Аммиа́к — NH3, сутегі нитриді, қалыпты жағдайда - өткір иісті (мүсәтір спирті иісті) түссіз газ.
Аммиак ауадан шамамен алғанда екі есе жеңіл. Аммиактың суда ерігіштігі жоғары - 1000 көлем суда 1200 көлем (0 °C кезінде) немесе 700 көлем (20 °C кезінде) NH3 ериді. Тоңазытқыш техникада R717 деген атауға ие, мұндағы R — Refrigerant (хладагент), 7 — хладагент типі (бейорганикалық қосылыс), 17 — молекулалық массасы.
Аммиак суда өте ерімтал, 1 көлем суда 700 көлем аммиак ериді. Аммиак суда ерігенде аммиак гидратын NH3·H2O түзеді. Аммиактың судағы ерітіндісі аммиак суы немесе мусәтір спирті деген атпен дәріханада сатылады.