Аналитические группы анионов ► катионов


Қышқылдық ортада қыздырған кезде калий перманганаты КМnО4



бет15/62
Дата15.02.2022
өлшемі447,46 Kb.
#131852
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   62
Байланысты:
13. Аниондар анализі

3. Қышқылдық ортада қыздырған кезде калий перманганаты КМnО4 оксалат-иондарын қышқыл ортада көміртегі диоксиді СО2 газына дейін тотықтырады. Ерітінді түссізденеді, яғни МnО2- анионы Мn2+ катионына дейін тотықсызданады:
5C2O42- + 2МnО4- + 16Н+ → 10СО2 + 2Мn2+ + 8Н2О
Тәжірибе:
Сынауыққа 5-10 тамшы (NH4)2C2О4 ерітіндісін алып, оның үстіне 2н күкірт қышқылының ерітіндісінен 5 тамшы қосып қыздырады (70-80°С). Үстіне KMnО4 ерітіндісін қосады. Ерітінді түссізденеді, нәтижесінде Мn2+ иондары түзіледі.
4. Күміс нитратымен AgNO3 реакциясы. Оксалат – иондары күміс катионымен Ag+ әрекеттесіп ақ түсті күміс оксалаты тұнбасын түзеді:
2Ag+ + C2O42- → AgC4O4
Күміс оксалатының тұнбасы азот қышқылында, концентрлі аммиак ерітіндісінде ериді. HCl ерітіндісімен күміс оксалатына әсер еткенде күміс хлориді түзіледі:
Ag2C2O4 + 2HCl → 2AgCl + H2C2O4
Тәжірибе:
3 сынауыққа 2-3 тамшы аммоний оксалаты (NH4)2C2O4 мен 2-3 тамшы AgNO3 ерітіндісін қосқанда күміс оксалатының ақ тұнбасы түседі. Тұнбаның ерігіштігін анықтау керек.
Бірінші сынауыққа HNO3 ерітіндісін тұнба ерігенше тамшылатып қосады.
Екінші сынауыққа концентрлі аммиак ерітіндісін ерігенше тамшылатып қосады.
Үшінші сынауыққа 4-5 тамшы су құяды. Бастапқы екі сынауықтағы тұнба еріп кетеді, ал үшінші сынауықтағы күміс хлоридінің ақ тұнбасы ерімейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет