S2--сульфид ионына тән сапалық реакциялар .
Cульфид-ионы S2– өте әлсіз екі негізді күкіртсутек қышқылының H2S (pK = 6,99, pK2= 12,60) түссіз анионы. Сулы ерітінділерде жақсы гидролизденеді, комплекс түзбейді. Аммонийдің орта сульфидтері, сілтілік және сілтілік-жер металдарының сульфидтері суда жақсы ериді. Басқа сульфидтер суда аз ериді.
1. Күміс нитраты AgNО3 S2–-анионымен бірігіп Ag2S күміс сульфидінің аммиак ерітіндісінде ерімейтін, ал қыздыру кезінде сұйытылған азот қыш-қылында еритін қара түсті тұнбасын түзеді:
2AgNО3 + Na2S → Ag2S↓+ 2NaNО3 2Ag+ + S2-→Ag2S↓ Тәжірибе: Сынауыққа 2-3 тамшы натрий сульфидінің Na2S ерітіндісін немесе аммоний сульфидін және қара күміс сульфиді түзілуі тоқтағанша AgNO3ерітіндісін тамшылытып құяды.