырды. Бүлік жүзеге аспады, шетелдік 
арандатушылар 1587 жылы елден қуылды. Тек осыдан кейін ғана елде 
республикалық құрылыс түпкілікті бекіді.
1585 жылы Вильгельм Оранскийдің ұлы Мориц Нассауский статхаудер 
болып сайланған еді. Халық бұқарасының патриотизмін шебер пайдалана 
отыра, Мориц әскери операцияларды тамаша жүргізді және елде өз билігі мен 
беделін нығайтты.
Құрама провинциялар Республикасы мен оның одақтастарының 1609 
жылы байқалған Испаниядан әскери артықшылықтары соңғыны бейбіт 
келіссөздерді бастауға мәжбүр етті. Ол 1609 жылы 12 жылға арналған бітім 
шартына қол қоюмен аяқталды. Бітім шартының талаптары бойынша Құрама 
провинциялар Республикасы Испания тарапынан тәуелсіз мемлекет деп 
танылды. Голландия көпестері Ост-Үндістанмен сауда жасасу құқығын алды, 
ал Шельд өзенінің сағасы сауда үшін жабылды. Бұл шарттар голландық 
көпестерді Антверпенмен сауда бәсекестігінен азат етті, ал, соңғыны 
экономикалық құлдырауға түсірді. 1609 жылғы бітім шарты елдің солтүстігінде 
революцияның жеңіспен аяқталып, Еуропа тарихы және дүние жүзінде тұңғыш 
буржуазиялық республиканың пайда болғанын мәлім етті.
Республиканың саяси құрылысы. Республиканың мемлекеттік құрылысы 
көбіне Утрехт униясының ерекшеліктеріне негізделді. Негізгі заңдарды 
шығару, ең маңызды жалпы мемлекеттік мәселелер (алым-салықтарды белгілеу, 
соғыс жариялау, бітім және халықаралық шарттар жасау, т.б.) Бас Штаттардың 
қызметіне жатты. Олардағы әрбір провинция, депутаттардың санына 
қарамастан, бір дауысқа ие болды. Депутаттар сайлаушыларынан алған 
нұсқауларына сәйкес дауыс берді. Сондықтан да шешім де бір ауыздан 
қабылданып отырды. Бұл азаматтық өзгешелікті статхаудердің арбитраждық 
принципін орнату әлсіретті. Бұл принцип Бас Штаттар өзара келісімге келе 
алмаған жағдайда ғана қолданылды. Бірақ Бас Штаттар мүмкіндігінше 
бірауызды шешімдер қабылдауға тырысты.
136 


Бас Штаттармен қатар Федаралдық Мемлекеттік Кеңес құрылды. Ондағы 
шешім көп дауыс жинау барысында қабылданды. Кеңес көбіне ағымдағы 
істермен және соғыс мәселесімен шұғылданды. Оны статхаудер басқарды.
ХVІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Құрама провинциялар 
Республикасы. Әскери уақыттың қиыншылықтарына қарамастан, республика 
экономикасы тез қарқын ала бастады. Лейден, Амстердам, Роттердам, Утрехт, 
Хаарлем, т.б. қалаларда мата, желкен, арқан шығаратын капиталистік 
мануфактуралар дамыды. Амстердам, Заандам, Энкхёйзенде сұраныстар 
бойынша әр үлгідегі кемелер жасалды. Балық шаруашылығы үлкен мәнге ие 
болды. Ауыл шаруашылығының бірқатар салаларында да жетістіктер байқалды. 
Көрнекті орынды капиталистік фермерлік шаруашылық иемденді.
Республика мұхиттың ар жағына шықты. Республиканың сауда істерінде 
1602 ж. құрылған Ост-Үндістан сауда компаниясының маңызы барған сайын 
арта берді. Бұл компанияны Амстердамның ең бай көпестері басқарды. Оның 
филиалдары Мидделбрюхте, Роттердамда, Дельфте, Хоорн мен Энкхёйзенде 
орналасты. Компанияның ең бай иеліктері Молукк және Зонд аралдарында, ал, 
факториялары Үнді мұхитының бүкіл жағалауында, Африкада, Үнді-Қытайда 
және Қытайда орналасты. Акционерлердің жылдық орташа дивиденті 18 %-ды 
құрады. Бұған тағылық әрекеттерді қолдану арқылы қол жеткізді: бүтін бір 
аралдың байырғы халқы қырылды, құлға айналдырылды, монополиялық 
жоғарғы бағаны ұстап тұру үшін орасан зор аумақтағы татымды өсімдіктердің 
түрлері толық жойылды. Голландия отарлаушылары отарларда тұратын 
байырғы халыққа қатыгездікпен қарады. Амстердам Антверпеннің орнын басты 
және қалыптаса бастаған дүниежүзілік сауда және несие-қаржы базарының 
орталығына айналды. ХVІІ ғасырда бүкіл республика саудасынан алған оның 
үлесі орташа есеппен 46,5 %-ды құрады. Мұнда сақтандыру компаниялары 
пайда болды, ал, 1609 жылы банк құрылып, ол кең көлемде депозиттік (салым 
қабылдау) және несиелік шаралар жүргізумен айналысты.
Республиканың ауыл шаруашылығында да едәуір өзгерістер жасалды. 
Испандықтар жағына шығып кеткен дворяндар мен дін иелерінің жерлері 
тәркіленді, оларды қаланың буржуалары мен дәулетті шаруалары сатып алды. 
Голландия мен Фрисландияда бұл жер жөніндегі феодалдық қатынастарды 
толық жоюмен бірдей болды. Алайда шіркеу ондығы сақталып қалды. Гелдерн 
мен Оверэйсселде жер жөніндегі қатынастар өзінің орта ғасырлық феодалдық 
сипатын сақтап қалды. Олардағы көпестердің олигархиясы өзінің дворяндармен 
жасаған саяси одағының экономикалық шығынын шаруаларға салды. Мұндай 
жағдай жоғарғы тауарлы фермерлік шаруашылықтарға ғана тиімді болды. Ал 
қатардағы шаруашылықтар бұрынғыша жетіспеушілік күнін кешті.
Республиканың халықаралық жағдайы нығайды. Оны Еуропаның 
бірқатар елдері мойындады. Оған Республиканың испандықтардың 
үстемдігінен азат болуы, жаңа үлгідегі мемлекеттің пайда болуы әсерін тигізді. 
Әрине, корпоративтік-сословиелік нысандар да сақталып қалды. Сауданың, 
теңізде жүзушіліктің, өндіріс пен айырбастың буржуазиялық нысандарының 
жолында тұрған кедергілердің жойылуы да Республиканың сыртқы саяси 
беделіне игі ықпалын тигізді.
137 


Прогрессивті әлеуметтік-экономикалық дамуға өз капиталдарын, 
өндірістік дағдылары мен құпияларын, жоғарғы кәсіби шеберліктерін, 
халықаралық 
саудадағы 
берік 
байланыстарын 
әкелген 
оңтүстік 
провинциялардан келген алып миграцияның (150 мыңға дейінгі адам) үлкен 
үлесі болды.
1610 жылы консисторийлардың либертиндік басшылары Голландия 
штаттарына ождан еркіндігі туралы ілімнің өздерінше түсініктері баяндалған 
ремонстрациясын ұсынды. Бір жылдан кейін өздерінің контрремонстрациясын 
ортодоксальды бағыттың басшылары ұсынды. Діни-догмалық даулар 
төңірегінде нақты мәселелер тұрды:

патрициандық жіктің католик дінімен келісімге келуге дейін жеткен 
либертиндік идеяларының алдын алу;

мемлекет пен шіркеудің, консисторийлар мен жергілікті өкіметтің, 
яғни, радикалдар мен патрициандық олигархияның өзара қарым-қатынасы; 

шіркеудегі тәртіп мәселесі.
Басталған жанжал келер жылдары ұлғайып, голландық деңгейден жалпы 
республикалық деңгейге жетті.
Ремонстранттар мен контрремонстранттардың арасында жік пайда болды. 
Бұл мәселені шешу барысында Мориц Нассауский контрремонстранттардың 
жағына шықты. Олденбарнефелт қалалардың ремонстрантты магистраттары 
үшін қорғаныс мақсатында өздерінің қарулы отрядтарын құруға рұқсат беруге 
қол жеткізеді. Мориц оны өзінің әскерге бас қолбасшылық қызметіне қол 
сұғушылық және бүлікке дайындық ретінде қабылдайды. Ол Республика 
шекарасына жау әскерлері жақын келіп тұрған мезетте азамат соғысының 
басталып кетуінен қауіптенді. 1618 жылы тамызда Олденбарнефелт 
тұтқындалды және арнайы трибуналдың үкімімен 1619 жылы 13 мамырда дарға 
асылды. Ұлы пенсионарийдің қызметі алмастырылатын болып жарияланды 
және өкілеттілігін қатты қысқартып тастады. Дордрехттағы 1619 жылы жалпы 
ұлттық синод «ремонстранттық ересьті» айыптап, ортодоксальды ағымды 
қолдады. Алайда оның шешімдерін тек бірнеше провинция ғана мойындады. 
Қалғандары, соның ішінде Голландия, оларды жоққа шығарды немесе әртүрлі 
пікірлер білдірді. Ремонстранттардың бірқатар басшылары репрессияға 
ұшырады, көбі елден қашты.
1625 жылы қайтыс болған Мориц Нассаускийдің орнына сол Оранский-
Нассау әулетінен шыққан Фредерик Хендрик келді. Қабілетті қолбасшы, бірақ 
сақ және келісімге келуге дайын тұратын Фредерик алғашында оңтүстік 
провинциялармен қосылуды жоққа шығарған «голландистер» рухында әрекет 
етті, бірақ бұл үшін оны консисторийлар өткір сынға салды. Біртіндеп оның 
көзқарастары өзгеріске түсті. Республика отыз жылдық соғысқа тартыла берді, 
оның барысын тәуелсіздік жолындағы соғысты жалғастыру және революцияны 
аяқтау үшін пайдаланды. Гаага антигабсбургтық коалиция мүшелерінің жиі 
жиналатын орталығының ролін атқарды. Фредерик Хендриктің кезінде Жеке 
кеңес құрылды, онда әскери-дипломатиялық мәселелер талқыланып, шешілді. 
Франциямен одақтаса отырып, барлық оңтүстік жерлерді тартып алу мәселесі 
тағы қарастырылды. Бірақ бұл әрекет сәтсіз аяқталды.
138 


1645 жылдан бастап Мюнстерде Республиканың Испаниямен бітім 
туралы келіссөздері басталды. Ол 1648 жылы Вестфаль бітім шартының 
келіссөздер жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылған Мюнстер бітім шартына 
қол қоюмен аяқталды. Бітім шартының басты баптары төмендегідей болды:

статус-кво аумағы жағдайында соғысты тоқтату;

Республика егеменді мемлекет ретінде халықаралық деңгейде 
танылады; 

нидерландық Ост-Үндістан және Вест-Үндістан компанияларына 
жататын теңіз жағалаулық облыстарда Испан кемелерінің келуіне тиым 
салынады;

Шельд өзенінің сағасы сауда үшін жабылады;

бұрыннан-ақ жойылған Республиканың Германия империясына 
тәуелділігі шын мәнінде тоқтатылды.
Билеуші олигархия келіссөздер барысында Голландияның негізгі 
талаптарының барлығын қамтамасыз етуге тырысты, бірақ өзге 
провинциялардың мүддесіне немқұрайлы қарады.
Фредерик Хендрик 1647 жылы наурызда қайтыс болды. Оның мұрагері 
сол Нассау әулетінен шыққан ІІ Вильгельм болды. 1650 жылы Республикадағы 
ішкі саяси жағдай шиеленісіп кетті, оған Амстердам мен Голландия себепкер 
болды. Күштердің өзара арасалмағын, Амстердам мен Голландияның құдыретін 
дұрыс бағаламай әскери күшпен бағындырғысы келіп, ІІ Вильгельм 
статхаудердің осал және әлсіз жақтарын ашып берген біраз қателіктер жіберді. 
Ол сонымен қатар өзі үшін ең маңызды болған армия жасақтау және Англия 
мен Испанияға қарсы соғысу мәселесін де шиеленістіріп жіберді. Осындай 
жағдайларда ол кенеттен қайтыс болды. Амстердам мен Голландияның 
патрициандық олигархиясы регенттік патрициатты шексіз билікпен қамтамасыз 
етуге жұмыстанды және өздерінің мақсатына жетті. Бас Штаттардың 
шешімімен Голландияның статхаудері мен бас капитанның орыны «бос» деп 
жарияланды. Кейінірек, 1667 жылы Голландия статхаудердің қызмет орнын 
мүлдем алып тастады, ал қалған провинциялардың статхаудерлеріне бас 
капитанның қызмет орнын иемденуге тиым салды. Бұның барлығы 
Кромвельдің іс-әрекеттері күшейіп тұрған кезде жүзеге асып жатты, ал, 
Республика өзі үшін ең қауіпті болған Англиямен соғысқа тартылды.
Сонымен, ХVІ ғасырдағы Нидерландия буржуазиялық революциясы 
мануфактуралық кезеңдегі буржуазиялық революциялардың арасында ерекше 
орын алады. Революцияның ерекшелігі капитализм мен буржуазияның әлі 
пісіп-жетілмегендігімен, олардың феодализм мен дворяндыққа, сословиелік 
жинақылыққа 
қатысты 
антогонизмінің 
дамымауымен 
негізделді. 
Революцияның идеологиялық туы кальвинизм болды. Ол Испанияға қарсы 
азаттық соғыс нысанында өрбіді. Онда сыртқы саяси фактор аса маңызды роль 
атқарды. Сондықтан әлі дұрыс қалыптасып дамымаған нидерландық буржуазия 
шаруалар және қала плебсімен емес, өзінің табиғаты бойынша феодалдық 
болған дворяндармен және патрициатпен одақтасты. Құрама провинциялар 
Республикасы мануфактуралық кезеңнің бірінші сатысында кідіріп, артта 
қалды және ХҮІІ ғасырдың 2-жартысында біріншілік орынды Англияға берді.
139 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет