РО42- - фосфат ионын aнықтаy
Аммоний молибдатының (NH4)2MoО4 7-8 тамшысын сынауыққа құйып, оған 6-7 тамшы 6н азот қышқылының ерітіндісін қосады, қоспаға 5-6 тамшы анықтайтын ерітіндіні қосып, қыздырады. Егер, фосфат-ионы РО43- бар болса аммоний молибдафосфатының сары түсті тұнбасы түзіледі.
2.11 Екінші аналитикалық топ аниондарына сапалық реакциялар және қоспаларының анализі
Аниондардың екінші аналитикалық тобына хлорид (Сl-), бромид (Вr-), йодид (J-), сульфид (S2-), бромат (BrO3-), цианид (CN-), тиоцианат (SCN-) - иондары жатады. Бұл иондар Ag+ катионымен еритін тұздар түзеді, олар суда және сұйытылған азот қышқылында ерімейді:
Топтық реагенті азот қышқылы HNО3 қатысында күміс нитраты AgNО3. ВаС12 екінші топ аниондарын тұнбаға түсіре алмайды.
Екінші аналитикалық топтың барлық аниондары сулы ерітіндіде түссіз, олардың бариймен тұздары суда ериді.
Сульфид-ион S2- күшті тотықсыздандырғыш, хлорид-ион С1-, бромид-ион Вг-, йодид-ион J-, цианид-ион CN-, тиоцианат-ион (роданид-ион) SCN- - тотықсыздандырғыш қасиетке ие (мысалы, олар калий пермaнганаты ерітіндісін түссіздендіреді). Бромат-ион ВrO4- қышқылдық ортада тотықтырғыш болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |