Аммиактың тұншықтырғыш иісі бар. Ауаға тарағанда адамның дем алуына зиянды әсер етеді. Аммиак тасымалдайтын цистернаның қауіпсіздік шарасы үнемі қадағалануы тиіс.
Қыздырудың әсері
Аммоний тұздарын қыздырғанда, олардың айырылуы кұрамына қарай әртүрлі өтеді. Мысалы:
Ерекшелігі — бөлінген аммиак NH3 қайтадан хлорсутекпен әрекеттесіп, сынауықтың суык қабырғасында аммоний хлоридінің майда ақ кристалдарын түзеді (16-сурет). Аммоний тұздарын сілтімен қосып қыздырса, аммиак газы бөлінеді. Газ шығып жатқан түтіктің аузына ылғал қызыл лакмус қағазын ұстаса, ол лезде көгереді. Аммиак газын өткір иісінен де байқауға болады. Бұл әрекеттесу аммоний тұзын анықтауға сапалық реакция болып табылады.