Нитрат-ион NO3– бір негізді азот қышқылының HNO3 анионы. Нитрат ионының сулы ерітіндісі түссіз болып келеді, гидролизге түспейді, тотықтырғыш қасиеті басым. Металдардың нитраттары суда жақсы ериді.
Кейбір аналитикалық реакциялар нитрат- және нитрит-иондарына ортақ болып табылады. Нитраттар нитрит иондарына қарағанда калий перманганатының қышқыл қатысындағы ерітіндісін түссіздендірмейді.
1. Дифениламин (C6Н5)2NH NO3–-нитрат-ионымен қанық-көк түске боялады. Нитрит-ионы да дифениламинмен осындай реакция береді. Сондықтан нитраттарды нитрит-ионы қатысында дифениламинмен анықтауға болмайды.
Тәжірибе: Таза және құрғақ әйнекке 4-5 тамшы дифениламиннің концентрлі күкірт қышқылындағы ерітіндісін тамызыңыз. Үстіне шыны таяқшамен зерттелі-нетін ерітіндінің бір тамшысын қосыңдар да, араластырыңдар. Анион NО3– қатысында дифениламиннің тотығуы әсерінен ерітіндіде қарқынды түрде көк түс пайда болады.
NО2– анионы да дифениламин ерітіндісінің тотығуы нәтижесінде ерітіндінің түсі қанық көк түске дейін өзгереді.
Тәжірибе жүргізу шарттары: 1) тотықтырғыштар және йодид-ионы J–күкірт қышқылымен бос J2йодқа дейін тотығады, реакция жүруіне кедергі келтіреді;
2) нитрат ионының NO3– ашылуына анион-тотықсыздандырғыштар SО32–S2– және т.б. кедергі етеді;
3) реакция жасау үшін зерттелінетін ерітіндіні сұйылту тиімді.