ҮІІ.Сабақты қорыту.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұны .Бағалау
№108. Сабақтың тақырыбы: Бөлімді қайталау
Мақсаты: 1. Оқушының «Бабалар өмірі – ұрпаққа өнеге» атты білгенімен, алған тәлімін пысықтау. 2. Дұрыс оқу, түсінгенін айтуға дағдыландыру, ойлау, ойын қорытуға баулу. 3. әдіптілікке, адамгершілікке тәрбиелеу
Түрі: аралас сабақ
Көрнекіліктер: сзжұмбақ, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Өткенді сұрау:Қандай бөлімді оқыдық? Онда не жайлы айттық? Бабалар өмірі – ұрпаққа өнеге» дейді оны қалай түсінесің? Осы бөлімнен қандай тақырыптар өттік? Оны қалай түсінесің? Оны жазған кімдер? 1. «Әбілмансұр» - М Әуезов 2. «Атан түйе шөккен жер» (Баба саған не қалды?) 3. «Алғшқы қоңырау» Ғафу Қайырбеков 4. «Бала Абай» М.Әуезов 5. Қандай сөз жұмбақтар шештік? (Абылай, Райымбек, Ыбырай) 6. Сурет бойынша жұмыс. Суретті Абай кітабы бойынша әңгімелеу оқушының өз бетімен әңгімелету.
ІІІ Пысықтау1. Тест 1. Абылай 2. Сабалақ 3. Әбілмансұр 2. Атан түйе деп неше жасар түйені айтады? 1. 5 жасар 2. 3 жасар 3. 4 жасар . Алғашқы «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? 1. Абай 2. Ыбырай 3. Ахмет. 4. Бала Абайдың ермегі 1. ертегі 2. Кітап оқу 3. Ойын 5. Бөлімнің аты қалай аталады?1. Бабалар өмірі – ұрпаққа өнеге 2. Қадірлі аналарым, аяулы әжелерім 3. Адам болам десеңіз
Жеке оқушыларға басқа тапсырма беру. Біз осы бөлімнен қандай әсер алдық?
ІҮ.Үйге тапсырма беру:182-192 бет қайталау
№109. Сабақтың тақырыбы: Бала Абай мен Барлас ақын
Мақсаты: 1. Мәтіннің мазмұнын түсіндіру, Абай туралы толық мағлұматтар, оның шығармалар жинағы.
2. Оқу дағдыларын жетілдіру
3. Оқушыларды ұқыптау, зеректікке тәрбелеу
Көрнекілігі: суреттер.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.
Түрі: аралас
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі .Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Мұхтар Әуезовтың «Бала Абай» мәтінің оқып, мазмұнын сұрау, сұрақтарға жауап алу.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІҮ.Жан-жақты білімін тексеру:Өткен сабақта оқыған әңгіме бойынша сұрақтарға жауап беру.- Мәтін қалай аталады? Бала .....- ....Абайдың жасы 13 толған еді. - Абайдың әжесі әңгімесін неден бастап еді? - Абай неден көп шықпайтын болды? - Абайға әңгімені кім көп айтушы еді? - Биыл әсіресі Абайдың .... өскен . - Абайдың шешесінің есімі кім? - Абай әжесінің әңгімесін қалай тыңдайтын? «Абай жолы» романын жазған кім?
Ү. Жаңа сабақ: 1. Абай жолы романынан алынған үзінді әңгімені дұрыс, түсініп оқы.
2. Сергіту сәті. 3. Мәтіндегі бас әріппен жазылатын сөздерді үлгі бойынша теріп жаз. 4. Барлас ақынның Абайға берген батасын тауып оқы 5. Батаны кімге береді? 6. Барлас ақын Абайға не үшін риза болды? 7. Абайдың ұғымтал, зеректігін неден байқадың?
ҮІ. Қорыту.Сұрақтарға жауап алу.Абай туралы білгендеріңді жинақтап, «Пікірлер» ағашын жаңа пікірімен толықтыр.
ҮІІ. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, мазмұнын айту. Осы мәтін бойынша үйде өзін сөзжұмбақ жасап көр. Бағалау
№ 110. Тақырыбы: Қоңыр қозы. /Т.Жұртбаев/
Мақсаты: Тақырыпты оқып, түсіндіру. 1. Оқушыларға Мұхтар Әуезовтың балалық шағынан мәлімет бере отырып, оқы дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйрету. 2. Сөздік қорларын, тіл байлығын дамыту. 3. Білімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Бала Тұрар.Оқу, мазмұнын сұрау
ІІІ. Өткенді пысықтау:үлестірмелер арқылы қорыту.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ:а/ Мұхтар Әуезов туралы қысқаша мәлімет беру. Абай жолы романын арқылы ұлы Абайды әлемге танытқан кемеңгер жазушы М.Әуезов. ә/ әңгімені қысқаша баяндау. /Мұхтарды қариялар еркелетіп Қоңыр қозы атаған. Оның мінезі салмақты, әрбір көрініске назар аударатын,зеректігімен ерекшеленеді ә/ Оқулықпен жұмыс,іштей оқу, тізбектей оқу
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:Бала Мұхтаржды атасы неліктен Қоңыр қозы атады?Атасы Мұхтарды қайда апармақшы болды? Ол назарын не нәрсеге аударды? Мәтіннен Мұхтар аулы суреттелген жерлерді тауып оқу. Абай ауылының көрінісі суреттелген жолдарды тауып оқы.Дәптермен жұмыс.
ҮІІ. Бекіту:Әңгіме кім туралы? Олар қайда келді? Бала Мұхтар қандай екен?
ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұны. Бағалау
№ 111. Тақырыбы: Бала Мұхтар мен Абай. Тұрсын Жұртбай.
Мақсаты: Әңгімені түсініп оқып, мазмұнын айта білуге дағдыландыру. Бала Мұхтар мен Абай туралы түсінік беру. Еңбекке , білімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барасы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Қоңыр қозы.Оқу, әңгімелеу.
ІІІ.Өткенді пысықтау:Бала Мұхтарды атасы неліктен Қоңыр қозы атады? Атасы Мұхтарды қайда апармақшы болды? Ол назарын не нәрсеге аударды?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Бала Мұхтар мен Абай
Ү. Жаңа сабақ.а/ әңгімені оқуә/ талдау,б/ сөздік жұмыс Оқулықпен жұмыс Іштей оқу. Тізбектей оқу
ҮІ Түсінгендерін тексеру:сұрақтарға жауап алу. Абай неліктен бала Мұхтарға көңіл аударды? Тауып оқу
ҮІІ Бекіту. Мәтін кім туралы екен?
ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұны.Бағалау
№112. Тақырыбы: Бала Тұрар
Мақсаты: Тұрар Рысқұлов туралы мәлімет беру.
Міндеттері: 1. Оқушыларға Тұрар Рысқұловтың балалық шағынан мәлімет беру, оқиғаны айтуға, ой-пікірін білдіруге үйрету. 2. Сөздік қорын дамыту 3. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Күйші. Біржан Оқу, мазмұнын айту.
ІІІ. Өткенді пысықтау.-Жолаушылардың аты неден сескеніп жалтақтады? Оның сауылатын түйе екенін қайдан білді? Жолаушыны кім қарсы алды? Ақсақал жолаушыға қандай ақыл айтты? Күй үйдегілерге ұнады ма? Жолаушының есімі кім? Біржанның әншілігі туралы өлеңде не делінген?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Бала Тұрар
Ү. Жаңа сабақ:а/ мәтінді оқу.Сөздік жұмыс,қысқаша мәлімет беру .Көрнекілікпен жұмыс. Тақырыпты оқу, іштей оқу, тізбектей оқу. Дәптермен оқу
ҮІ Түсінгендерін тексеру:Мұғалімнің көңілі неліктен Тұрарға ауды? Тұрардың сабаққа селқостығы неде? Атамырза Тұрарға неліктен күлді? Оның күлкісіне мұғалім қандай әңгіме айтты?
ҮІІ Бекіту:Мәтін кім туралы екен?
ҮІІІ.Үйге тапсырма:Оқу мазмұны. Бағалау
№ 113. Тақырыбы: Күйші. С.Сейфуллин. Біржан.
Мақсаты: Оқушыларға С.Сейфуллин туралы мәлімет бере отырып , өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға, әңгімелеуге үйрету. Сөздік қорларын дамыту. Зеректікке, білімді, ғылымды сүюге тәрбиелеу
Әдісі: сұрақ-жацуап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: С.Сейфуллин , Құрманғазы суреттері
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Мүсінші Мысық. Оқу, мазмұнын сұрау.
ІІІ Өткенді пысықтау.-Шоқан кімді іздеп келді? Сары бала не істеп жатыр еді? Шоқан Оған қандай өтініш айтты? Шоқан мен Мысық неге келісті? Жақып Шоқанды қалай қарсы алды?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ.а/Автор туралы түсінік ә/ Күйші оқып, түсіндіру. б/Біржан өлеңін оқып түсіндіру .в/ тақырыптарды оқу,іштей оқу,тізбектей оқу
ҮІ Түсінгендерін тексеру: Жолаушылардың аты неден сескеніп жалтақтады? Оның сауылатын түйе екенін қайдан білді? Жолаушыны кім қарсы алды? Ақсақал жолаушыға қандай ақыл айтты? Күй үйдегілерге ұнады ма? Жолаушының есімі кім? Біржанның әншілігі туралы өлеңде н.е делінген? Біржанның қандай өлеңдерін білесіңдер?
ҮІІ Бекіту.Құрманғазы кім? Тағы қандай күйшілердің белесіңдер?
ҮІІІ Үйге тапсырма:оқу, мазмұны, мәнерлеп оқу. Бағалау.
№114. Тақырыбы: Мазмұндама. Аңшы балалар.
Мақсаты: Оқушыларға мазмұндама жаздыра отырып, өз ойларын қорытып, жаза білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту. Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Мазмұндамалар жинағы.
Әдісі: сұрақ-жауап,өзіндік.
Сабақтың жоспары:1.Аңшы қандай жерде мекен еткен? 2.Аңшының балалары қандай?
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Мақсат қою кезеңі. Тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Дәптерлерін таратып беру. Мазмұндама тақырыбымен таныстыру, оқып, түсіндіру. Сұрақтарға жауап алу.
Өз түсініктері бойынша қысқаша мазмұнын айту.
ІІІ. Білімдерін тексеру. Мазмұндаманы жазу. Жеке оқушыларға көмек көрсету. Түсіндіру.
ІҮ. Сабақты аяқтау. Оқушы жұмыстарын жинап алу.Бағалау.
№115. Сабақтың тақырыбы: Н. Ғабдуллин. Батырдың мінезі
Мақсаты: 1. Б.Момышұлы туралы толық мағлұмат беру.2. Ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.3. Батырлыққа, ержүректікке тәрбиелеу
Көрнекілік: суреттер.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.
Түрі: аралас
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру1. С.Сейфуллин өмірі, шығармалары 2. «Біржан» өлеңін мәнерлі оқу
ІІІ. Мақсат қою кезеңіСабақтың мақсатымен таныстыру.
ІҮ. Жаңа сабақ1. Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда дүниеге келген. Екінші дүние жүзілік соғыстың даңқы жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекі жазушысы. Ол Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көкбастау ауылында туылған. Б.Момышұлы 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен генерал майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанып, батальон, полк командирі болды. Кейін гвардиялық дивизияны басқарды. Мәскеу түбіндегі шайқаста көрсеткен ерлігі аңызға айналды.
Момышұлына соғыс біткенінен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. 2. Мәтіннің авторы – Нығмет Ғабдуллин әңгіме Ұлы Отан соғысының батыры Б.Момышұлы «Батырдың мінезі» мазмұнын түсіндіру. 3. Сергіту сәті 4. Мәтіннен қолданған нақыл сөзді тауып, дәптеріне жазып ал. 5. Оқушыларға іштей оқыту
ҮІ. Қорыту.Осы әңгіме бойынша қандай сурет салар едің?
Ұлы Отан соғысы кезінде болған ерлікке қатысты сөздерді дұрыс, түсініп оқы. Осы нақыл сөздердің мәтінге қатысын айт. Кімге қатысты? Неліктен?
Осы нақыл сөздердегі жеке сөздерді пайдаланып Бауыржане Момышұлын сипатта. Мысалы: Б.Момышұлы тәуекелшіл, ....
ҮІІ. Үйге тапсырма1. Мәтінді түсініп оқы, мазмұнын айту 2. Нақыл сөздерді жаттау
3. Әңгіме бойынша сурет сал . Бағалау.
№116. С.Машақов Мәншүк.
Мақсаты: 1.С.Машақовтың «Мәншүк» өлеңін мәнерлеп оқу, Мәншүк туралы түсінік беру. 2.Ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, оқу дағдыларын жетілдіру. 3.Ұлы Отан Соғысының ардагерлері құрметтеуге,батырлыққа,ерлікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.
Түрі: аралас
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:1. «Батырдың мінезі» мәтінін оқытып сұрақ қою, мазмұнын сұрау. 2.Б.Момышұлын сипатта. 3.Осы әңгімеге салған суреттерін тексеру.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІҮ.Жан-жақты білімін тексеру1. Ұлы Отан Соғысына қатысқан қандай батырларды білесіндер? 2.Пулемет дегеніміз не?
Ү. Жаңа сабақ: М.Маметованың пулеметшы,ол Ұлы Отан Соғысына қатысқан батыр қыз. 2.Белгілі ақын С.Машақовтың мәншүк апа туралы өлеңімен таныстыру, оқып беру .Оқушыларға шапшаң және мәнерлеп оқуға жаттықтыру. 3.Сергіту сәті. 4.Дәптермен жұмыс. Жаңа сөздерге түсінік беру. Қаһар-ашу,ыза Қатуланған –ашуланған, кектенген жасымаған-көңілі бөсамаған, әлсіздік көрсетпеген. 5.Ақын сөздерін пайдаланған Мәншүкті сипатта. Мәншүк –өлім қауіпінен жасымаған. Мәншүк-жаудан тайсалмаған
ҮІ. Қорыту.Сұрақтарға жауап алу.1.Қызу ұрыстың жүріп жатқаның өлеңнің қай жолдарынан байқадың? 2.Мәншүктің пулеметшы екенін неден аңғардың? 3.сөз сандықта белгіленген сөздерді оққы. Ол сөздерді өлеңнен тап.
ҮІІ. Үйге тапсырма:Мәншүк өлеңін шапшаң және мәнерлеп оқу. Мөлдір бұлақ журналына Мәншүк туралы дәптеріне жазып кел.Бағалау.
№ 117. Тақырыбы: Әлия.
Мақсаты: Шығыстың қос шынары Әлия туралы түсінік беру. Танымдық қабілетін дамыту. Патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілік: арнайы суреттер. Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.
Түрі: аралас
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Әлия
ІІІ. Өткенді пысықтау: Шығарма кімнің атынан әңгімеленген?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Әлия.
Ү. Жаңа сабақ:а/Әлия. өлеңдерінің мағынасын ашу. ә/ Сөздік жұмысын жүргізу. Өлеңдерді оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке, дәптермен жұмыс. Сергіті сәті
ҮІ. Түсінгендерін тексеру.Әлия Молдағұлова жөнінде не білесіңдер? Өлеңнің бірінші шумағында не туралы айтылған? Жанып түскен ақ жұлдыз дегенді қалай түсінесіңдер?
ҮІІ Қорыту.Мақалдар айту. Елін, жерін, Отанын қорғай білуге тәрбиелеу.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:Мәнерлеп оқу.Бағалау.
№118. Тақырыбы: Алып бала
Мақсаты: Алып бала туралы әңгімені түсініп оқуға дағдыландыру. Оқу дағдысын қалыптастыру. Сөздік, қорларын, тілін дамыту. Епті, батыл болуға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,
Түрі: аралас сабақ
Көрнекілік: суреттер
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:Батылдық. Тізбектей оқу. Мазмұнын айтқызу.
ІІІ Білімдерін тексеру:-Нұрмағамбет қасқырды қалай байқап қалды? Ол неліктен батыл бала,балуан бала атанған? Бала қандай тәуекелге барды? Ол қасқырды немен түртті? Қасқыр қандай әрекет жасады? Қасқыр неге қалжырады? Айқас немен аяқталды?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Алып бала.
Ү. Жаңа сабақ.Оқулықпен жұмыса/ әңгімені оқу, әңгімелеу Қажымұқан Мұңайтпасов- туралы түсінік беру. Сөздік жұмыс, іштей оқу. Тізбектей оқу.Дәптермен жұмыс.
ҮІ Түсінгендерін тексеру:Мұқан қозы бағып жүргенде, оның серігі қандай жағдайға душар болды? Бала жігіт неге тарығып жылады?
ҮІІ Бекіту:Әңгіме неге Алып бала деп аталған?
ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұны. Бағалау.
№ 119. Тақырыбы: Батылдық. Сәбит Мұқанов
Мақсаты: С.Мұқановтың Батылдық атты әңгімесін оқып, түсіндіру,
Міндеттері: 1. Қазақ балуаны Балуан Шолақ туралы түсінік беру, оқы дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйрету. 2. Сөздік қорларын, тіл байлығын дамыту. 3. Батылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Түрі: аралас сабак
Сабақтың барасы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:Бал Мұхтар мен Абай. Тізбектей оқу. Мазмұнын сұрау
ІІІ. Білімдерін тексеру : Абай неге бала Мұхтарға көңілі ауды? Мұхтар жайлы не деді?
Мұхтар неге қысылды? Абай Мұхтарға неге риза болды?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Батылдық
Ү. Жаңа сабақ:а/ автор туралы түсінік ә/ тақырыпты оқып, түсіндіру б/ сөздік жұмыс жүргізу г/ дәптермен жұмыс в/тақырыпты оқу,іштей оқу,тізбектей оқу
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Нұрмағамбет қасқырды қалай байқап қалды? Ол неліктен батыл бала, балуан бала атанған? Бала қандай тәуекелге берды? Ол қасқырды немен түртті? Қасқыр қандай әрекет жасады? Қасқыр неге қалжырады? Айқас немен аяқталды? Баланың батылдығын суреттейтін жерді тауып оқу.
ҮІІ Бекіту:Әңгіме кім туралы екен? Батырлық ерлік туралы мақал-мәтелдер
ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу мазмұны. Бағалау
№120. Сабақтың тақырыбы: Гиннес кітабына кірген қазақ
Мақсаты:1.Тоқтар Әубәкіров туралы мағлұмат беру, жинақтау
2.Қызығушылықтарын арттыру. 3. Ерлікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу
Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.
Түрі: аралас
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:1. «Батылдық» мәтінің оқып, мазмұнын сұрау2. С. Мұқанов туралы мағлұмат бер
ІІІ. Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІҮ.Жан-жақты білімін тексеру:«Гиннес» кітабы дегенді естідің бе?
Мұғалім мысал келтіреді
Ү. Жаңа сабақ:1. Рекорд еңбекте, спортта, қол жеткен ең жоғарғы табыс Гиннес кітабы – алғаш рекорд жасаған адамның есімі кіретін кітап. 2. Гиннес кітабына кірген қазақ – Тоқтар Әубәкіров туралы мағлұмат беру, түсіндіру. 3. Мәтінді оқып беру, оқушыларға оқыту. 4.Мақал-мәтелдермен жұмыс. 5. Сергіту сәті. 6. Дәптермен жұмыс . Жана сөздерге түсінік беру. Т.Әубәкіров туралы оқыған мәніннен леп белгісімен жазылған сөйлемдерді теріп жаз: «Нағыз қазақ! Қыран қазақ! Қанатың талмасын! Бұл 1989 жылдың 1 қарашасында болған оқиға еді. Ал 1991 жылы Т.Әубәкіров Қазақстандық бағдарлама бойынша ғарышқа жол тартты.7. Тәулік 22 сағат, 12 минут 40 секунд ғарыш кеңістігінде болған. Т.Әубәкіров тұңғыш қазақ ғарышкері атанды.
ҮІ. Қорыту.Сұрақтарға жауап алу.1. Гиннес кітабына кірген қазақ кім екен? 2. Ол қандай ерлік көрсетті? 3. Сынақшы-ұшқыш және ғарышкер-ұшқыш дегенді қалай түсінесің? 4. Т.Әубәкіровтың ерліктері сенде қандай көңіл-күй туғызды
ҮІІ. Үйге тапсырма:Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айту, бағалау
№121. Сабақтың тақырыбы: Ырысбекұлы Бекзат
Мақсаты:1.Түсініп мәнерлеп дұрыс оқу қабілеттерін қалыптастыру 2.Сөздік қорын дүниетанымдарын дамыту. 3. Спортқа,салауатты өмір салтына тәрбиелеу
Типі:Жаңа білімді қалыптастыру, Түрі: аралас
Көрнекілігі:суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру
ІІ. Өткен сабақ:1. мазмұнын айту.2. сұрақ-жауап арқылы қорытындылау
ІІІ.Жан-жақты білімін тексеру:Ерлік Отан туралы ұлағатты сөздер
ІҮ.Мақсат қою:Спорт туралы пікірлер
Ү. Жаңа сабақ:1. Кіріспе спорт туралы тоқталу. Түрлерін ерекшеліктерін,чемпиондар туралы айту. 2. суретпен жұмыс. 3. Сөздік жұмыс. 4.Кітаппен жұмыс. 1.Оқу, мұғалімнің оқуы,іштей оқу,тізбектей оқу. 2.Мазмұнын талдап түсіну. 3.Сұрақтармен тапсырмалармен жұмыс
ҮІ. Қорыту.Бекзат Саттарханов туралы толық қорытындылау
Сұрақтарға жауап алу.
ҮІІ. Үйге тапсырма:224-225 мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айту, бағалау
№122 . Тақырыбы: Шығарма. Менің апам.
Мақсаты: «Менің апам» тақырыбында шығарма жазу.Тілін , сөздік қорларын дамыта отырып, байланыстырып сөйлеуге баулу.Үлкенді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Арнайы суреттер бойынша
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, іздену, өзіндік.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Шығармаға даярлық.Сендердің апаларың бар ма? Апаң кімдермен тұрады? Апаң сені қалай еркелетеді? Апаңның аты кім? Сен апаңды қалай жақсы көресің? - Апаңды қалай сыйлайсың? Сұрақтарға жауап ала отырып, өз ойларын қорытып, әңгімелету.
ІІІ. Шығарманы жазу.а/ Оқушыларға өз ойларын қорытып жаздыру. ә/ Жекелеген оқушыларға көмек көрсету.б/ Әдемі, көркем жазуға баулу.
ІҮ. Қорыту.Үлкенді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Ү. Үйден: қайталау.
№123. Бөлімді қайталау. Тест
Мақсаты: 1.Тарауды қайталай отырып сөздік қорын жетілдіру.2. Жан-жақты ойлауға үйрету қабілетін дамыту.3. Әдептілікке инабаттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: тест
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгіме, тест
Сабақтың көрнекіліктері: кестелер, суреттер
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:1. «Досыма хат» мәтінің сұрау.2. Топпен жұмыс
ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:1. Көп түктенің орнына тиісті сөздерді қой.Сылдыр қағып, Таудан құлап . Жатыр ағып Мөлдір ....
А) құрақ Ә) бұлақ Б)арық В)теңіз
2. Таудан аққан бұлақ суреттелетін шығарманы ата.
А) Ж.Жабаев «Алатау» Б) С.Венчели «Дельфин»
Ә) С.Сейфуллин «Көлде» В) Ш. Смаханұлы «Бұлбұл мен тоқылдақ»
3. Балықтың
А) Бақырып Ә) Ақырып Б) Жүгіріп В) Шоршып
4. Ауызынан дәм кетпейтін тіркесінің мағынасын анықта:
А) өте ащы Ә) өте тұщы Б) өте дәмді В) өте жұмсақ
5. Мақал-мәтелді дұрыс аяқта:
Сулы жер - .....
А) құнарлы жер Ә) нулы жер Б) таулы жер В) қорлы жер
6. «Найзағай» сөзіне мағынасы жуық сөзді ата.
А) жасын Ә) жалын Б) бұршақ В) жаңбыр
7. Бөлімдегі киелі құс суреттелген шығарманы ата.
А) Ш.Смаханұлы «Бұлбұл мен тоқылдақ» Ә) С.Сейфуллин «Көлде»
Б) С. Көбеев «Түлкі мен қырғауыл» В) Ж.Жабаев «Алатау»
8. Бөлімдегі табиғат апаты туралы әңгімеленген шығарманы ата.
А) Ә.Асылбеков «Түлкі мен тиін» Ә) С.Сейфуллин «Көлде»
Б) Ш. Айтматов «Жау шапқанда» В) Л. Толстой «Өрттен құтқарушы иттер»
ІҮ. Қорытындылау
№124. Тақырыбы: Алатау. Жамбыл
Мақсаты: «Алатау» өлеңін оқи отырып, табиғат сұлулығы, оның құдіреттілігі жайлы түсінік беру. Мәнерлеп оқуға баулу, сөздік қорларын дамыту. Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: табиғат жайлы суреттер
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік
Түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
ІІ. Мақсат қою кезеңі:«Табиғат тіршілік бесігі» тарауы жайлы түсінік беру.
ІІІ. Жаңа сабақ:а/ Ж.Жабаевтың «Алатау» өлеңін оқып, мазмұнын ашу. ә/ Сөздік жұмысын жүргізу: Ну-қалың. Мұнар-бұлыңғыр. Кептес-тілдесу, сөйлесу. б/ Өлеңді оқу. Іштей оқу, тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.
ІҮ. Түсінгендерін тексеру:в/ Сұрақтарға жауап алу. Алатау қайда орналасқан? Таулардан не ағады? Тау етегінде қандай жеміс ағаштары өседі?
Жемістердің дәмділігі туралы не дейді? Тау басында не жатады?
г/ тапсырмаларды орындау. Арнайы берілген сөздерді пайдаланып әңгіме құрастыру.
Ү. Бекіту:Бүгін не өттік? Бұл өлеңді кім жазған? Өлең не жайында айтылған?
ҮІ. Үйге тапсырма:Өлеңді мәнерлеп оқу. Бағалау.
№125. Сабақтың тақырыбы: Дельфин
Достарыңызбен бөлісу: |