Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік
ІІ .Үй тапсырмасын тексеруМен қалай оқуға бардым. Екі балықшы. Ата насихаты
ІІІ. Өткенді пысықтау.А.Байтұрсынов кім? Оның оқуға баруына кімнің әсері тиді? Екі балықшының керісуі дұрыс па? Ата балаларына қандай өсиет айтты?
ІҮ Мақсат қою кезеңі:М. Дулатов Ешкімге жауыздық қылма Ә.Дүйсенбиев Атай
Ү. Жаңа сабақ:а/ М.Дулатов – Торғай облысындағы Сарықопа деген жерде дүниеге келген. Ол ақын, жазушы, педагог. Ол жастарды білімге шақырды. ә/ Ешкімге жауыздық қылма әңгімесін оқып, түсіндіру.б/ Сөздік жұмыс Күндеу – көре алмау в/ Атай өлеңін оқып, мазмұнын ашу. г/ Дәптермен жұмыс
. 1.Үлкенге құрмет, кішіге –ізет. 2.Үлкеннің алдын кесіп өтпе, оған жол бер.ғ/ Сергіту сәті.
ҮІ. Білімдерін тексеру«Ешкімге жауыздық қылма» әңгімесін оқыту. Ііштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу,«Атай» өлеңін мәнерлеп оқу. Сұрақтарға жауап алу. Әңгімеге кімдер қатысқан? Тіленші байға неліктен кектенді? Байдың басына қандай күн туды? Тіленші сертін неге орындай алмады? Тапсырмаларды орындау. Байға мінездеме бер. Мәтіннен Тіленшінің сертін тауып оқу
ҮІІ. Қорыту.Бүгін не өттік?
ҮІІІ.Үйден:Оқу, өлеңді жаттау.Бағалау.
№93. Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама. Балапан мен мысық.
Сабақтың мақсаты: 1. өздігінен түсініп оқу, мазмұнын баяндауға үйрету. 2. қағаз бетіне жаза білу, өздігінен еңбек еңбек етуге дағдылану 3. Сауатты жазу, дұрыс сөйлем құруға баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың түрі: пысықтау
Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ. Жаңа сабақ: а) Кіріспе.Өздігіңнен ойыңды жаза аласың ба? б) мұғалімнің түсіндіруі
Наурыз айы келді. Балалар қараторғайға ұя жасады. Асан да құстарға ұя дайындады. Бір күні ұяда үш балапа пайда болды. Шешелері тамақ әкелуге кеткенде аш балапандардың біреуі жерге құлап түсті. Оны көріп ала мысық балапанға жақындай түсті. Қараторғайлар балапанын айнала шырылдап ұшып, Асаннан көмек сұрағандай болды. Ол қалына шыбық ала салып мысықты біраз жерге дейін қуып тастады. Жерде жатқан балапанды ұясына салды. Қараторғайлар шат-шадыман болып әсем әуенге басты.
Тірек сөздер: Шат-шадыман, әсем әуен.
Жоспар:1. Ұя жасау 2. Балапанға төнген қауіп. 3. Араша түскен Асан
ІІІ. Сабақты қорытындылау, бағалау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Біз қандай болуымыз керек?Бағалау.
ІҮ. Үйге тапсырма беру. Бір ертегі жазып келу
№ 94. Тақырыбы: Көктем келді. Көктем.
Мақсаты: Өлеңдерді оқып көктем белгілерімен көріністері жайлы түсінік
беру.
Өлеңдерді мәнерлеп оқи білуге баулу.
Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: оқулық, көктем мезгілі түрлі-түсті суреттер
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік
Түрі:аралас сабақ
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеруКөк кептер.Тізбектей оқыту. Сұрақтарға жауап алу. Мазмұнын сұрау.
ІІІ. Өткенді пысықтау. Құстардың пайдасы, оларды қорғау жайлы айту.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Көктем келді. Көктем.
Ү. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс.а/ Көктем жайлы кіріспе әңгіме жүргізу. Көктем белгілері, көріністері жайлы айту. ә/ Көктем келді. Көктем өлеңдерін оқып мазмұнын ашу. б/ Сөздік жұмыс. Суат – су алабы, мал суаратын жер Ебелек – шөптің түрі. в/ Дәптермен жұмыс
ҮІ Түсінгендерін тексеру: а/ Өлеңдерді оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке. ә/ сұрақтарға жауап алу . Жаңылтпашты жаңылмай айту. Жұмбақты шешу.
ҮІІ Бекіту .Бүгін не өттік?
Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:1. Мәнерлеп оқу.2.бағалау.
№95. Сабақтың тақырыбы: Еркіннің еңбегі
Сабақтың мақсаты: 1. Еркіннің еңбек етуін айта отырып, еңбек етуге, дұрыс түсініп оқуға үйрету. 2. ойын қорыта білуге дағдыландыру 3. адамгершілікке, сыйластыққа, тазалыққа баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекіліктер: суреттер, сызба
Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ. Өткенді сұрау:1. Жатқа айту 2. Көктем белгілерін ата
ІІІ. Жаңа сабақ:а) Кіріспе. Балалар, сендер қандай жұмыстарды істейсіңдер? б) мұғалімнің түсіндіруі. Мақал-мәтелді оқу, тақырып қою «Еңбек» Пысықтау 1. Мәтінді түсініп оқу .Жалғастырып оқу 2. а) Еркіннің атасының шөп шапқаны жайлы тауып оқу. б) Еркіннің шөп шабуын тап. в) Ең соңғы азат, жолды тауып оқы, не жайлы айтылған.
ІІІ. Қорыту:1. Еңбек, жазғы еңбек жзайлы қандай еңбек түрлері болатынын айт. 2. «Еңбектің наны тәтті» нақыл сөзінің мәнін түсіндір, мәтінге қатысы бар ма?
ІҮ. Сабақты қорытындылау, бағалау:Балалар, бүгін біз не үйрендік? Біз қандай болуымыз керек? Жазғы еңбек жайында кім бізге әңгімелеп береді? Бағалау.
Ү. Үйге тапсырма беру:167-169 беттерді түсініп оқу
№96. Тақырыбы: Ұзынсары.
Мақсаты: Ақынның наурыз айындағы көктемгі даланы суреттеуі, табиғаттағы
өзгерістер туралы түсінік беру.
Өлеңді мәнерлеп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту
Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік
Көрнекілігі: түрлі түсті суреттер
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Наурыз.Мәнерлеп оқу.
ІІІ. Өткенді пысықтау:Сұрақтар қоя отырып
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Ұзынсары.
Ү. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс. Ұзынсары. Оқып, мазмұнын ашу .ә/ Сөздік жұмыс Тошала – қыста ет сақтайтын бөлме б/ тақырыпты оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:а/ сұрақтарға жауап алу.Қазақтың ұлттық ет тағамдарын ата Үлкендерден шұжықтың қалай жасалатынын біліп ал. б/ жұмбақты шешу.
Қос қанатын иіп ап
Жарға келіп қонады
Кара киім киіп ап
Балшықтан үй соғады /қарлығаш/
ҮІІ.Бекіт:Табиғатты қорғай білуге баулу
ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұны.Бағалау
№97. Тақырыбы: Наурыз көже
Мақсаты: Наурыз өлеңін оқып, ақынның наурыз айындағы көктемгі даланы
суреттеуі, табиғаттағы өзгерістер туралы түсінік беру.
Өлеңді мәнерлеп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту
Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік
көрн: түрлі түсті суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі - Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Ақ бота
Тізбектей оқыту, мазмұнын сұрау.
ІІІ. Өткенді пысықтау
Түйенің пайдасын айта отырып, қорыту.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі, Наурыз.
Ү. Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс а/ Наурыз өлеңді оқып, мазмұнын ашу.
б/ Өлеңді оқыту: Іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу
ҮІ Түсінгендерін тексеру
а/ сұрақтарға жауап алу.
Өлеңнің ертеректе жазылғанын неден байқауға болады?
Наурыз айындағы өзгерістерді қалай суреттеген?
Наурыз айында далада қандай еңбек басталады?
Наурыз айында қандай мейрам бар?
Мал мен жеміс ағашы туралы не айтылған?
ҮІІ Бекіту.Табиғатты қорғай білуге баулу.
ҮІІІ. Үйге тапсырма
өлеңді мәнерлеп оқу, бағалау.
№98. Тақырыбы: Наурыз жыл басы.
Мақсаты: Ақынның наурыз айындағы көктемгі даланы
суреттеуі, табиғаттағы өзгерістер туралы түсінік беру.
Өлеңді мәнерлеп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту
Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік
көрн: түрлі түсті суреттер, түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі - Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Наурыз, мәнерлеп оқу.
ІІІ. Өткенді пысықтау. Сұрақтар қоя отырып
ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Наурыз жыл басы.
Ү. Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс. Наурыз жыл басы. Оқып, мазмұнын ашу.
ә/ Сөздік жұмыс Тошала – қыста ет сақтайтын бөлме
б/ тақырыпты оқу: іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу
ҮІ Түсінгендерін тексеру
а/ сұрақтарға жауап алу: қазақтың ұлттық ет тағамдарын ата
Үлкендерден шұжықтың қалай жасалатынын біліп ал.
б/ жұмбақты шешу.
Қос қанатын иіп ап
Жарға келіп қонады
Кара киім киіп ап
Балшықтан үй соғады /қарлығаш/
ҮІІ Бекіту:Табиғатты қорғай білуге баулу
ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұны.Бағалау
№99. Тақырыбы: Үйшік. (орыс ертегісі)
Мақсаты: 1.Орыс халық ертегісін түсініп оқу. Диалог құрап ертегіні сахыналау 2.Қызуғушылықтарын арттыру 3.Адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру1.Ө.Ақыпбековтың «Наурыз жыл басы.» өлеңін мәнерлеп оқыту. 2.Өлеңді 2 бөлікке бөл. Әр бөліктегі ақын ойын өз сөзіңмен әңгімеле. 1- бөлік Көктем мезгілі. 2- бөлік Наурыз мейрамы. 3. Наурыз мейрамын сен қалай қарсы аласың?
ІІІ. Мақсат қою кезеңі
ІҮ. Жан-жақты білімін тексеру.1. Қандай орыс ертегілерін білесің? (Бауырсақ).2. Сызбаны толтыр. Ертегілердің қандай түрлері бар
Ү. Жаңа сабақ:1. Сюжетті суреттер бойынша «Үйшік» ертегісінің мазмұнын түсіндіру. 2. Ертегінің мәтінің 4-5 оқушыға дауыстап оқыту. 3. Іштей оқыту
ІҮ. Сергіту сәті
Ү Сабақты бкекіту:1. Топтық жұмыс. Кейіпкерлер арасында сөйлесу (диолог) құрап, ертегіні сахналап көру. 1-топ Тышқан мен бақа 2-топ Қоян және басқа аңдар 3-топ Түлкі және басқа аңдар 4-топ Қасқыр және басқа аңдар 5-топ Аю және басқа аңдар
ҮІ Сабақты қорыту
1. Адасқан сөздер ойыны.
Берілген іс-қимылдың қай аңға қатысты екенін көрсет
Секіріп
Алақ-жұлақ етіп
Қорбаңдап
Жүгіріп
Ытқып-ытқып
Қуанып
|
Түлкі
Аю
Қасқыр
Бақа
Тышқан
Қоян
|
2. Мақал-мәтелдерді түсініп оқы.
Бірлік болмай тірлік болмас. Ырыс алды ынтымақ.
Саусақ бірікпей, ине ілікпейді.
Осы мақал-мәтелдерге қандай ортақ тақырып қояр едің?
Мақал-мәтелдердің ертегідегі оқиғаға қатысты екенін дәлелдеп көр.
ҮІІІ Үйге тапсырма бағалау
1. Ертегіні оқып, мазмұнын айту 2. Сурет салу ( Кейіпкерлердің суреті)
3. Мақал-мәтелдерді жаттау, толық мазмұнын ашу 4. Бағалау
№100. Мазмұндама
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушщыларға дайын мәтін бойынша мазмұндама жаздыру
2. Білімін, есте сақтау қабілетін дамыту. 3. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: бекіту сабағы
Әдісі: сұрақ-жауап
Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық
ІІ. Мақсат қою, тақырыбын хабарлау
ІІІ .Мазмұндама «Қуаныш»1. Мәтінді оқып талдау.
Қуаныш
Көктем шығысымен Анар есігінің алдына гүл егіп, ағаш отырғызды. Күнде су құйып тұрды. Бір күні ол әкесімен бірге ауылға кетті. Таңертең гүлге, ағашқа су құю керек екендігі есіне түсті. Анасына тапсырмағанына өкінді. Өзі барғанша гүлдер солып қалатын шығар деп уайымдаумен болды. Ұзақ жата алмай 4-5 күннен соң өз үйіне қайтып оралды.
Келсе гүлі де, көшеттері де аман екен. Жайқалып өсіп қалыпты. Сөйтсе, анасы су құйып, күтімге алып жүріпті. Оны көрген Анар қатты қуанды.
2. Тірек сөздер.Солып қалатын уайымдаумен болды. Көшеттері.3. Жоспар құру
ІҮ. Үйге тапсырма беру кезеңі :Қайталау
№101. Бөлімді қайталау. Тест
Сабақтың мақсаты: 1. « Адам болам десеңіз» бөлімін қайталауға оқушылардың білімін тексеру мақсатында тест алу.2. Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру3. Зейінділікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.
Түрі: аралас
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезең.Сабаққа әзірлік
ІІ.Жан-жақты білімін тексеру1. Аяқтаған бөлімнің атын ата? ( « Адам болам десеңіз»)
2. Осы бөлімде қандай тақырыптармен таныстық жеке-жеке атату
ІІІ. Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІҮ. Қайталау сабағы:1. Оқушылардың алдына бөлімді қайталауға арналған тест жұмыстарын таратып беру.2. Әр оқушы өз бетімен сұрақты оқып, белгілеп шығады.(20 мин уақыт беріледі.)
Тест сұрақтары
1.Оқиғасы « тазалық- денсаулық кепілі» деген мақалға құрылған шығарманы ата
А) О.Әубәкіров. Сүт қалай ұйықтады?
Ә)Ы.Алтынсарин Салақтық
Б)М.Гумеров Көп кептер
В) Ж.Карбозин 20 тиын
2. «Ұйқышылдық- жаман әдет» деген нақыл сөз қай мәтінге қатысты?
А) Ж.Карбозин 20тиын
Ә)Ы.Алтынсарин Салақтық
Б) О.Әубәкіров. Сүт қалай ұйықтады?
В) Е.Ерботин Даңғой
3. «Өтдірмесе дәнеме
Мақтанғаннан не пайда» деген жолдар қай мәтіннің қорытынды ойы
А) Е.Ерботин Даңғой.
Ә) Ш.Смаханұлы Тәкәппар
Б) О.Әубәкіров. Сүт қалай ұйықтады?
В) Ә.Дүйсенбиев Атай
4. «Өркөкірек мақтаншақ» сөздерінің мағынасына жуық кеоетін сөзді тап
АҰйқышыл
Ә)Еріншек
Б) Салақ
В) Тәкәппар
5. «Даңғой » сөзінің мағынасын ашатын сөзді тап
А)Еріншек
Ә)салақ
Б) Ұйқышыл
В) Мақтаншақ
6.Басыңа іс түссе
Жақсы көмек етеді
Жаман күліп өтеді деген мақалға қатысы бар шығарманы ата
А) Дүйсенбиев Атай
Б) Ж.Карбозин 20 тиын
В) Ы.Алтынсарин Салақтық
Ә)Қ.Жұмаділов Ұзын сары
7.М.Гумеровтың әңгімесінде көк кептеррді атқан кім?
А)Балалар
Ә)Көрші әйел
Б)Аймаған
В)Нүсіпбек
8.Наурықдың ұзақ күндері калай аталады?
А)Мамыр
Ә)Наурыз
Б)Ұзын сары
В)сәуір
9.Жұмбақтың шешуін тап Қырға кілем жайылды.
А)Ағаш
Ә)Қызғалдақ
Б)Қозы лақ
В)Мал
10. «Көлдің мұзын күн тесті
Аппақ тонын жер шешті» деген жолдарда қай жыл мезгілі туралы айтылған?
А)Қыс
Ә)Көктем
Б)Жаз
В)Күз
СЕргіту сәті
ҮІ Қорыту.Оқушыларға ертегі оқыту.Жұмбақ шешіп,ребус шешу
ҮІІ. Үйге тапсырма:Қайталау. Бағалау
№102. Тақырыбы: Әбілмансұр. М.Әуезов.
Мақсаты: «Өнегелі өмір» тарауы жайлы түсінік бере отырып, М.Әуезовтың«Әбілмансұр» мәтінін оқып, мазмұнын ашу. Абылай өмірі туралы түсінік беру. Мәнерлеп оқи білуге, өз ойларын қорытып айтуға баулу. Ержүректікке, батылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Абылайхан, қазақ билерінің суреті.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
ІІ. Мақсат қою кезеңі:Өнегелі өмір тарауы жайлы түсінік беру.
«Елдің атын ер шығарады» дегендей әр халықты басқа жұрт ер жүрек батырларынан, ұлы адамдарынан таниды. Мысалы: Абай атамыз арқылы басқа елдер қазақ жұртын біледі. Ендеше елі үшін еңбек етіп, елінің атын шығарған ұлы адамдар туралы оқып, танысайық.
ІІІ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. а/ М.Әуезов - /1897-1961/ жайлы түсінік беру. ә/ Әбілмансұр мәтінін оқып, түсіндіру. Абылай хан қазақ халқының әйгілі ханы. Төле бидің тәрбиесінде болған. Әбілмансұр – Сабалақ – Абылай. б/ Дәптермен жұмыс. Абылай, Төле би, Сабалақ, қанжығалы Бөгенбай, Әбілмансұр.
ІҮ. Білімдерін тексеру.Мәтінді оқу , іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу. а/Сұрақтарға жауап алу. Абылай бала кезінде нелдіктен Сабалақ атанған? Төле би оның ел билейтінін қайдан білді? Елін қорғағысы келген Сабалақты Төле би қалай аттандырды?
Сергіту сәті. б/ Тапсырмаларды орындау. Мәтінді мына ретте әңгімеле. Бала Сабалақ. Сабалақтың соғысқа аттануы. Батыр Абылай. Абылай кімдерден бата алған.
Мәтіннен Сабалақтың Төле биге өтініш жасаған жерін тауып оқу.
ҮІІ .Қорыту.Абылай хан кім?Патриоттық тәрбие беру.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұны. Бағалау.
№103. Атан түйе шөккен жер
Мақсаты: 1 Райымбек батыр туралы мағлұмат беру, мәтіннің мазмұнын түсіндіру2. оқушылардың оқу дағдыларын жетілдіру.3. Ержүректікке, батырлыққа баулу
Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.
Түрі: аралас
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Әбілмансұр оқу, мазмұндау
ІІІ. Мақсат қою кезеңі
ІҮ.Жан-жақты білімін тексеру.Сөзжұмбақты тақтаға іліп, оқушыларға шештіріп, өздеріне жаздырту. Жаудан елді қорған тағы бір батыр туралы білгің келеді ме? Сөзжұмбақтың ортасында тұрған сол батырдың есімін оқы. Абай атаның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі бойынша
Ү. Жаңа сабақ:1. Райымбек батыр туралы «Атан түйе шөккен жер» мәтінің дұрыс, түсініп оқып беру. Оқушыларға тізбектей оқыту 2. Сергіту сәтін өткізу 3. Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмысын жүргізу, дәптерлеріне жаздыру Атан түйе – 4 жастан асқан түйе. Қоныстанады – орналасады. Мінәжат ету – құрметтеп, бас ию. 4. Берілген суретке зер сал. - Суретке қандай ат қоя аласың? Суретпен жұмыс .Суреттегі оқиға қай кезде болған деп ойлайсың?
Ерекше ерлік көрсеткен найзалы батырды кім деп айтар едің? Оған қарсы шапқан жау жағының күші қандай деп ойлайсың? Оны неден аңғардың? Шайқас немен аяқталады деп есептейсің?
ҮІ. Қорыту. Сұрақтарға жауап алу. Осы суретпен берілген мәтін арасында қандай байланыс бар? Мәтіннен Райымбек батырдың сөзін тауып оқы. Халық Райымбек батырды неге құрметтейді?
ҮІІ. Үйге тапсырма Мәтінді оқып, мазмұнын ату. Батырлық, ерлік туралы 3-4 мақал-мәтел тап.Бағалау
№ 104. Тақырыбы: Мазмұндама. Кептер.
Мақсаты: Оқушыларға мазмұндама жаздыра отырып, өз ойларын қорытып, жаза білуге баулу.Тілін, сөздік қорларын дамыту.Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мазмұндамалар жинағы.
Әдісі: сұрақ-жауап,өзіндік.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушы зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Мақсат қою кезеңі.Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.Дәптерлерін таратып беру.
Мазмұндама тақырыбымен таныстыру. «Кептер» оқып, түсіндіру. Сұрақтарға жауап алу. Өз түсініктері бойынша қысқаша мазмұнын айту.
ІІІ. Білімдерін тексеру. Мазмұндаманы жазу.
Кептер
Үйде Еркін мен қарт әжесі болды. Өзгенің бәрі жұмыста. Әжесі қарап отыра алмады. Жүн түттеді, ұршық иіреді.
Әжесі немересіне есік алдындағы легенді алып келуге жұмсады. Еркін есік алдына шықты. Ол мысықтың кептерді талап жатқанын көрді. Еркін кептерді мысақтан құтқарып алды.
Ол кешікті. Әжесі шыдай алмады. Сыртқа шықты. Еркін болған жайды әжесіне айтты. Әжесі немересінің мейірімділігіе сүйсінді.
Үйде кімдер болды?Әжесі үйде немен айналысады?Еркін қайда шықты?Еркінге әжесі не үшін сүйсінді?Жеке оқушыларға көмек көрсету. Түсіндіру.
ІҮ. Сабақты аяқтау.Оқушы жұмыстарын жинап алу.Бағалау.
№105. Тақырыбы: Алғашқы қоңырау. Ғ.Қайырбеков
Мақсаты: Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға жаттықтыру. Ы.Алтынсарин туралы білімдерін толықтыру. Танымдық қабілеттерін дамыту. Білімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Түрі: аралас
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Райымбек бастауы.Тізбектей оқыту. Мазмұндату.
ІІІ. Білімдерін тексеру:Райымбек сарбаздары неге тап болды?Райымбек қандай шешімге келді? Ол Көкойнақты жетектеп қайда бет алды? Көкқойнақ неге оқыранып жіберді? Райымбек неге қуанып кетті?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Алғашқы қоңырау
Ү. Жаңа сабақ.А/ Алғашқы қоңырау оқу, талдау.ә/ Ы. Алтынсарин жайлы деректер б/ сөздік жұмысг/ іштей оқу, тізбектей оқу , дәптермен жұмыс
ҮІ .Түсінгендерін тексеру:а/ Торғай даласына алғаш қоңырау соққан кім? ә/ Ақын Ыбырай туралы не айтады? б/ Алтынсарин туралы не білеміз. в/ тағы қандай әңгімелерін білесіңдер?
ҮІІ. Қорыту.Бүгін не білдік? Оқу-білім туралы мақал-мәтелдер.
ҮІІІ. Үйге тапсырма :Мәнерлеп оқу.Бағалау.
№ 106. Тақырыбы: Бала Абай. М.Әуезов.
Мақсаты: Оқушыларға Абайдың балалық шағынан мағлұмат беру. Тілін , сөздік қорларын дамыту. Зеректікке, білімді, ғылымды сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Алғашқы қоңырау. Тізбектей оқыту
ІІІ. Білімдерін тексеру: Қазақ даласына алғаш қоңырау соққан, мектеп ашқан кім? Алтынсариннің қандай өлеңдерін білесіңдер?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі Бала Абай.
Ү. Жаңа сабақ.а/ М.Әуезов туралы түсіндіру. ә/ Абай атамыз жайлы түсіндіру б/ Бала Абай оқып, түсіндіру в/ тақырыпты оқу.Іштей оқу,тізбектей оқу.
ҮІІ. Түсінгендерін тексеру:Абайдың әжесі, шешесі кім? Қонақтар кімдер,Олар нені жырлады?
ҮІІ .Қорыту. Бүгін не білдік?Абай туралы қосымша деректер. Абай атамыздың қандай өлеңдерін білесіңдер?
ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұны.Бағалау.
№ 107. Тақырыбы: Бала Абай
Мақсаты: Оқушыларға Абайдың балалық шағынан мағлұмат беру. Кейіпкерлерге мінездеме беру мен түр тұлғасын сипаттаудың ерекшелігін меңгерту. Танымдық қабілеттерін дамыту. Мәтінге берілген сұрақ-тапсырмалар арқылы оқу әрекеттерін арттырып, белсенділікке дамыту.Зеректікке, білімді, ғылымды сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер.
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Түрі: қайталау.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
ІІ. Мақсат қою кезеңі:Бала Абай
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Бала Абай.Тізбектей оқу
ІІІ. Білімдерін тексеру:Әңгіме кім туралы екен? Абай кім? Абай неге үйден шықпайтын болды? Абай әжесінен әңгіме тілегенін қалай білдіруші еді? Абай тағы кім әңгіме айтатын? Бірде Абайлардың үйіне кім келді? Барлас ақын Абайға неліктен ұнады? Ақын қандай жырды жырлады? Жыр Абайға қалай әсер етті? Қонақтарды Абай неліктен жібергісі келмеді? Мәтінді үш бөлікке бөліп, ат қою. Бала Абай, ақындардың келуі, Ақындар батасы. Абайдың түрін сипаттайтын жерін тауып оқу. Дәптермен жұмыс.Ертегі, елтіп тыңдады, ұғымтал, зерек, ойлы сөйлем құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |