4. Металдық алюминий немесе мырыш күшті негіздік ортада нитраттарды аммиакқа дейін тотықсыздандырады:
3NО3- + 8Al + 5ОH- +5Н2О → 3NH3↑ + 8АlО2- 3NО3- + 8Al + 5OH- + 18H2O → 3NH3 + 8[Al(OH)4]+
Тәжірибе: Сынауыққа 4 тамшы калий (натрий) нитратының ерітіндісін құйып, 6 тамшы 6н натрий гидроксидінің ерітіндісін қосады. Ерітіндіге бір түйір алюминий салып сынауықтың аузын дымқыл лакмус қағазымен жабады. Қағаздың көгеруін бақылайды немесе иісінен біледі.
Тәжірибе шарттары: 1) тотықсыздандыруды орташа сілтілік ортада жүргізу керек, бұл жағдайда реакция өте тез қарқынды жүрмейді;
2) сынауықты мақтамен жауып (тампон) қою керек. Бөлініп жатқан газбен бірге сілтінің тамшылары қоса шашырамас үшін;
3) NO3– анионның ашылуына NH4+ ионы кедергі келтіреді, оны алдымен сілті қосу арқылы қыздырып алып тастау керек;
4) NO2– анионы NО3– ионын ашуға кедергі жасайды.