Гексацианоферрататтың(II) қасиеттері. K4[Fe(CN)6]-ның ерітіндісі бей-тарап реакцияны көрсетеді. Сілтілік және сілтілік жер металдардың гекса-цианоферраттары(II) суда ериді. Басқа тұздары суда да, минералды қыш-қылдарда да ерімейді. Гексацианоферраттар(II) және К4[Fe(CN)6] құрамында темір(II) болғандықтан, олар гексацианоферраттарға(III) немесе К3[Fe(CN)6] тотығады:
2K4[Fe(CN)6] + Br2→ 2K3[Fe(CN)6] + 2KBr
1. Берлин көгінің пайда болуы.[Fe(CN)6]4- -ионы Fе3+-пен қою көк берлин көгінің тұнбасын береді, темірдің гексацианоферраты(II) түзіледі [Fe(CN)6]3. Реакцияны әлсіз қышқылды ортада жүргізген тиімді.
Тәжірибе. Сынауыққа 2 тамшы Fe2(SО4)3ерітіндісін тамызып, оған 3-4 тамшы дистилденген су, 1-2 тамшы тұз қышқылын және 2 тамшы калий гексациано-ферратын(II) қосады. Көк тұнба түзіледі немесе көк түске боялады. Реак-цияны тамшылату әдісімен сүзгі қағазында немесе заттық шыныда жүргізуге болады. Fе2+катионы және басқа катиондар Fe3+ катионының ашылуына кері әсерін тигізбейді.
Тәжірибе жүргізу шарты: 1) реакцияны рН < 3 жүргізеді;
2) артық сілтілер берлин лазурінің көк тұнбасын ыдыратады;
3) К4[Fe(CN)6]көп мөлшерде алудың қажеті жоқ, себебі ол берлин лазу-рінің ерігіш тұзын түзуге бейім.