Аналитические группы анионов ► катионов


Барий хлоридімен реакциясы



бет20/62
Дата15.02.2022
өлшемі447,46 Kb.
#131852
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   62
Байланысты:
13. Аниондар анализі

1. Барий хлоридімен реакциясы. Арсенит-иондары аммиакты ортада барий катионымен әрекеттесіп ақ түсті барий арсениті Ba3(AsO3)2 тұнбасын түзеді:
2AsO33- + 3Ba2+ → Ba3(AsO3)2
Тәжірибе:
Сынауыққа 2-3 тамшы натрий арсенитін Na3AsO3, 2 тамшы аммиак ерітіндісін және тамшылатып BaCl2 ерітіндісін ақ барий арсенитінің тұнбасы түзілгенше қосады.
2. Сульфид-иондарымен реакциясы. Арсенит-иондар сульфид ерітінділерімен (натриийдің, аммонийдің) әрекеттесіп күшті қышқылдық ортада мышьяк сульфидінің (ІІІ) As2S3 сары түсті тұнбасын түзеді:
2H3AsO3 + 3H2S → As2S3 + 6H2O
Бейтарап немесе сілтілік ерітінділерден тұнба түзілмейді.
As2S3 тұнбасы HCl-да ерімейді, бірақ сілті ерітінділерінде, аммиакта, аммоний карбонатында ериді, мысалы:


As2S3 + 6NaOH → Na3 AsS3 + Na3AsO3 + 3H2O
As2S3 + 6NH3∙H2O → (NH4)3AsS 3 + (NH4)3 AsO3 + 3H2O
As2S3 + 6(NH4)2CO3 + 3H2O → (NH4)3AsS3 + (NH4)3AsO3 + 6NH4HCO3
As2S3 + 3(NH4)2S → 2(NH4)3AsS3
Тәжірибе:
Сынауыққа 3-4 тамшы натрий арсенитінің ерітіндісін Na3AsO3 құяды оған 4-5 тамшы HCl ерітіндісін және тамшылатып натрий сульфидін Na2S немесе күкіртсутегін қосады. Мышьяк (ІІІ) сульфидінің сары түсті тұнбасы түзіледі.
3. Күміс нитратымен реакциясы. Арсениттер күміс нитратымен аморфты күміс арсенитінің Ag3AsO3 сары түсті тұнбасын түзеді:


AsO33- + 3Ag+ → Ag3AsO3
Тұнба HNO3-те және аммиакта ериді:


Ag3AsO3 + 3HNO3 3AgNO3 + H3AsO3
Ag3AsO3 + 6NH3 → 3[Ag(NH3)2]+ + AsO33-
Тәжірибе:
3-5 тамшы натрий арсенитінің Na3AsO3 ерітіндісіне тамшылатып AgNO3 қосқанда сары тұнба түзіледі.
4. Йодпен реакциясы. Арсениттер йодпен бейтарап немесе әлсіз сілтілік ортада арсенатқа дейін тотығады, йод ерітіндісі түссізденеді:


AsO33- + J2 + H2O ⇄ AsO43- + 2J- + 2H+
Реакция қайтымды. Тепе-теңдік оңға ығысуы үшін натрий гидро-карбонатын NaHCO3 қосады (сутегі ионын әлсіз көмір қышқылына айналдырады). Хлор және бром суымен де реакциялары осылай жүреді.
Тәжірибе:
Сынауыққы 3-5 тамшы Na3AsO3 ерітіндісін, аздап қатты натрий гидрокарбонатын NaHCO3 және түссізденгенше тамшылатып йод ерітіндісін қосады.
5. Мыс (ІІ) тұздарымен реакциясы. Арсениттер мыс тұздарымен әрекет-тесіп әлсіз сілтілік ортада сары-жасыл мыс арсениті Cu3(AsO3)2 тұнбасы түзі-леді:
2AsO33- + 3Cu2+ → Cu3(AsO3)2
Сілті әсерінен тұнба ериді де ерітінді көк түске боялады:
Cu3(AsO3)2 + 12NaOH → 3Na2CuO2 + 2Na3AsO3 + 6H2O
Қайнатқанда мыс мышьяк(III)-ті мышьяк(V)-ке дейін тотықтырады, мыс(І) оксидінің қызыл түсті тұнбасы түзіледі:
2Na2CuO2 + Na3AsO3 + 2H2O → Cu2O + Na3AsO4 + 4NaOH
Бұл реакцияны мышьяк(III)-ті мышьяк(V)-тен бөліп алу үшін қолданады.
Тәжірибе:
Сынауыққа 3-4 тамшы сұйытылған мыс сульфаты(II) CuSO4 ерітіндісін, 1-2 тамшы 2 моль/л NaOH және 2 тамшы арсенит ерітідісін Na3AsO3 немесе натрий гидроарсенитін Na2HAsO3 қосады.


Бірінші аналитикалық топ аниондары қоспасының анализі


Анализ әдістері:
Алдымен ВаСl2 барий хлориді әсерімен 1-топша аниондарын анықтайды. 3-5 тамшы бейтарап және әлсіз сілтілік ортадағы зерттелетін ерітіндіге 5-7 тамшы 0,5н барий хлориді ерітіндісін тамызады, егер тұнба түзілсе, онда 1-топ аниондарының бар болғаны.
SO42- - сульфат ионын aнықтаy
Анықтайтын ерітіндінің 4-5 тамшысына 6-8 тамшы 2н азот қышқылының ерітіндісін және 3-4 тамшы 2н барий хлоридінің ерітіндісін тамызады, тұнба түзілсе сульфат-ионының бар болғаны.
32- - сульфит ионын aнықтаy
Газдарды анықтауға арналған сынауыққа анықтайтын ерітіндіден 4-5 там-шы тамызады, оған 2-3 тамшы тұз қышқылын қосады. Нихром сымын йод ерітіндісіне батырып алып, оны крахмалмен көгертіп сынауыққа орналасты-рады, егер сульфид-ионы 32- бар болса көк тамшы түссізденеді.
СО32- - карбонат ионын aнықтаy
Егер, анықтайтын ерітіндіде сульфит-ионы 32- бар болса, онда оны суль-фат-ионына дейін 42- тотықтыру керек, ол үшін 4-5 тамшы сутегінің асқын тотығын (8-10%) тамызып, өте мұқият асықпай су банясында қыздырады. Осыдан кейін карбонат-ионын анықтауға болады, ол үшін 2н тұз қышқы-лының 6-8 тамшысын қосып, бөлінген СО2 газы әк суын бұлыңғырландырса лайласа буландырса, онда СО32- - карбонат ионының бар болғаны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет