Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты



бет5/8
Дата26.06.2018
өлшемі460 Kb.
#44827
1   2   3   4   5   6   7   8

Сабақтың мақсаты: 1. Түсініп, дұрыс оқуға, хат жазуға үйрету.2. Оқығанын түсіндіріп айтуға, ойын жеткізе білуге дағдыландыру. 3. Адамгершілікке, сыйластыққа, тазалыққа баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекіліктер: хат, конверт, суреттер

Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Өткенді сұрау:Туыстық, атауларды ата? Өзіңе алған әсеріңді айт.

ІІІ. Жаңа сабақ:а) Кіріспе. Жұмбақты түсініп оқып шеш. «Хат»б) Мұғалімнің түсіндіруі Хат жазуға өнер. Оны жазу үшін алдымен: 1. Хаттың басталуы 2. Назардың оқуы 3. Назарға айтқан атасының ақылы. 4. Хаттың аяқталуы.

ІҮ.Пысықтау:1. Кітаппен жұмыс Түсініп, дұрыс оқу. 2. Хат жазу 3. Хатты жазып отырған кім? Ол хат кімге арналған? 4. Хатты бөлікке бөліп оқы

Ү.Қорыту:1.Сызбамен ауызша жұмыс. 2. Өзің хат жаза аласың ба?

ҮІ. Сабақты қорытындылау, бағалау: Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сендер де алыстағы достарыңа, туыстарыңа хат жазып жіберіңдер. Олардың қалай қуанатынын білесіңдер ғой?

Ү. Үйге тапсырма беру:1.125-126 беттерді түсініп оқу.2. Бағалау.
74. Тақырыбы: Ұшқан ұя.

Мақсаты: Ұшқан ұя тақырыбын оқып, Бауыржан Момышұлы жайлы түсінік беру.Танымдық қабылеттерін дамытуПатриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: Б.Момышұлы суреті.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік.

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексер:уБалғын суретші.Тізбектей оқыту.Мазмұнын сұрау.

ІІІ. Білімдерін тексеру:Бала өзендегі тастарға неге қызықты?Ол бұл тастардан қандай заттар жасайтын еді?Тау жартасы туралы не айтылған?Әңгіме қай суретші жайында?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Ұшқан ұя.

Ү. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс.а/ Ұшқан ұя әңгімесін оқи отырып, Б.Момышұлы туралы түсінік беру.ә/ сөздік жұмысын жүргізуата-тегі арғы аталары баппен- асықпай араз-тату емес.Тақырыпты оқыту.Іштей оқуТізбектей оқу.Дәптермен жұмысСергіту сәті.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:а/ сұрақтарға жауап алу. 1.шығарма кімнің атынан әңгімеленген? 2.Бала Бауыржан әдептіліктің басы сәлемдесу екенін қалай түсінді?

ә/ Ата-тегін білуді Бауыржанға әкесі үйретті. Сенде ата-аналарыңнан өз ата-тектеріңді біліп алыңдар.



ҮІІ. Бекіту.Елін, жерін Отанын қорғай білуге тәрбиелеу.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1.оқу, мазмұны. 2.бағалау.
75. Сабақтың тақырыбы: Ата-ананы құрметтеу туралы

Сабақтың мақсаты: 1. Ата-ананы құрметтеуге, дұрыс түсініп оқуға үйрету.2. Дұрыс сөйлеу әңгімелей білуге дағдыландыру3. Үлкенді сыйлау, құрметтеуге баулу

Сабақтың әдіс-тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекіліктер: суреттер, сызба.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Өткенді сұрау:Бауыржан Момышұлы кім?Оның қандай әңгімесін оқыдық? Одан не білдік?Өзінің ата тегіңді білесің бе?

ІІІ. Жаңа сабақ:а) Кіріспе.- Ата-ананы сыйлау керек пе? б) мұғалімнің түсіндіруі

Қабуснама – ертеде жазылған үгіт-насихатқа толы кітап. Оны жазған адамның есімі – Қалқаус. Ол бұл кітапты өзінің ұлына арнап жазған.



ІҮ.Пысықтау:1. Кітаппен жұмыс. Түсініп, дұрыс оқу 2. Сөздік жұмыс. Перзент – бала, парасат – сана Қаяу – реніш. 3. Бөлімге бөліп оқу, тегін табу. 4. «Сен ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды» қандай оқыдық? 5. Өзің осыған ұқсас әңгіме құрып көр.

Ү. Сабақты қорытындылау, бағалау: Балалар, бүгін біз не үйрендік? Біз қандай болуымыз керек? Бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма беру:128-130 беттерді түсініп оқу
76. Сабақтың тақырыбы: Шығарма. «Ата-ананы құрметтеу»

Сабақтың мақсаты: 1. Бөлімге бөліп, оны жеткізе білуге, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.2. Өздігінен ойын қорытып, әңгімелеп, қағаз жүзінде жазуға, жоспарлауға дағдыландыру 3. Адамгершілікке, сыйластыққа, тазалыққа баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың түрі: пысықтау

Көрнекіліктер: Мәтінге сай сюжетті суреттер

Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ.Жаңа сабақ:а) Кіріспе. Ата-анааңды қалай сыйлайсың? б) Мұғалімнің көмегімен жоспар құру: Басы. Ата-анаң жайлы Негізгі бөлім: Өзіңнің сыйлауың. Соңы .Не үшін сыйлайсың? в) Оқушы еңбегі г) мұғалімнің көмегі

ІІІ. Қорыту.Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық?

ІҮ. Сабақты қорытындылау, бағалау: тұжырымдау, бағалау.

Ү. Үйге тапсырма беру:Қайталау.
77. Тақырыбы: Жылу.

Мақсаты: Жылу өлеңін оқып, мағынасын түсіндіру.Тілін,сөздік қорларын дамыту. Анасын сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Бөрте мен Зөре.Оқыту, әңгімелету.

ІІІ. Өткенді қорыту.Нұржанға мінездеме беру.Жануарлар туралы әңгімелету.

ІҮ. Мақсат қою:Жылу.Сертігу сәті.

Ү. Жаңа сабақ:а/ Автор туралы түсінік /суреттеу, өмірбаяны/ Өлеңді оқу Сөздік жұмыс жүргізу.Өлеңді оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Өлеңде кім туралы айтылған? Ана құшағы неліктен жылы? Ақын анасын тағы неге ұқсатады? Ана сүті неліктен қасиетті? Өлеңнен ақынның анаға деген сезімін білдіретін жолды тауып оқы.

ҮІІ. Бекіту.Ана туралы мақал-мәтелдер. Ана туралы әңгімелеу.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1. Өлеңді жаттау.2.Бағалау.
78. Тақырыбы: Әже

Мақсаты: Әже өлеңін оқып, мағынасын түсіндіру.Тілін,сөздік қорларын дамыту.Анасын сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Жылу жатқа сұрау

ІІІ. Өткенді қорыту:Өлеңде кім туралы айтылған?Ана құшағы неліктен жылы?Ақын анасын тағы неге ұқсатады?Ана сүті неліктен қасиетті?

ІҮ. Мақсат қою:Әже.Сергіту сәті.

Ү. Жаңа сабақ:а/ Автор туралы түсінік /сурету, өмірбаяны/ Өлеңді оқу. Сөздік жұмыс жүргізу. Өлеңді оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:Өлеңде кім туралы айтылған? Ақын әже қамқорлығы тиуралы не дейді?

ҮІІ. Бекіту.Менің әжем тақырыбына әңгіме жазу.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1.Өлеңді жаттау.2.Бағалау.
79. Тақырыбы: Бұл кім? Бесік жыры

Мақсаты: Бұл кім? өлеңін оқып, түсіндіру. Мәнерлеп шапшаң оқуға дағдыландыру.Тілін, сөздік қорларын дамыту.Мейірімділікке тірбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа даярлық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Ғылым таппай мақтанба. Жатқа сұрау.

ІІІ. Білімдерін тексеру:Өлеңді кімдерге өсиет етіп қалдырған?Адам болу үшін қандай қасиеттер керек?Бес дұшпан деп нені атайды?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ: а/Ы.Алтынсарин – қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз,қазақ балаларына арнап тұңғыш мектеп ашқан. Балаларды оқу-білімге шақырған. ә/ Өлеңдерді оқу талдау.б/ сөздік жұмысын жүргізу. Оқулықпен жұмыс,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:Өлең кімге арналған? Түн ұйқысын төрт бөліп дегенді қалай түсінесің? Күшті болып өсу үшін нелер қажет? Қайталанып тұрған сөздерді табу.Өз уақытыңды қалай пайдаланасың?

ҮІІ Қорыту.Мақал-мәтелдер.

ҮІІІ Үйге тапсырма: 1. Өлеңдерді мәнерлеп оқу. 2.бағалау
80. Ы. Алтынсарин. Шеше мен бала.

Сабақтың мақсаты: 1. Дұрыс, түсініп жаңылмай айту дағдыларын қалыптастыру.

2. Ойын, сөздік қорын дамыту.3. Мейірімділікке, қайырымдылыққа баулу



Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызба

Сабақтың барысы:І .Ұйымдастыру кезеңі

ІІ .Өткен сабақ:Бесік жырын хормен, жеке айту. Ана баласына айтатын жылы сөздер

ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру:Ана туралы пікірлер

ІҮ. Мақсат қою:Бала, тәрбие туралы мақал-мәтелдер

Ү. Жаңа білімді меңгерту:1. Кіріспе. Сен анаңның тілін аласың ба? 2. Сөздік жұмыс Тентек – бұзақы 3. Түсіндіру 4. Кітаппен жұмыс1. Бөліктермен оқу2. Түсініп оқу3. Мазмұнын талдау5. Сіңлісінің сөзін тауып қайталап оқу 6. Рөлмен оқу7. «Диалог» сөзінің ережесі 8. Қай кейіпкер саған ұнады?

ҮІ. Жаңа білімді қорытындылау:Үлкен қыздың орнына сен болсаң не істер едің?Алла разы болсын деген сөйлеу үлгісіне мән бер. Осы үлгіні пайдаланып, өзара диалог құрап көр.

ҮІІ. Үйге тапсырма:1. 136-140 бет түсініп оқу

ҮІІІ. Бағалау.
81. Тақырыбы: М.Мақатаев. Қарттарды сүйем.

Сабақтың мақсаты: 1. Мәнерлеп оқи отырып, түсінігін әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру.м2. ойлау, мағыналы сөздерді табу, сөздік қорын дамыту. м3. Адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді қалыптастыру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызба

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Өткен сабақ.Диалог деген не? Бөлікке бөліп әңгімелеу. Тапсырмалармен сұрақтармен жұмыс

ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру: Ұлағатты сөз Мақал-мәтелдер ата-ана, бала, қарттар туралы.

ІҮ.Мақсат қою:Қарт қандай кісілер?

Ү. Жаңа білімді меңгерту:1. Кіріспе, сызбамен жұмыс Қарт: 1. Шежірелі 2. үлкен кісі,

3. кәрі,4. дана,5. кемеңгер,6. бәрін білетін адам,7. егде,8. сақалды. 2. Сөздік жұмыс Хақы – мұнда: еңбегі. 3. Түсініп оқы, көңілін тоқы «Алпамыс жырынан» 4. Суретпен жұмыс, әңгімелеу 5. Кітаппен жұмыс Мәнерлеп оқу. Іштей, түсініп оқу Мазмұнын ашып, талдау



ҮІ. Жаңа білімді қорытындылау: Мұрагер дегенді қалай түсінесің? Неге осы өлеңді бөлімнің соңына берген?

ҮІІ. Үйге тапсырма:1. Мәнерлеп, түсініп оқу.

ҮІІІ: Бағалау
82. Тақырыбы: Мазмұндама.

Мақсаты: Оқушыларға мазмұндама жаздыра отырып, өз ойларын қорытып, жаза білуге баулу.Тілін, сөздік қорларын дамыту. Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мазмұндамалар жинағы.

Әдісі: сұрақ-жауап,өзіндік.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушы зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.Дәптерлерін таратып беру. Мазмұндама тақырыбымен таныстыру.« » оқып, түсіндіру.Сұрақтарға жауап алу.Өз түсініктері бойынша қысқаша мазмұнын айту.

ІІІ. Білімдерін тексеру. Мазмұндаманы жазу. Жеке оқушыларға көмек көрсету. Түсіндіру.

ІҮ. Сабақты аяқтау.Оқушы жұмыстарын жинап алу. Бағалау.
83. Сабақтың тақырыбы: Бөлімді қайталау

Сабақтың мақсаты: 1. «Қадірлі әкелерім, аяулы мейірімді аналарым» бойынша, алған білімін тиянақтау.2. Сөйлеу ойын жеткізу,есте сақтау қабілетін дағдыландыру 3. Ойын қорыту,үлкенді сыйлауға баулу.

Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап

Сабақтың түрі: қорыту

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі ІІ.Өткенді сұрау: Қандай бөлімді өттік? Онда қандай тақытыртар өттік? (тақытыптарды атау) Қандай ереде, тыйым сөздермен таныстық?

ІІІ.Қандай өлеңдерді жаттадық?Ата ақылы, жылу,әже, Бесік жыры.Қарттарды сүйемін. Ата-анасына сүю туралы

ІҮ.Қандай мақал-мәтел нақыл,жаңылтпаш жаттадық?

Ү.Сызба,сөзжұмбақ, суреттермен жұмыс

Сабақты пысықтау, қорыту

1)Ә 4)В 7)Б 10)Б

2)А 5)В 8)В

3)Б 6)Б 9)А,Ә

2Мұрагер деген сөзді қалай түсінесің? Диалог деген не? 3.Суретке қарай не айтар едің? Бағалау Тест



Үйге :114-144
84. Сабақтың тақырыбы: Адам болам десеңіз. Салақтық

Сабақтың мақсаты: 1. Оқу, түсініп оқу адамдық қасиеттерге үйрету 2. Ойлау, сөзжұмбақ, ребустар шешу арқылы тапқырлыққа баулу 3. адамгершілікке, сыйластыққа, тазалыққа баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекіліктер: ребус, сөзжұмбақ, суреттер.

Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Жаңа сабақ:а) Кіріспе1. Сөзжұмбақ «Мақал», «Мәтел» шешу 2. Осы мақал-мәтелге ортақ қандай тақырып беруге болады? «Адамгершілік» б) мұғалімнің түсіндіруі Ыбырай Алтынсариннің әңгімесін түсініп оқудың алдында қандай әңгімелер оқыдық?

Пысықтау:1. Кітаппен жұмыс (түсіндіріп оқу)2. «Салақтық» сөзіне қарама-қарсы мағыналы сөздерді тап.3. Автор туралы не білесің?



ІІІ. Қорыту«Тазалық – денсаулық кепілі» мәтінге сай құрылғанын дәлелде.Сен өзіңді қандай баламын деп ойлайсың? Өзің туралы айт.

ІҮ. Сабақты қорытындылау, бағалау

Мақал-мәтелді талдау, бағалау.



Ү .Үйге тапсырма беру:145-147 бетті түсініп оқу
85. Тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады?

Мақсаты: Оқушыларға мәтіннің негізгі ойды идеясын ұғындыру. Сөз тіркестерін пайдалана отырып, байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Жаман қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: Оқулық

Түрі : аралас

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Тәкаппар. Мәнерлеп оқу

ІІІ. Өткенді қорыту:жаман әдеттер, мақтаншақ, өркөкірек, менмендік, ұйқышылдық

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сүт қалай ұйықтады? О.Әубәкіров.

Ү. Жаңа сабақ:а/ Мысалды оқу, ә/ сүтке байланысты әрекеттер ұйықтап қапты, іріп қапты, оянбапты мән беріп оқу. б/Оқушыларға оқыту. в/Мысалды талдау .г/ оқулықпен жұмыс, іштей оқу, тізбектей оқу, ертегіге қатысты мақалды табу.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Ертегі не туралы? Бір күні сүтке не болыпты? Ел-жұрт неге қайран қапты? Ұйықтаймын деп сүт неге ұшырапты? Сүттің аянышты халін кім байқапты? Сүт неліктен жылады? Осы ертегіде ақын не айтпақ болды деп ойлайсың?

ҮІІ. Бекіту:Сүттен жасалатын тағамдар?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Мәнерлеп оқу.Бағалау
86. Сабақтың тақырыбы: Амандасу салты

Сабақтың мақсаты: 1. Амандасуға, түсінігін оқуға, дұрыс жауап беруге үйрету.2. Тіл байлығын, сөйлеу қабілеттерін дамыту.3. Амандасу, адамгершілікке баулу

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекіліктер: суреттер, сызбалар.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру

ІІ. Өткенді сұрау:1. Мәнерлеп оқу 2. Ертегіде не жайлы айтылған? Суретке қарап түсінгеңінді әңгімеле

ІІІ. Жаңа сабақ:А) Кіріспе Сендер амандасу деген не деп ойлайсыңдар? Мақалды қалай түсінесіңдер?Б) мұғалімнің түсіндіруі Амандасудың қандай түрлерін білесіңдер? В) Сөздік Парыз – міндет,Сәлем – тыныштық, бейбітшілік.

ІҮ. Пысықтау:Кітаппен жұмыс, түсініп оқу. Ассалам – деген не? Ассалаумағалейкум – үлкенге жауап кішіге уағалейкумассалам. Сәлеметсіз бе? Жастардың амандасуы. Сызбаны толтыру.

Ү. Қорыту: Төс қағыстырып амандасудың мәнісі неде? Сабақты қорытындылау, бағалау

Жеке оқушылрға озық тапсырма беру, сызбаны толтыру.



ҮІ. Үйге тапсырма беру:149-152 бет ойланып жауап беру
87. Сабақтың тақырыбы: Даңғой. Мысал

Сабақтың мақсаты: 1. Түсініп, мәнерлеп,, нақышына келтіріп оқуға үйрету 2. Тауып оқу, сызбаны толтыру, ойлап жауап беруге дағдыландыру. 3. Мәдениетке, мейірімділікке, түсінушілікке баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекіліктер: суреттер, сызба

Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ.Өткенді сұрау:Қалай амандасу керек?Амандасудың қандай түрлерін білесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабақ:а) Кіріспе Сендер қалай ойлайсыңдар, «даңғой» деп қандай адамды айтады? б) мұғалімнің түсіндіруі Пысықтау: Өндірмесе дәнеме, Мақтанғаннан не пайда? 1. Кітаппен жұмыс Мәнерлеп, түсініп оқу2. Қарияның сөзін тауып оқы 3. Сызбаны толтыру. 4. Қиярдың сөзін тап. Қияр қандай күйге ұшырады? Мысалдың негізгі ойын тап

ІҮ. Қорыту:Ойланып жауап бер.1 кг қияр – 100 теңге, 1 кг – 70 теңге қайсысын аласың?

Ү. Сабақты қорытындылау, бағалау: Балалар, бүгін біз не үйрендік? Біз қандай болуымыз керек?Бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма беру:152-154 беттерді мәнерлеп оқу
88. Тақырыбы: Такаппар

Мақсаты: Тәкаппар мысал өлеңді оқып, түсіну, Мәнерлеп оқуға

дағдыландыру. Өлең мағынасын табуға үйрету.

Тілін сөздік қорларын дамыту, есте сақтау қабілеттерін

дамыту.


Жаман әдеттен жиренуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, іздену

Көрнекілігі: суреттер, мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Бурыл ат. Оқыту. әңгімелету, талдау.

ІІІ. Білімдерін тексеру.Үлестірмелерге жауап алу. Жылқы туралы мақал-мәтел

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Тәкаппар

Ү. Жаңа сабақ.Шона Смаханұлы өмірі. Мысалды оқу, әр сөзіне түсінік беру. Өлеңнің мысал екендігін ұғындыру,өмірмен байланыстыру
89. Тақырыбы: Көк кептер

Мақсаты: Көк кептер әңгімесін оқып, құстарға қамқорлық жасау жайлы түсінік беру. Мәнерлеп оқып, мазмұнын айта білуге баулу. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: құстар суреті.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік жұмыс.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Тізбектей оқыту. Мазмұнын сұрау.

ІІІ. Өткенді пысықтау:Балық аулаған балының көңіл күйі өлеңде қалай суреттелген? Бала қармағына не деп сөйледі? Көл жағасында өлеңінде жылдың қай мезгілі суреттелген? Тау етегі неге ұқсайды?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Көк кептер

Ү. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс.а/ «Көк кептер» әңгімесін оқып, мазмұнын ашу. Құстарға қамқорлық жасау жайлы түсінік беру. ә/ әңгімені оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу

б/ Сергіту сәті

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: а/ сұрақтарға жауап алу Нүсіпбек қандай жағдайға тап болды? Оған ара түскен кім? Балалардың үлкендеуі не үшін Нүсіпбек жөнінде сұрап біліп алды деп ойлайсың? Балалар көк кептерге қандай көмек жасауы мүмкін? ә/ Тапсырмаларды орындау,әңгімені рөлге бөліп оқу,мәтіннен көк кептердің аянышты халі айтылған жолдарды тауып оқы. б/ Жұмбақты шешу. в/ құстар туралы өлең тақпақтар айту.

ҮІІ. Бекіту:құстар жайлы нақыл сөздер айту.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұнын айту.Бағалау.

М.Әлімбаев. Кім жомарт? Не жомарт?


90. Сабақтың тақырыбы: Кім жомарт? Не жомарт?

Сабақтың мақсаты: 1. Мейірімділік, қайрымдылық, турашылық жайында әңгімелей келе дұрыс, түсініп оқуға үйрету. 2. тауып оқу, сызбаны толтыру, ойлап жауап беруге дағдыландыру. 3. адамгершілікке, сыйластыққа, тазалыққа баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекіліктер: кесте, сызба

Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Өткенді сұрау:Нүсіпбек пен Айғанымның әрекеті саған ұнады ма?

ІІІ. Жаңа сабақ:а) Кіріспе. «Жомарттық» деген не деп ойлайсың?

б) Мұғалімнің түсіндіруі1. Сызбамен жұмыс:Жомарттық: 1. 2. 3.

Пысықтау:1. Кітаппен жұмыс Іштей, рөлмен оқу. 2. Мақалды талдау Жомарттық сөзіне қарама-қарсы сөзді табу. (Шығайбай) 3. Ақынның сөзінен кім жомарт? Не жомарт? екенін табу.

ІҮ. Қорыту:1. Өлеңді жалғастырып көр.2. Ойланып, жауап бер. Мұраттың әрекеті дұрыс па? Сызбаны толтырайық.

Ү. Сабақты қорытындылау, бағалау: Балалар, бүгін біз не үйрендік? Біз қандай болуымыз керек?Бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма беру:159-161 беттерді рөлмен оқу
91. Тақырыбы: Жиырма тиын Ж.Кәрбозин

Мақсаты: Ж.Кәрбозиннің әңгімесін жиырма тиын әңгімесін оқи отырып, Алтайдың тіл алғыш , ақ көңіл, қайырымдылығы жайлы түсінік беру. Әңгімені мәнерлеп оқи білуге баулу, өз ойларын қорытып қорытып айтуға үйрету. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Оқулық, үлестірмелер бойынша

Әдістер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, өзіндік

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Даңғой мысалын оқыту

ІІІ. Өткенді пысықтау:Қияр нені қиялдады? Сол үшін не істеді? Уақыт жеткенде қияр қандай күйге ұшырады?

ІҮ. Сабақтың мақсатын қою.Ж. Кәрбозин Жиырма тиын

Ү. Жаңа сабақ:а/ Жиырма тиын әңгімесін оқып, түсіндіру.ә/ сөздік жұмысын жүргізу.

ҮІ. Білімдерін тексеру:а/ Әңгімені оқыту, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу.

ә/ Сұрақтарға жауап алу.әңгіме кімнің атынан баяндалған? Бірде Алтайды апасы қайда жұмсады. Дүкенге жақындағанда қандай оқиға болды? Алтай Қанатқа қалай көмектесті?

Сергіту сәті. б/ Тапсырмаларды орындау. 1.Дүкен жанындағы оқиғалы рөлге бөліп сөздерін пайдалану. 2.Алтайға мінездеме беру. Тіл алғаш, ақ көңіл, қайырымды сөздерін пайдалану. 3.Мақалдарды оқып, мағынасын ашу

ҮІІ. Қорыту. Бүгін не өттік? Әңгімені қорыта отырып, адамгершілікке тәрбиелеу.

ҮІІІ Үйге тапсырма:Оқу, мазмұны. 2.Бағалау
92.Тақырыбы: М. Дулатов .Ешкімге жауыздық қылма. Ә. Дүйсенбиев Атай

Мақсаты: Ешкімге жауыздық қылма әңгімесін оқып, бай мен кедейдің арасындағы жағдай туралы түсінік бере отырып, көре алмау, қызғаншақтық жайлы айту. Атай өлеңін оқи отырып, жасы үлкен кісіні қалай құрметтеу жайлы түсінік беру.Мәнерлеп оқуға, өз ойларын қорытып айтуға баулу.Адамгершілікке, кішіпейілділікке , ізеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқулық. М.Дулатов суреті, үлестірмелер

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, әңгімелеу, өзіндік



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет