Аммоний тұздары — құрамында аммоний ионы NH4+ және қышқыл калдықтары болатын қатты кристалды, күрделі заттар. Мысалы, NH4Cl, (NH4)2SO4, NH4NO3, т.б. Бұл тұздардағы аммоний ионы NH4+ қосылыста бір валентті металл орнына жүреді. Бұл тұздардың бәрі суда жақсы ериді.
Аммоний тұздарының сыртқы түрі және физикалық қасиеттері сәйкес сілтілік металдардың тұзына ұқсас. Сонымен бірге аммоний тұздарының бірқатар өзгеше қасиеттері де бар. Аммоний катионының NH4+ сілтілік металдардың катионынан ерекшелігі құрылымы күрделі және белгілі жағдайда ыдырайды. Мысалы, аммоний хлоридін қыздырғанда ол бірден буланады, бірақ бұл NH4Cl молекуласының ұшқыштығының салдарынан емес, тұздың қайтымды айырылуының нәтижесінде жүреді. NH4+ катионы металл ионы сияқты бір валенттік көрсетеді. Аммоний тұздары кристаллдық заттар, суда жақсы ериді және судағы ерітінділерінде иондарға толық диссоциацияланады: NH4Cl= NH4+ + Cl- Аммоний ионына сапалық реакция. Аммоний тұздары химиялық реакцияларға қабілетті. Мәселен, негіздермен қосып қыздырғанда, олар алмасу реакциясына түсіп, аммиак бөлінеді, оны иісі бойынша анықтайды. Бұл аммоний ионының сапалық реакциясы: NH4Cl(қ) = NaOH=Tº NaCl + NH3↑+H2O Аммоний тұздарының ыдырауы. Егер тұз ұшқыш қышқылдан түзілсе, онда ол қыздырғанда толық ыдырайды, бірақ салқындатқанда бөлінген газ қайта әрекеттесіп, бастапқы зат түзіледі: NH4Cl(қ)= NH3(г)+HCl(г) Егер тұз ұшпайтын қышқылдан түзілсе, онда аздап ыдырау жүреді: (NH4)2SO4= NH3↑+NH4HSO4 Анионы тотықтырғыш қасиет көрсететін аммоний тұздарын қыздырғанда тотығу- тотықсыдануға ұшырайды да, нәтижесінде қайтымсыз ыдырау процесі жүреді: NH4NO3=N2O↑+H2O Қолданылуы. Аммоний тұздары кеңінен қолданылады. Аммоний хлориді түтін түзгіш ретінде, ал оның ерітіндісі – мүсәтір металдарды қалайылауда және дәнекерлеуде, гальваний элементін жасауда, бояу өндірісінде қолданылады.