Вермикомпосттау процесінде арамшөптердің тұқымдары қызыл калифорниялық құрттың денесі арқылы өтіп, өнгіштігін жоғалтады. Соныменқатар, вермикомпостта көң мен салыстырғанда E. Coli және басқа патогендік микробтардың мөлшері азаяды.
Барлық органикалық тыңайтқыштар сияқты, вермикомпост топырақтың құрылымын және оның су-физикалық қасиеттерін жақсартады. Вермикомпостпен бірге топыраққа оның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті құрттар мен микроорганизмдер, сондай-ақ олардың қалдықтары енгізіледі.
Жем Экструзиясы: шикі тамақ қалдықтарын құрғақ түйіршікті Жемге айналдыру технологиясы бірнеше негізгі қадамдар мен процестерді қамтиды. Бұл қадамдар бастапқыда ылғалды және құрылымсыз қалдықтардың тұрақты, қоректік және оңай сақталатын өнімге айналуын қамтамасыз етеді.
Қазақстандағы тамақ қалдықтарын кәдеге жарату технологияларынан өңделетін пайызы
Полигондарда көму –90%
Тұрмыстық жағдайда кәдеге жарату – 8%
Вермикомпосттау – 2%
Жоғары ақуызды мал азығын өндіру үшін тамақ өнеркәсібінің қалдықтарын пайдалану тұрақты дамудың перспективалы бағытын білдіреді. Бұл қалдықтарды азайтуға және ресурстарды үнемдеуге ғана емес, сонымен қатар экологиялық таза және үнемді мал шаруашылығы жүйесін құруға мүмкіндік береді. Алайда, осы әлеуетті іске асыру үшін бірқатар техникалық, экологиялық және реттеуші сын-қатерлерді еңсеру қажет.
Тағам қалдықтарының құрамы көптеген минералды заттар мен витаминдерден, ақуыз, майлар көмірсулардан құралады.
Мысалы нысан ретінде алынған тауық қанаттарының құрамдары – құнды ақуыз бен майлардан, минералды заттардан құралады.
Біз ұсынатын технологиялар
Тағам қалдықтарыналдын ала су буымен аз уақыттық стерилизациялаудан соң біртектес масса түрін дайындап, тұрақтандырғыштар қосу арқылы сұйық консервациялау (ұсақ жануарлар үшін)
Тамақ қалдықтарын толық кептіріп, экструзиялау арқылы құрғақ тағамдарды жасау (ірі жануарлар үшін)
Сұйық консервациялау
Ұсақ жануарларға арналған тұрақтандырғыштар қосылған тамақ қалдықтарын сұйық сақтау-бұл бірнеше негізгі қадамдарды қамтитын процесс:
Достарыңызбен бөлісу: |