2. Металдық мыс концентрлі күкірт қышқылында нитрат ионын азот оксидіне дейін тотықсыздандырады:
2NО3– + 8Н++ 3Cu → 3Cu2+ + 4H2О + 2NO 2NO + О2(aya) → 2NO2 Тәжірибе: 2-3 тамшы нитрат ерітіндісіне бірнеше тамшы концентрлі күкірт қышқы-лын қосып, бір түйір металдық мыс салып қыздыру керек. Нәтижесінде азот оксиді (ақ экран) бөлінеді.
Тәжірибе жүргізу шарттары: 1) мыс жаңқалары тәжірибеге тазартылынып алынуы тиіс.
2) нитрит иондары қоспада болса, оларды алдын ала хлорид (NH4C1) қосып қыздыру арқылы жою керек. Нитрит иондары реакция жүруіне кедергі келтіреді.
3. Темір сульфаты(II) NО3–ионымен бірігіп күкірт қышқылының ерітін-дісімен қоңыр түсті комплексті тұз [Fe(NO)]SО4 түзеді.
Тәжірибе: Әйнек үстіне бір тамшы нитрат ерітіндісін тамызып, кішкене темір суль-фатының FeSО4кристалын үстіне орналастырып, бір тамшы концентрлі кү-кірт қышқылын тамызады. Кристалды қоршай комплексті қосылыстың [Fе(NO)]SО4түзілуі нәтижесінде қоңыр түсті сақина пайда болады:
6FeSО4 + 2NaNО3 + 4H2SО4 → 3Fe2(SО4)3+Na2SО4 + 4H2О + 2NO 2NO3- + 2FeSО4 → 2[Fe(NO)] SО4 Тәжірибе жүргізу шарттары: 1) J–, Вr– аниондары кедергі келтіреді, олар ұқсас түсті сақиналар түзеді.