Қанали Аружан Талғатқызы



бет1/4
Дата09.05.2024
өлшемі34,98 Kb.
#201895
  1   2   3   4
Байланысты:
қалдық өңдеу


USE OF FOOD İNDUSTRY RESİDUES FOR THE PURPOSE OF CREATİNG TECHNOLOGİES OF HİGH-PROTEİN FOODS FOR ANİMALS
Қанали Аружан Талғатқызы
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ - түрік университеті Биотехнология мамандығының 3 курс студенті
kanali.arujan@icloud.com
Аймбетова Индира Оразгалиевна
Техн.ғ.к., қауымдастырылған профессор
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ – түрік университеті Биология кафедрасының оқытушысы
science@ayu.edu.kz
WoS Researcher ID - V- 2979-2019;
ORCID 0000 – 0002 – 9060 - 0813
ScopusAuthor ID – 56543509900\

Аңдатпа:
Бұл баяндамада тамақ өнеркәсібі қалдықтарын ұтымды пайдалану жөнінде деректер жиналып, зерттелді. Яғни қалдық түрлерін анықтау, оларды полигондарға көмудің жарамсыз қалдықтар етудің алдын алу, вермикомпостау процесін ілгері дамыту сынды мәселелер шешімі анықталды. Зерттеуімізде бірнеше статистикалық нысаналар қолданылды. Оның бірі 2020 жылғы “Өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бойынша жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы” тұжырымдамасынан алынды. Статистикалық талдау нәтижелері бойынша, елімізде қазіргі таңда 30 млрд тонна қалдық жатыр. Оның 6,7 миллиарды - улы, 5 миллиарды - тау - кен өндірісінің үйінділері. Олардың қатары Ақтөбедегі хром, Павлодарда титан, ферум, т.б қалдықтармен сонау кеңес кезінен бері жыл сайын толығып, толысып келе жатыр. Бұл қалдықтардың құрамы одан әрі тағам өнімдерімен де толығуда. 100% өнімнің шамамен 40 - 45 % - ы дайын қалдықтар болып төгілуде. Қалдықтарды қайта өңдеу, оларды кәдеге жаратуда Қазақстан бойынша Алматы қаласында ғана жүзеге асыруда. Біз зерттеген нысандарды жетілдіру арқылы, биотехнологияныі қарқынды дамуына өз үлесімізді қоса аламыз.
Кілт сөздер: вермикомпостау, жем экструзиясы, сұйық консервациялау, экструзиялау, ферментация, өңдеу.
Қазіргі заманғы тамақ өнеркәсібі көбінесе қажетсіз деп саналатын жанама өнімдер мен қалдықтардың өте көп мөлшерін шығарады. Алайда, тұрақты даму және айналмалы экономика жағдайында бұл қалдықтар құнды ресурс болып табылады. Бұл әсіресе тұрақты мал шаруашылығында шешуші рөл атқаруы мүмкін жоғары ақуызды мал азығын дамытуға қатысты.
Азық-түлік қалдықтарына дақылдардың пайдаланылмаған бөліктері, ет, балық және сүт өңдеудің жанама өнімдері, сондай-ақ шарап жасау және сыра қайнату целлюлозасы сияқты сусындар өндірісінің қалдықтары жатады. Бұл қалдықтардың көпшілігі ақуыздарға, дәрумендерге және минералдарға бай, бұлоларды мал азығында қолдануға өте ыңғайлы етеді.
Мысалы қуырылған тауық қанаттарын қазіргі таңда көпшілік жақсы көреді, 1 кг қанат қуырғанда – 100-150 гр қалдық шығарылады, қанат ұштары, терілері, артық майлары
Статистика бойынша нан өнімдерінің қалдықтары – өндірілген көрсеткіштен 20 % қайта қалдық ретінде шығарылады.
Яғни кез келген қалдықтардың 40 пайызы органикалық қалдықтар болып есептелінеді.
Тамақ қалдықтарын қайта өңдеу технологиялары келесі кезеңдерден тұрады - ашыту, гидролиз, вермикомпосттау және жем экструзиясы.
Ферментация: тамақ қалдықтарын ақуызы жоғары Жемге айналдыру үшін микроорганизмдерді қолдану. Бұл тағамдық құндылықты арттырып қана қоймайды, сонымен қатар тағамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Азық-түлік қалдықтарын ашыту-тамаққалдықтарын мал азығы, биогаз, тыңайтқыш және басқа да пайдалы заттар сияқты құнды өнімдерге айналдырудың тиімді әдісі.
Азық-түлік қалдықтарының гидролизі азық-түлік қалдықтарын мал азығы, биоотын немесе басқа пайдалы заттар сияқты құнды өнімдерге айналдырудың маңызды процесі болып табылады. Бұл процесс күрделі органикалық қосылыстарды су арқылы қарапайым қосылыстарға бөлуді қамтиды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет