«Ана тілім –ардағым» атты мәнерлеп оқу сайысы Мақсаты



бет1/3
Дата23.10.2023
өлшемі22,89 Kb.
#187553
  1   2   3
Байланысты:
мәнерлеп оқу ана тлі


«Ана тілім –ардағым» атты мәнерлеп оқу сайысы
Мақсаты:Оқушыларға Мемлекеттік тілдің өркендеп оянуына,мемлекеттік тілімізді суйюге,мемлекеттік тілді аяққа баспай,мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру.Оқушылардың ой-өрісін,дүниетанымын кеңейту,жұрт алдында еркін ауыз екі сойлеуге баулу.
Барысы:
Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Қымбат маған ана тілім, бал тілім,


Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім ардақ тұтар алтыным.
-деп ақын ағаларымыз жырлағандай бүгінгі «Ана тілім –ардағым» атты өлеңді мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер.
Өз елімізде тұратын әр адам өз Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу- қасиетті борышы екенін сезіну керек.Осындай мақсатпен мектебімізде Бастауыш сыныптар арасында осы сайыс ұйымдастырылып отыр.

  1. Әнұран орындалады.

Қазақ тіліміз – ана тіліміз. Ана тіліміз мемлекеттік тіл болып үлкен мәртебеге ие болды. Ол біздің қазақ халқы үшін зор қуаныш.
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда -ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен сәттерімнен
Құлағыма сіңірген таныс үнім. – деп ана тіліне деген сүйіспеншілігін, құрметін, махаббатын өлең жолдары арқылы жеткізе білемін, сезіндіре аламын деген қатысушыларымызды ортаға шақырайық.
- Сайысымызды бастамас бұрын бүгінгі сайыста әді қазы мүшелерімен 
таныс болыңыздар (қазылар алқасымен таныстыру). 
Олай болса бастаймыз:
Қазақ тілі»Авторы: С. Торайғыров
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутімнен
Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Сол тілмен шешем мені әлдилеген,


Еркелеткен, «құлыным», «жаным» деген
Сол тілменен бірінші білгізілген:
«Ана» деген сүйгендік сөз әм менен

Қылжықтап, алып қашып құрбы бөркін


Сол тілменен ойнадым далада еркін
Сол тілменен бірінші сыртқа шығып
Өмірде ен далада ұққан көркім.
Ана тілім ырысты ма, кұнды ма? 
Деп сұрамас, тегін білген сұңғыла. 
Туған тілде ас қайырған сайын да, 
Оқығандай серпіліп қал бір дұға. 

Шұлғытар орыс тілді Олжастарды


Жарқырат қазақ тілі алмастарын. 
Халқына олжа салған айта алады, 
Кім қосты сандығыңа мен қосқанды?! 

Жұпарлы қырда алуан гүлдер таптым, 


Өміршең өзіміздің тілден таптым. 
Тіл екен жемістісі, жұпарлысы, 
Аялап халық баққан гүл мен бақтың.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет