3. Кремний фторидінің пайда болуы. Платина немесе қорғасын тигелінде зерттелінетін құрғақ сынамадан бірдей мөлшерде кремнийдің екі оксидін және концентрлі күкірт қышқылын құйып H2SО4 қыздырғанда фторидтердің қатысында төрт фторлы кремнийдің бөлінуін байқауға болады.
Оксалат-анионына С2О42- тән сапалық реакциялар
Оксалат-ион C2O42- екі негізді H2C2O4 қышқылының анионы, орташа күшті қышқылдық (pK1 = 1,25; pK2 = 4,27), суда жақсы ериді. Оксалат-ионы суда түссіз, сатылап гидролизденеді, күшті тотықсыздандырғыш, лиганда ретінде металл катиондарының тұрақты оксалатты комплекстерін түзеді.
Сілтілік металдардың оксалаттары, магний және аммоний оксалаттары суда жақсы ериді. Басқа катиондардың оксалаттары суда аз ериді.
Достарыңызбен бөлісу: |