6. Оқушылардымадақтау 6.1. Оқудағы, шығармашылықтағы, спорттағы жоғары нәтижелері мен қол жеткізген табыстары, белсенді әлеуметтік-маңызды қызметі үшін, сондай-ақ білім алушыларды мектептегі белсенді өмірлік ұстанымға ынталандыру мақсатында білім алушыларды көтермелеу қолданылады.
6.2. Мектептің білім алушылары мадақталады:
оқуда үздік және жақсы жетістіктер көрсеткені үшін;
зияткерлік, шығармашылық конкурстар мен спорттық жарыстарға қатысқаны және жеңіске жеткені үшін;
мектеп пен қоғамның аумағын абаттандыру бойынша қоғамдық пайдалы қызмет пен ерікті еңбекке, еріктілер қозғалысына қатысқаны үшін;
игілікті істері үшін.
6.3. Мектепте ынталандырудың келесі түрлері қолданылады:
алғыс жариялау;
дипломмен, Құрмет грамотасымен немесе мақтау қағазымен марапаттау;
"Мектеп мақтаныштары "стендіне оқушының тегі мен фотосуретін енгізу
6.4. Көтермелеуді мектептің педагогикалық кеңесінің, оқушылар кеңесінің, сынып жетекшісінің ұсынысы бойынша мектеп директоры шығарады және директордың бұйрығымен ресімделеді.
6.5. Көтермелеулер кең жариялылық жағдайында қолданылады, білім алушылардың, ата-аналардың (заңды өкілдердің) және мектеп қызметкерлерінің назарына жеткізіледі.
7. Кезекші сыныптың міндеттері 7.1. Мектеп бойынша кезекшілікке 5-11 сынып оқушылары қатысады;
7.2. Кезекші сынып мектеп бойынша кезекшілікте кезекші әкімшіге, кезекші мұғалімдерге, кезекші сынып жетекшісіне үзіліс кезінде тәртіпті, мектеп үй-жайлары мен оның аумағындағы тазалық пен тәртіпті сақтауға көмектеседі;
7.3. Кезекші сынып мектеп директорының бұйрығымен бекітілген мектеп бойынша сыныптардың кезекшілік кестесіне сәйкес тағайындалады;
7.4. Кезекші сынып өз міндеттерін сағат 7.45-тен (екінші ауысымда кезекші сынып 14.00 -ден) бастап оқу сабақтары немесе мектеп іс-шаралары аяқталғанға дейін орындайды;
7.5 Дүйсенбі күндері саптүзеуде кезекші сынып тақырыптық саптүзеу өткізеді, кезекшілік бойынша есеп береді және кезекшілікті келесі сыныпқа тапсырады;
7.6 Мектептің барлық білім алушылары кезекші сыныптың талаптарын орындауы тиіс.