Аналитические группы анионов ► катионов


Вr- - ионына тән сапалық реакциялар



бет24/62
Дата15.02.2022
өлшемі447,46 Kb.
#131852
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62
Байланысты:
13. Аниондар анализі

Вr- - ионына тән сапалық реакциялар

Бромид-ион Br- - бірнегізді бром-сутек қышқылының анионы. Сулы ерітіндіде бромид-ион түссіз, гидролизденбейді, тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді, металл катиондарымен тұрақты бромид комплекстерін түзуші лиганда. Аммоний және басқа да көптеген металдардың бромидтері суда жақсы ериді. Мыс(І) CuBr, күміс(I) AgBr, алтын(I) AuBr және алтын(ІІІ) AuBr3, таллий(I) TlBr, сынап(I) Hg2Br2, қоғасын(ІІ) PbBr2 бромидтері суда нашар ериді.




1. Күміс нитраты AgNО3 бромид-ионымен Вr- сарғыш күміс бромиді AgBr тұнбасын түзеді:
Br- + Ag- → AgBr
Күміс бромиді тұнбасы суда, азот қышқылында және аммоний карбонатында ерімейді. Концентрлі аммиак ерітіндісінде шамалы ериді (күміс хлоридінен де нашар ериді). Натрий тиосульфатында күміс тиосульфатты комплексті қосылысын түзіп ериді:
AgBr + 2S2O32- → [Ag(S2O3)2]3+ + Br-
Тәжірибе:
Сынауыққа 3-4 тамшы NaBr немесе KBr ерітіндісін құйып, оның үстіне 4-5 тамшы күміс нитратының AgNO3 ерітіндісін қосады. Ашық сары күміс бромиді AgBr тұнбасы түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет