Ү. Жаңа сабақ: 1. М.Мәметованың пулеметшы,ол Ұлы Отан Соғысына қатысқан батыр қыз.
2.Белгілі ақын С.Машақовтың мәншүк апа туралы өлеңімен таныстыру, оқып беру .Оқушыларға шапшаң және мәнерлеп оқуға жаттықтыру.
3.Сергіту сәті.
4.Дәптермен жұмыс. Жаңа сөздерге түсінік беру.
Қаһар-ашу,ыза Қатуланған –ашуланған, кектенген жасымаған-көңілі бөсамаған, әлсіздік көрсетпеген.
5.Ақын сөздерін пайдаланған Мәншүкті сипатта.
Мәншүк –өлім қауіпінен жасымаған. Мәншүк-жаудан тайсалмаған
ҮІ. Қорыту.Сұрақтарға жауап алу.
1.Қызу ұрыстың жүріп жатқаның өлеңнің қай жолдарынан байқадың? 2.Мәншүктің пулеметшы екенін неден аңғардың?
3.Сөз сандықта белгіленген сөздерді оқы. Ол сөздерді өлеңнен тап.
ҮІІ. Үйге тапсырма:Мәншүк өлеңін шапшаң және мәнерлеп оқу.
Мөлдір бұлақ журналына
Мәншүк туралы дәптеріне жазып кел.
Бағалау.
№ 117. Тақырыбы: Әлия.
Мақсаты: Шығыстың қос шынары Әлия туралы түсінік беру. Танымдық қабілетін дамыту. Патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілік: арнайы суреттер. Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.
Түрі: аралас
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Әлия
ІІІ. Өткенді пысықтау: Шығарма кімнің атынан әңгімеленген?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Әлия.
Ү. Жаңа сабақ:а/Әлия. өлеңдерінің мағынасын ашу. ә/ Сөздік жұмысын жүргізу. Өлеңдерді оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке, дәптермен жұмыс. Сергіті сәті
ҮІ. Түсінгендерін тексеру.Әлия Молдағұлова жөнінде не білесіңдер? Өлеңнің бірінші шумағында не туралы айтылған? Жанып түскен ақ жұлдыз дегенді қалай түсінесіңдер?
ҮІІ Қорыту.Мақалдар айту. Елін, жерін, Отанын қорғай білуге тәрбиелеу.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:Мәнерлеп оқу.Бағалау.
№118. Тақырыбы: Алып бала
Мақсаты: Алып бала туралы әңгімені түсініп оқуға дағдыландыру. Оқу дағдысын қалыптастыру. Сөздік, қорларын, тілін дамыту. Епті, батыл болуға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,
Түрі: аралас сабақ
Көрнекілік: суреттер
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:Батылдық. Тізбектей оқу. Мазмұнын айтқызу.
ІІІ Білімдерін тексеру:-Нұрмағамбет қасқырды қалай байқап қалды? Ол неліктен батыл бала,балуан бала атанған? Бала қандай тәуекелге барды? Ол қасқырды немен түртті? Қасқыр қандай әрекет жасады? Қасқыр неге қалжырады? Айқас немен аяқталды?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Алып бала.
Ү. Жаңа сабақ.Оқулықпен жұмыса/ әңгімені оқу, әңгімелеу Қажымұқан Мұңайтпасов- туралы түсінік беру. Сөздік жұмыс, іштей оқу. Тізбектей оқу.Дәптермен жұмыс.
ҮІ Түсінгендерін тексеру:Мұқан қозы бағып жүргенде, оның серігі қандай жағдайға душар болды? Бала жігіт неге тарығып жылады?
ҮІІ Бекіту:Әңгіме неге Алып бала деп аталған?
ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұны. Бағалау.
№ 119. Тақырыбы: Батылдық. Сәбит Мұқанов
Мақсаты: С.Мұқановтың Батылдық атты әңгімесін оқып, түсіндіру,
Міндеттері: 1. Қазақ балуаны Балуан Шолақ туралы түсінік беру, оқы дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйрету. 2. Сөздік қорларын, тіл байлығын дамыту. 3. Батылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Түрі: аралас сабак
Сабақтың барасы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:Бал Мұхтар мен Абай. Тізбектей оқу. Мазмұнын сұрау
ІІІ. Білімдерін тексеру : Абай неге бала Мұхтарға көңілі ауды? Мұхтар жайлы не деді?
Мұхтар неге қысылды? Абай Мұхтарға неге риза болды?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Батылдық
Ү. Жаңа сабақ:а/ автор туралы түсінік ә/ тақырыпты оқып, түсіндіру б/ сөздік жұмыс жүргізу г/ дәптермен жұмыс в/тақырыпты оқу,іштей оқу,тізбектей оқу
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Нұрмағамбет қасқырды қалай байқап қалды? Ол неліктен батыл бала, балуан бала атанған? Бала қандай тәуекелге берды? Ол қасқырды немен түртті? Қасқыр қандай әрекет жасады? Қасқыр неге қалжырады? Айқас немен аяқталды? Баланың батылдығын суреттейтін жерді тауып оқу.
ҮІІ Бекіту:Әңгіме кім туралы екен? Батырлық ерлік туралы мақал-мәтелдер
ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу мазмұны. Бағалау
№120. Сабақтың тақырыбы: Гиннес кітабына кірген қазақ
Мақсаты:1.Тоқтар Әубәкіров туралы мағлұмат беру, жинақтау
2.Қызығушылықтарын арттыру. 3. Ерлікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу
Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.
Түрі: аралас
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:1. «Батылдық» мәтінің оқып, мазмұнын сұрау2. С. Мұқанов туралы мағлұмат бер
ІІІ. Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІҮ.Жан-жақты білімін тексеру:«Гиннес» кітабы дегенді естідің бе?
Мұғалім мысал келтіреді
Ү. Жаңа сабақ:1. Рекорд еңбекте, спортта, қол жеткен ең жоғарғы табыс Гиннес кітабы – алғаш рекорд жасаған адамның есімі кіретін кітап. 2. Гиннес кітабына кірген қазақ – Тоқтар Әубәкіров туралы мағлұмат беру, түсіндіру. 3. Мәтінді оқып беру, оқушыларға оқыту. 4.Мақал-мәтелдермен жұмыс. 5. Сергіту сәті. 6. Дәптермен жұмыс . Жана сөздерге түсінік беру. Т.Әубәкіров туралы оқыған мәніннен леп белгісімен жазылған сөйлемдерді теріп жаз: «Нағыз қазақ! Қыран қазақ! Қанатың талмасын! Бұл 1989 жылдың 1 қарашасында болған оқиға еді. Ал 1991 жылы Т.Әубәкіров Қазақстандық бағдарлама бойынша ғарышқа жол тартты.7. Тәулік 22 сағат, 12 минут 40 секунд ғарыш кеңістігінде болған. Т.Әубәкіров тұңғыш қазақ ғарышкері атанды.
ҮІ. Қорыту.Сұрақтарға жауап алу.1. Гиннес кітабына кірген қазақ кім екен? 2. Ол қандай ерлік көрсетті? 3. Сынақшы-ұшқыш және ғарышкер-ұшқыш дегенді қалай түсінесің? 4. Т.Әубәкіровтың ерліктері сенде қандай көңіл-күй туғызды
ҮІІ. Үйге тапсырма:Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айту, бағалау
№121. Сабақтың тақырыбы: Ырысбекұлы Бекзат
Мақсаты:1.Түсініп мәнерлеп дұрыс оқу қабілеттерін қалыптастыру 2.Сөздік қорын дүниетанымдарын дамыту. 3. Спортқа,салауатты өмір салтына тәрбиелеу
Типі:Жаңа білімді қалыптастыру, Түрі: аралас
Көрнекілігі:суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру
ІІ. Өткен сабақ:1. мазмұнын айту.2. сұрақ-жауап арқылы қорытындылау
ІІІ.Жан-жақты білімін тексеру:Ерлік Отан туралы ұлағатты сөздер
ІҮ.Мақсат қою:Спорт туралы пікірлер
Ү. Жаңа сабақ:1. Кіріспе спорт туралы тоқталу. Түрлерін ерекшеліктерін,чемпиондар туралы айту. 2. суретпен жұмыс. 3. Сөздік жұмыс. 4.Кітаппен жұмыс. 1.Оқу, мұғалімнің оқуы,іштей оқу,тізбектей оқу. 2.Мазмұнын талдап түсіну. 3.Сұрақтармен тапсырмалармен жұмыс
ҮІ. Қорыту.Бекзат Саттарханов туралы толық қорытындылау
Сұрақтарға жауап алу.
ҮІІ. Үйге тапсырма:224-225 мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айту, бағалау
№122 . Тақырыбы: Шығарма. Менің апам.
Мақсаты: «Менің апам» тақырыбында шығарма жазу.Тілін , сөздік қорларын дамыта отырып, байланыстырып сөйлеуге баулу.Үлкенді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Арнайы суреттер бойынша
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, іздену, өзіндік.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Шығармаға даярлық.Сендердің апаларың бар ма? Апаң кімдермен тұрады? Апаң сені қалай еркелетеді? Апаңның аты кім? Сен апаңды қалай жақсы көресің? - Апаңды қалай сыйлайсың? Сұрақтарға жауап ала отырып, өз ойларын қорытып, әңгімелету.
ІІІ. Шығарманы жазу.а/ Оқушыларға өз ойларын қорытып жаздыру. ә/ Жекелеген оқушыларға көмек көрсету.б/ Әдемі, көркем жазуға баулу.
ІҮ. Қорыту.Үлкенді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Ү. Үйден: қайталау.
№123. Бөлімді қайталау. Тест
Мақсаты: 1.Тарауды қайталай отырып сөздік қорын жетілдіру.2. Жан-жақты ойлауға үйрету қабілетін дамыту.3. Әдептілікке инабаттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: тест
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгіме, тест
Сабақтың көрнекіліктері: кестелер, суреттер
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:1. «Досыма хат» мәтінің сұрау.2. Топпен жұмыс
ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:1. Көп түктенің орнына тиісті сөздерді қой.Сылдыр қағып, Таудан құлап . Жатыр ағып Мөлдір ....
А) құрақ Ә) бұлақ Б)арық В)теңіз
2. Таудан аққан бұлақ суреттелетін шығарманы ата.
А) Ж.Жабаев «Алатау» Б) С.Венчели «Дельфин»
Ә) С.Сейфуллин «Көлде» В) Ш. Смаханұлы «Бұлбұл мен тоқылдақ»
3. Балықтың
А) Бақырып Ә) Ақырып Б) Жүгіріп В) Шоршып
4. Ауызынан дәм кетпейтін тіркесінің мағынасын анықта:
А) өте ащы Ә) өте тұщы Б) өте дәмді В) өте жұмсақ
5. Мақал-мәтелді дұрыс аяқта:
Сулы жер - .....
А) құнарлы жер Ә) нулы жер Б) таулы жер В) қорлы жер
6. «Найзағай» сөзіне мағынасы жуық сөзді ата.
А) жасын Ә) жалын Б) бұршақ В) жаңбыр
7. Бөлімдегі киелі құс суреттелген шығарманы ата.
А) Ш.Смаханұлы «Бұлбұл мен тоқылдақ» Ә) С.Сейфуллин «Көлде»
Б) С. Көбеев «Түлкі мен қырғауыл» В) Ж.Жабаев «Алатау»
8. Бөлімдегі табиғат апаты туралы әңгімеленген шығарманы ата.
А) Ә.Асылбеков «Түлкі мен тиін» Ә) С.Сейфуллин «Көлде»
Б) Ш. Айтматов «Жау шапқанда» В) Л. Толстой «Өрттен құтқарушы иттер»
ІҮ. Қорытындылау
№124. Тақырыбы: Алатау. Жамбыл
Мақсаты: «Алатау» өлеңін оқи отырып, табиғат сұлулығы, оның құдіреттілігі жайлы түсінік беру. Мәнерлеп оқуға баулу, сөздік қорларын дамыту. Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: табиғат жайлы суреттер
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік
Түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
ІІ. Мақсат қою кезеңі:«Табиғат тіршілік бесігі» тарауы жайлы түсінік беру.
ІІІ. Жаңа сабақ:а/ Ж.Жабаевтың «Алатау» өлеңін оқып, мазмұнын ашу. ә/ Сөздік жұмысын жүргізу: Ну-қалың. Мұнар-бұлыңғыр. Кептес-тілдесу, сөйлесу. б/ Өлеңді оқу. Іштей оқу, тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.
ІҮ. Түсінгендерін тексеру:в/ Сұрақтарға жауап алу. Алатау қайда орналасқан? Таулардан не ағады? Тау етегінде қандай жеміс ағаштары өседі?
Жемістердің дәмділігі туралы не дейді? Тау басында не жатады?
г/ тапсырмаларды орындау. Арнайы берілген сөздерді пайдаланып әңгіме құрастыру.
Ү. Бекіту:Бүгін не өттік? Бұл өлеңді кім жазған? Өлең не жайында айтылған?
ҮІ. Үйге тапсырма:Өлеңді мәнерлеп оқу. Бағалау.
№125. Сабақтың тақырыбы: Дельфин
Сабақтың мақсаты: 1. Мәтінді мәнерлеп оқуға,мазмұнын айта білуге дағдыландыру. 2. Тілін,сөздік қорын дамыту. 3. Адамгершілікке мейірімділікке тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа сабақ. Көрнекілік:суреттер
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сурау, тексеру:Өз қалаңның табиғатын қалай қорғап, аялайтының туралы пікіріңді жазып келу. 2.Алатау өлеңін мәнерлеп оқу
ІІІ.Жан-жақты білімін тексеру1.Табиғат адамға не береді? 2.Табиғатты қастерлеу дегенді қалай түсінесің?
ІҮ. Мақсат қою:Тақырыбын, мақсатын хабарлау
Ү. Жаңа сабақ:1.Балықтан басқа суда тағы нелер өмір сүреді? 2.Жел тынды. Жел тынды, Дельфин желпіді, Дельфин желпіді? Жаңылтпашты жаңылтпай айтуға жаттығу. 3.Молдаван жазушысы Спиридон Ванчелидің «Дельфин» әңгімесін оқып беру. Сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізу.
Дәптермен жұмыс. Тыйым сөздерді дәптерге жазу. 5.Мәтінді оқушылыарға оқыту.
ҮІ. Қорытындылау:Адамгершілік, мейірімділік туралы мақал-мәтел айту
ҮІІ.Үйге тапсырма: 236-237 бет түсініп оқу, дельфиннің суретін салу
ҮІІІ. Бағалау
№126. Тақырыбы: Бұлбұл мен тоқылдақ
Мақсаты: Бұлбұл мен тоқылдақ мысалын оқып, түсіндіру.Сөздік қорларын дамыту. Қоршаған орта табиғатын қорғай білуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.
Көрнеілігі: сурнеттер бойынша
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Азамат атанған күн.Тізбектей оқыту. Мазмұнын сұрау.
ІІІ. Білімдерін тексеру.Жайлаудың түсі неге жасыл болып көрінді? Қуаныштың көкесі қандай ұсыныс айтты? Оның бұл іске құлшына келісуіне не себеп болды? Азамат болу дегенді қалай түсінесің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Бұлбұл мен тоқылдақ
Ү. Жаңа сабақ:а/ автор туралы түсінік беру.ә/ мысалды оқып, түсіндіру. б/ мысалды оқу:іштей оқу,тізбектей оқу,рөлге бөліп оқу
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:Бұлбұл тоқылдаққа қандай кінә тақты? Тоқылдақ не деп жауап берді? Оның жауабы жөнін.де не ойлайсың? Бұлбұл мен тоқылдаққа мінездеме бер. Бұлбұлді неге әнші құс, тоқылдақты орман дәрігері деп айтқан Бұлбұл мен тоқылдыққа міездеме бер.
ҮІІ. Бекіту:Бүгін не өттік?Бұлбұл мен тоқылдаққа мінездеме беру.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:1. мысалды мәнерлеп оқу2. бағалау.
№ 127. Тақырыбы: Еліктің лағы
Мақсаты: Еліктің лағы мәтінін оқып, түсіндіру.жануарларға деген қамқорлық жайлы түсінік беру. Тілін , сөздік қорларын дамыту. Қоршаған орта табиғатын қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер бойынша
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, іздену.
Түрі: аралас
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі : Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Бұлбұл мен тоқылдақ. Мысалды оқу
ІІІ. Өткенді пысықтау:Бұлбұл тоқылдаққа қандай кінә тақты? Тоқылдақ не деп жауап берді? Оның жауабы жөнін.де не ойлайсың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс. а/ Еліктің лағы мәтінін оқып, түсіндіру.ә/ Сөздік жұмыс жүргізу: Шоқы – тік, биік төбе. Нысана – көздеп ататын жер. Қарауыл – күзет
б/ мәтінді оқу: 1. іштей оқу 2. тізбектей оқу
ҮІ Түсінгендерін тексеру:а/ сұрақтарға жауап алу 1. ауа райы қандай еді? 2. Жалғыз аяқ жолмен кім келе жатты? 3. Ол қайда бет алды? 4. Аңшы неліктен мылтығын қолына алды? 5. Ол неге ызаланды? 6. Түймебай нені көріп қалды? 7. аңшы неліктен елікті атуға батылы бармады? ә/ тапсырмаларды орындау.
1. Мәтіннен сол күнгі ауа райын суреттеген жерді тауып оқу. 2. Аңшының сыртық бейнесін сипатта 3. Аңшының суретін сал.
ҮІІ Бекіту:Бүгін не өттік?
ҮІІІ. Үйге тапсырма:1. оқу, мазмұны 2. бағалау.
№ 128. Тақырыбы: Түлкі мен тиін
Мақсаты: Түлкі мен тиін мысалын оқи отырып, өлең мазмұнын ашу. Сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Сөйлеу дағдысын дамыту. Адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену
Түрі: аралас
Көрекілігі: Түлкі, тиін, қасқыр суреттері.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Сүт қалай ұйықтады? мәнерлеп оқу
ІІІ. Өткенді пысықтау. ертегі не туралы? Бір күні сүтке не болыпты? Ел-жұрт неге қайран қапты? Ұйықтаймын деп сүт неге ұшырапты? Сүттің аянышты халін кім байқапты? Сүт неліктен жылады? Сергіту сәті
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Түлкі мен тиін.
Ү. Жаңа сабақ:Автор туралы түсінік. Түлкі мен тиін мысалын оқыту. Талдау. Іс-әрекеттері. Сөздік жұмыс. Оқулықпен жұмыс. Іштей оқыту. Тізбектей оқыту Ролге бөліп оқыту
ҮІ. Түсінгендерін сұрау: Дәптермен ж ұмыс.Түлкі тиінге кездескенде не деді? Тиін не деп жауап қатты? Сол сәтте не болды? Қай аңның айласы басым болды?
ҮІІ. Бекіту.Түлкіге мінездеме Тиінге мінездеме Мақал-мәтелдер
ҮІІІ. Үйге тапсырма:Мәнерлеп оқу,бағалау
№129. Д. Қасенов. Найзағай
Мақсаты: Мәтінді мәнерлеп оқуға, мазмұнын айта білуге дағдыландыру. Сөйлеу дағдысын, тіл байлықтарын дамыту. Адамгершілікке, достыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену
Түрі: аралас
Көрнекілік: оқулық, сюжетті суреттер.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.«Түлкі мен тиін» ертегісін оқыту. Мазмұндату.
ІІІ. Өткенді пысықтау.ертегі не туралы? Түлкінің ісін құптайсың ба? Кейіпкерлерге мінездеме беріңдер.Сергіту сәті
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Ү. Жаңа сабақ:1.Автор туралы түсінік беру. 2. Мұғалім түсіндірмесі. /Найзағай қалай пайда болады?/. 3.Мәтінді оқып, таныстыру,талдау. Сөздік жұмыс. Жаны түршіккен- шошып кеткен, қатты қорыққан. Оқулықпен жұмыс. Іштей оқыту. Тізбектей оқыту. Рөлге бөліп оқыту.
ҮІ. Түсінгендерін сұрау:Мәтіннен жаңбыр құйған сәтті тауып оқы. Найзағай жарқылдаған тұсты тауып оқы. Әңгімеден жаңбырдан кейінгі әст суреттелген тұсты тауып оқы.
ҮІІ. Бекіту.Суретпен жұмыс жүргізу.«Өрт-тілсіз жау» тақырыбына ойша сурет салдыру.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Мәнерлеп оқу, мазмұндау. Бағалау
№130. Сабақтың тақырыбы: Өрттен құтқарушы иттер
Мақсаты: 1.Жаңа материалды меңгерту. 2.оқу техникасын жақсарту. 3.Адамгершілікке тәрбиелеу
Типі:аралас Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу, түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Найзағай мазмұнын сұрау
ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:1.сұрақ-жауап . 2.Қорытындылау
ІҮ. Мақсат қою кезеңі
Ү. Жаңа сабақ: Мұғалімнің түсіндірмесі. Автордың өмір баянымен таныстыру. «Өрттен құтқарушы иттер» оқып талдау .Сергіту сәті: Жаңа материалды меңгергені туралы тексеру кезеңі. 1.Оқушыларға оқыту. 2.Сұрақ-жауап . Кесте бойынша жұмыс. Суретпен жұмыс
ҮІ. Бекіту кезеңі ҮІІ. Қорыту
ҮІІІ .Үйге тапсырма:247-250 бет оқу. Бағалау
№ 131. Тақырыбы: Түлкі мен қырғауыл.
Мақсаты: С.Көбеевтың «Түлкі мен қырғауыл» мысалын оқып, түсіндіру. Мәнерлеп оқи білуге, тілін,сөздік қорларын дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнкілігі: Ғ.Мүсірепов. С.Көбеев.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Ақымақ бота.Оқыту, мазмұндату.
ІІІ. Өткенді пысықтау: Ақ бота енесіне қалай еркеледі? Енесінің денесі ақ ботаға неге жайлы тиді? Ақбота кімнің дауысын танушы еді? Шынар ботаны қалай үйір етті? Ұлпан Шынарды неге қуып жіберді?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Түлкі мен қырғауыл
Ү. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс. а/ С.Көбеев туралы түсінік беру.ә/ Түлкі мен қырғауыл мысалын оқып, мазмұнын ашу. Мысалды оқу:іштей оқу,тізбектей оқу, жеке-жеке оқу.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру:Сұрақтарға жауап алу. Түлкі мен қырғауылдың арасында қандай әңгіме болды? Түлкі қырғауылды не деп алдады? Қырғауыл қандай тапқырлық жасады? Қырғауыл қалайша аман қалды? Сергіту сәті. Жұмбақты шешу.
Бұлаңдаған құйрығы, Бір алдарлық қулығы /Түлкі/ . Жаңылтпашты айту.
ҮІІ. Бекіту:Бүгін не өттік?
ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұны. Бағалау.
№132. Сабақтың тақырыбы: Көлде
Сабақтың мақсаты: 1. Мәнерлеп оқуға,түсінігін толық жеткізуге 2. Ребусты ойлап шешу. 3. Табиғатты сүюге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Құрал-жабдықтар: С.Сейфуллин портреті,суреттер, ребус, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй жұмысын тексеру
ІІІ. Жұмбақты шеш:1.Ай астында ақ мамық , Жатыр суды жастанып. 2.Түсініп оқы. Аққу – құс төресі. Аққу-киелі құс. Аққуды атуға болмайды. 3.Аққу туралы не білетініңді жаз
ІҮ.Аққу туралы мәтінді түсініп оқы 253 бет
Ү.Сергіту сәті:Сұрақ бай.жұмыс . 1.Мәтіннің сипаттауға құралғанына мән бер. 2.Жасыл ала қамыс; айнадай жалтыраған; Күміс су; нәзік, сұлу үн тіркестерін дәптеріңе жазып, жаттап ал. Керек болғанда қолдануды ескер.
ҮІ.Суретпен жұмыс: Мәтіндегі сөздерді пайдаланып, суреттегі аққуларды сипатта.
Үйге:оқу мәтінді әңгімелеу 253-254 бет
ҮІІ.Қорыту: Бүгін сабақта не өттік?
№133. Сабақтың тақырыбы: Жау шапқанда
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Шыңыс Айтматовтың әңгімесімен таныстыру 2. мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру. 3. Үлкенді сыйлауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Құрал-жабдықтар: Шыңыс Айтматовтың портреті, сөзжұмбақ, суреттер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй жұмысын тексеру
ІІІ. Жұмбақты шеш:Таусыла ма, қараңдар, Табиғаттың қызығы? Суық жақтағы жануар-Бұтақ-бұтақ мүйізі .2.Бұғы туралы аңызды түсініп оқы. Аңызды жазған Шыңыс Айтматов 3.Аңыз дегеніміз не еді? Есіңе түсіріп айтып көр.
ІҮ.Сергіту сәті:Сұрақ жауап беру. 1.Енесай өзені қайда орналасқан? Ол неге солай аталған екен? 2.Қырғыз халқы неліктен қырылып қалды? 3.Бала мен қыз қалайша тірі қалды?4.Мәтіннен халық бұйрығын тауып оқы.
Үйге: оқу,әңгімелеу
Қорытынды:Бүгін сабақта не істедік?
№ 134. Тақырыбы: Бұғы ана туралы аңыз.
Мақсаты: Бұғы ана туралы аңызды оқи отырып, бұғы ананың балаларды құтқаруы жайлы түсінік беру. Тілін, сөздік қорларын дамыту.Қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, іздену, өзіндік
Көрнекілігі: арнайы суреттер
Түрі: аралас
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік
ІІ. Мақсат қою кезеңі:Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс: а/ Бұғы ана туралы аңызды оқып, түсіндіру. Мазмұнын ашу. ә/ Сөздік жұмыс жүргізу Оймақтай – кішкентай. Құрдым – терең, тұңғиық, Қолқа – тілек, өтініш. б/ тақырыпты оқу,іштей оқу,тізбектей оқу
ІҮ. Түсінгендерін тексеру:Сұрақтарға жауап алу.Қырғыздар қандай өзеннің жағасын жайлапты? Енисей бойындағы қырғыздар неліктен қырылып қалды? Бір ұл мен қыз қалай аман қалады? Тапсырмаларды орындау. Дәптермен жұмыс. Мәтіннен су аттарын тауып жазу.Бұғы анаға мінездеме беру.
Ү. Бекіту.Бүгін не өттік?Қайырымды, мейірімді болуға тәрбиелеу.
ҮІ. Үйге тапсырма:1. оқу, мазмұны2. бағалау.
№ 135. Тақырыбы: Бұғы ана туралы аңыз.
Мақсаты: Бұғы ана туралы аңызды оқи отырып, бұғы ананың балаларды құтқаруы жайлы түсінгендерін тексеру. Тілін, сөздік қорларын дамыту. Қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, іздену, өзіндік
Көрнекілігі: арнайы суреттер Түрі: қайталау
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік
ІІ. Мақсат қою кезеңі.Тақырыбын, мақсатын хабарлау
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Бұғы ана туралы аңыз Тізбектей оқыту.
ІІІ. Білімдерін тексеру:қырғыздар қандай өзеннің жағасын жайлапты? Енисей бойындағы қырғыздар неліктен қырылып қалды? Бір ұл мен қыз қалай аман қалады? Балалар неге жауға жақын барды? Жаулар неге шулап қоя берді? Хан не деп бұйырды? Ақсақ кемпірдің ойы не болды? Ол Енисей өзеніне не дер тіл қатты? Балаларды не аман алып қалды? Бұғы анаға балалар не үшін керек болды Балалар неге қуанды? Мына сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрастыру. / жау шапты, қаралы күн, өқұзар жартас, кең-байтақ жер, киелі, кемеңгер әйел, мұң, қайғы, таң атпай/. Сабақты қорыту.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:1. оқу, мазмұны 2. бағалау.
№136. Сабақтың тақырыбы: Досыма хат
Мақсаты: 1. Оқушыларға жазғы демалыс туралы түсінік беру 2. Оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру. 3. Эстетикалық тәрбие беру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекіліктері: суреттер, сызба
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
ІІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру:Міне, жазғы демалыс жақындап келеді. Қайда, қалай демалатынынды жоспарладың ба?
ІҮ. Сурет бойынша жұмыс:А) Мәтінді түсініп оқы Ә) Сергіту сәті
Ү. Жан-жақты білімдерін тексеру:Хатты кім жазған? Назар бұл хатты кімге жазған ?Назар жазғы демалысын қайда, қалай өткізбекші? Мәтіннен жаз айының көрінісін білдіретін сөздерді теріп жаз. .... шалғын Желкілдеген ..... ..... жайылған . Осы сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құра. Назардың хаты неше бөліктен тұрады?Әр бөлікті тауып оқы.
ҮІ. Үйге тапсырма беру кезеңі:259-260 бет оқу, мазмұнын айту
ҮІІ. Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |